Жоспар: Инклюзивті білім берудің модельдері


Сөйлеу қабілетінің бұзылу себептері



бет19/20
Дата06.02.2023
өлшемі197,61 Kb.
#65673
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
лекция инклюзивт б.б. (1)

Сөйлеу қабілетінің бұзылу себептері
1. Биологиялық: негізінен құрсақішілік дамуы және босану кезінде (ұрықтың гипоксиясы, босану кезіндегі зақымдар және т.б.), сондай-ақ туылғаннан кейінгі алғашқы айларда (ми инфекциялары, жарақаттар және т.б.) әсер ететін патогендік факторлар.
2. Әлеуметтік-психологиялық факторлар: қоршаған ортаның жағымсыз әсерлері – педагогикалық салақтық, баланың сөйлеу қабілетінің дамуының шектен тыс стимуляциясы, айналасындағы адамдардың сөйлеу қабілетінің бұзылуы және т.б.
3. Сөйлеу қабілеті бұзылыстарының жіктелуі
Қазіргі уақытта сөйлеу қабілеті екі түрге жіктеледі:
1. Клиникалық-педагогикалық
2. Психологиялық-педагогикалық
Жіктемелер арасында қарама-қайшылықтар жоқ, олар бір-бірін толықтырғандай болады. Бұл жіктемелер балалардың сөйлеу қабілетінің бастапқы бұзылыстарына, яғни құлағының және ой өресінің мүкістіктері жоқ балаларға арналып жасалған. Клиникалық-педагогикалық жіктеу сөйлеу қабілеті бұзылыстарын барынша дифференциациялайтын белгілеріне негізделіп жасалған. Психологиялық – педагогикалық жіктеу сөйлеу қабілеті дефектісінің біліну ортақтығына негізделген.
Клиникалық-педагогикалық жіктемеде қарастырылатын барлық сөйлеу қабілеті бұзылыстарын екі топқа бөлуге болады:
Ауызша тілдің бұзылуы: а) сөйлеудің айту жағының фонациялық (сыртқы) безендірілуінің бұзылуы; б) айтылған сөзді құрылымдық-семантикалық (ішкі) безендіру.
Сөйлеу қабілетінің фонациялық бұзылуы белгілі-бір буынның зақымдануына қарай дифференциацияланады:
1. дауыстау
2. айтылатын сөзді екпіндік-ырғақтық ұйымдастыру
3. үн шығару
Бұзылыстардың дәстүрлі түрде бекітілген ұғымдар арқылы белгіленетін түрлері бар.
Дисфония (афония) – дауыс аппаратының патологиялық өзгеруі салдарынан фонацияның жоқтығы немесе бұзылуы.
Брадилалия – сөйлеудің патологиялық баяуланған екпіні. Ми қабығындағы сөйлеу орталықтарының бұзылуынан пайда болған баяуланған артикуляциясында білінеді.
Тахилалия – сөйлеудің патологиялық жылдамдатылған екпіні. Кейде баттаризм (ұру, соғу), парафазия сияқты дербес бұзылыстар пайда болуы мүмкін. Егер сөйлеген сөзінде негізсіз үзіліс, мүдіріс бар болса, ол полтерн ұғымымен белгіленеді.
Тұтығу – сөйлеу аппараты бұлшық еттерінің дірілдеуі себебінен сөйлеудің екпінді-ырғақты жағының бұзылуы.
Дислалия – есту түйсігі қалыпты және сөйлеу аппараты дұрыс иннервацияланған жағдайда дыбыстаудың бұзылуы. Синонимдері: тіл мүкістігі, дыбыстау мүкістіктері. Сөйлеген сөзді дыбыспен дұрыс безендірмеуден байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет