Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңындағы Иранның жағдайы. Иран мемлекетінің бейтараптық саясатты жақтағанына қарамастан, оның жері қарама-қарсы екі соғыс одағына кірген мемлекеттердің бақталас ошағына айналды. 1914 жылы түрік әскерлері Иран, Әзірбайжан аудандарына басып кіріп, Хой, Урмия, Тебриз қалала- рын иеленді. 1915 жылы орыс әскерлері қарсы шабуыл- ға шығып, түріктерді Әзірбайжаннан қуып шықты. 1915 жылғы Англия және Ресей құпия шартына сәйкес, 71 Иран екі ықпалды аймаққа бөлінді. 1917 жылдың басын- да Иран аумағын үш елдің басқыншылары бөлісіп, басып алды. Оңтүстігінде — ағылшындар, батысында — немістер, ал солтүстігінде орыс әскерлері орналасты. Соғыс жылдарында Иран экономикасы әбден құлды- рады. Халық арасында жұқпалы аурулар тарады, аштық жайлады. Ұлт-азаттық қозғалыстың дамуы. Шетел басқын- шыларына қарсы халықтың азаттық қозғалысы басталды. Солтүстік Ирандағы қозғалыстың басында демократтық саяси көзқарасты жақтайтын Көшек хан тұрды. Оның төңірегіне жиылған партизан жасақтарын жыңғылдық- тар (жыңғыл — орман) деп атады. Ирандағы неміс және түрік әскерлерімен күресеміз деген сылтаумен ағылшын әскері 1918 жылдың басын- да Иранның солтүстік-батыс аймақтарына басып кірді. 1919 жылы 9 тамызда Ағылшын-Иран шартына қол қойылып, Иран елі ағылшындардың “қамқорлығына” алынды. Әділетсіз шарт халықтың наразылығын туды- рып, ирандық Әзірбайжанда, Гилянда, Хорасанда азаттық күрестің ошақтары пайда болды. Осы кезде Ресейде жеңі- ліс тапқан ақ гвардияшыл әскерлерді өкшелей қуып кел- ген Қызыл Армия бөлімдері Иранның Энзел портына келіп жетеді. Бұларды Каспий теңізі флотилиясының бастығы Ф.Раскольников пен большевиктер партиясы Кавказ бю- росы орталық комитетінің төрағасы Серго Орджоникидзе бастап келген болатын. Көшек хан олардан қару-жарақ көмегін сұрайды. Иран елі социалистік революцияның Шығыстағы тірегі болады деп үміттенген Ресей өкілдері Көшек ханға көмек беруге келіседі. Ақ гвардияшыл топтар және ағылшын әскерлері қалдырып кеткен оқ-дәрі, барлық қару-жарақ қоры Көшек ханға беріледі. Көшек хан Кеңес үкіметі Ирандағы ұлт-азаттық күреске шын ниетімен көмектеседі деп сенді. Коммунистік Интернационалдың дүниежүзілік пролетарлық революция жеңеді деген үмітін барынша қолдаған Кеңес үкіметі Иранда социалистік революция- ның жаңа ошағын ұйымдастыруға асықты. Бұл үшін Кеңестік Әзірбайжан мен Түркістандағы мұсылмандық топтардан Иран коммунистік партиясы мен Иран Қызыл 72 Армия бөлімдері ұйымдастырылып, Каспий теңізі арқылы жедел Иранға жеткізілді. 1920 жылы 5 маусымда Гилян Республикасы жария- ланды. Оның төрағалық қызметіне Көшек хан шақы- рылды. 1921 жылы 4 тамызда Гилян Кеңес республикасы жа- рияланды. Бірақ бұл үкіметті жасанды Иран коммунистері мен жасанды Парсы Қызыл Армиясы қорғай алмады. Гилян аймағына шах әскері жақындағанда-ақ Кеңес үкіметінің басшылары бас сауғалап, Ресей жеріне қашып кетті. Шах әскері Гиляндағы революция ошағын басып, Иран жерінде жасанды Кеңес үкіметін құру әрекеті іске аспай қалды. Иранның 1921—1945 жылдардағы саяси-экономика лық даму жолдары. 1918—1922 жылдардағы азаттық қозғалысын басқаннан кейін, Иран помещиктері мен буржуазиялық топтары өз саяси үстемдігін нығайту үшін 1925 жылы Каджар шах әулетін биліктен тайдырып, саяси билікті жаңа шахқа алып берді. Полковник Реза хан Пехлеви деген есім алып, жаңа шах әулетінің билігін бастады. Реза шах үкіметі ел ішіндегі тәртіпті қатайтып, сыртқы саясатында гитлерлік Германиямен жақындасуды жөн көрді. Үлкен соғыстың қарсаңындағы Германияның Таяу Шығыстағы саясаты КСРО мен Англияға ұнамады. Экономикалық саясатта Реза шах үкіметі ел ішіндегі ұсақ және орта капиталистік кәсіпорындарға қамқорлық жасай отырып, мемлекеттік кәсіпорындардың дамуына да көмегін тигізді. Германия капиталының көмегімен бірнеше ірі кәсіпорын салынбақшы болды. Теміржолдар мен тасжол тораптарын салуға көңіл бөлінді. Ағылшын- Иран мұнай компаниясының арқасында мұнай өндіру кәсіпорындары шетел капиталының күшімен дамыды. Иран мен компания арасындағы жаңа концессиялық келісім негізінде, компания Иран қоймаларынан сатылған әрбір тонна жанармай үшін Иран үкіметіне пайда кірісін төлейтін болды. Соғыс жағдайында Ирандағы неміс агенттерінің құпия әрекеттері тым асқынып кетті. 1941 жылы 12 шілдеде Англия мен КСРО арасында “Германияға қарсы соғыста 73 бірігіп әрекет жасау” туралы шартқа қол қойылды. КСРО басшылары шах үкіметіне нота жолдап, екі-үш рет Иран жеріндегі неміс агенттерінің әрекетіне тыйым салын- сын деген ескерту жасады. Иран үкіметі бұған құлақ аса қоймады. 1941 жылы 25 тамызда Иранның солтүстік аудандары- на КСРО әскер бөлімдері, ал оңтүстік аймақтарына ағылшын тобы енгізілді. Бұл оқиға Иран тарихында “шах- ривар оқиғасы” (шахривар — жыл аты) деп анықталады. Сөйтіп, КСРО мен ағылшын әскерлері Иран аумағын басып алды. Реза шах патша тағынан бас тартып, саяси қызмет- тен кетуге мәжбүр болды. Иран тағына оның 22 жастағы ұлы Мұхаммед Реза Пехлеви отырды. 1943 жылы 9 қыркүйекте Иран Германияға соғыс жариялады. 1918—1945 жылдардағы Ауғанстан. Ауғанстан хал- қының азаттық күресі ағылшын империалистерінің дұшпандық әрекетіне қарамастан пісіп-жетілу үстінде болды. 1919 жылы 21 ақпанда үкімет басына “Жас ауғандықтар” ұйымының өкілі — жас әмір Аманулла хан келіп, Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялады. 27 ақпанда Кеңес үкіметі Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындады. 1921 жылы құлдықты жою туралы заң жарияланды. 1923 жылы Жаңа Конституция қабылданып, осы Ата заң негізінде буржуазиялық мазмұндағы жаңалықтар іске асырыла бастады. Заңға сәйкес — үй-жайға, жеке- меншікке, үй мүлкіне мемлекеттік кепілдік тәртібі енгізілді, азаматтардың заң алдындағы жалпыға бірдей теңдік құқығы жарияланды. Жерге жекеменшіктік құқық жарияланып, оны еркін түрде сатуға және сатып алуға ерік берілді, ескі салықтардың түрлері жойылып, ақшалай салық енгізілді, кәсіпорындарды салуға жеңілдік жария- ланды. Армияны жаңарту жұмыстары да қолға алынды. Ескі тайпалық жасақтар таратылып, тұрақты армия бөлімдері құрылды. Армияға тиісті шығындар мемлекеттің мойнына жүктелді. Әйелдердің паранжыларын шешуі, қалың мал беру салтын, ескі атақтар мен шендерді жою, хандар мен бектердің билігін шектеу заңдары да жарияланды. 1929 жылы қазанда Нәдір ханды (1929—1973 жж.) Ауғанстанның патшасы деп жариялады. Нәдір әулеті орталық үкімет үстемдігін тұрақтандыруға тырысты. 74 Нәдір әулеті КСРО мен Ауғанстан арасындағы достық, көршілік қатынастарды жалғастыра түсті. 1931 жылы 24 маусымда екі елдің арасында бейтараптық және өзара жауласпау келісіміне қол қойылды. Нәдір хан кезінде (1929—1933 жж.) помещиктер, діндарлар, ірі капитал иелерінің жағдайлары нығайды. 1932 жылы ұлттық қордың орталықтануы мен жинақ- талуында үлкен рөл атқарған Ауған банкі құрылды. 1933 жылы Нәдір шах өлтірілді. Орнына Мұхаммед Зәкір- Шах келді. 30-жылдары ұлттық капиталдық жиынтықта- лу үдерісі жалғасып, ол сауда-өнеркәсіптік орталықтар ел астанасында ғана емес, шеткері елді мекендерді құрды. 1934 жылы Ауғанстан Ұлттар Лигасына мүше болды.
Түрік халқының ұлт-азаттық күресінің басталуы. Түркия халқының ұлт-азаттық күресі алғышарттарының пісіп-жетілуі Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы шаруашылық күйзелісімен тығыз байланысты. Соғыста жеңілген Түркия жеріне Антанта тобының әс- кері енгізіліп, маңызды аймақтарды басып алды. Англия, Франция, Италия және Грекия әскерлері басып алған аймақтарында жергілікті халыққа зорлық-зомбылық көрсетті. Англия мен Францияның соғыс кемелері Босфор және Дарданелл бұғаздарын, Батыс Анадолы аймақтарын басып алды. 59 А н т а н т а б а с қ ы н ш ы л а р ы н ы ң зорлық-зомбылығы, Ресейдегі ре- волюциялық өзгерістер Түркия халқының наразылығын күшейте түсіп, елдің тәуелсіздігі үшін күреске жұмылдырды. Ұлт-азаттық күрес тү- рік халқы біртұтас топтасқан аймақ — Анадолы түбегінде басталды. Құқық қорғау ұйымдарын құру. 1918—1923 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалыстың басшылығында Құқық қорғау ұйымдары атты буржуазия- лық-патриоттық қоғамдар болды. Осы аттас ұйымдар Түркияның көптеген аудандарында құрылды. Бытыраңқы ұйымдардың басын қосып, жалпыұлттық ұйым құру жұмысын 1919 жылы мамырда Анадолыға келген генерал Мұстафа Кемал паша өз қолына алды. Мұстафа Кемал паша 1881 жылы Салоника қаласында Али Ризабей деген ұсақ қызметшінің отбасында дүниеге келеді. 1894 жылдан бастап жас Кемал әскери мамандыққа бейімделе бастады. Әскери лицейді және академияны үздік бағамен аяқтайды. 24 жасында Бас штабтың капитаны деген шенге жетіп, Сирия гарнизонында оған әскери қызмет жүктеледі. 1905 жылы “Жас түріктер” ұйымымен жақындасып, Сирия тобындағы жас офицерлерді біріктіріп, “Ватан” саяси үйірмесін құрады. 1911—1913 жылдары М. Кемал Африкадағы және Балқан түбегіндегі соғыстарға қатысқан. 1916 жылы Кавказ майданын да генерал шені мен паша деген лауазым алды. Ол отаршылдарға қарсы азаттық күрестің туын көтерген Шығыстағы алғашқы саяси қайраткерлердің бірі болды. 1918—1923 жылдардағы Түркиядағы ұлт-азаттық күрес оның есімімен кемалдық революция деп аталды. М. Кемалдың тікелей қатысуымен 1919 жылы та- мызда және қыркүйекте Құқық қорғау ұйымдарының жалпытүркиялық конгрестері өткізілді. Сивас қаласында өткен конгресте 13 адамнан құрылған уәкілетті өкілдік комитет сайланды. Оның төрағалық қызметі М. Кемалға жүктелді. Сұлтан үкіметі шетел әскерлерінің көмегімен азаттық қозғалысын басуға кіріскенде, М. Кемал бастаған өкілдік Мұстафа Кемал 60 комитет жаңа парламент шақыру қажеттігін жариялап, бұқара халықты азаттық күреске жұмылдырды. 1920 жылы Анкара қаласында Ұлы халық жиылысы (жаңа парламент) шақырылып, Түркияның тәуелсіздігі мен тұтастығы жарияланды. Ұлы жиылыс елдегі жалғыз ғана заңды орган деп жарияланды. Мұстафа Кемал бастаған жаңа үкімет құрылды. 1921—1922 жылдардағы Ресей — Түркия келісімдері. М. Кемал үкіметі 1920 жылғы мамырда Мәскеуге өкіл- дер жіберіп, келіссөзге кірісті. 1921 жылы 16 наурызда Кеңес — Түркия достық және өзара көмек туралы келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес, Кеңестік Ресей үкіметі революция- шыл Анкара тобына тегін 10 млн сомдық алтын, қару- жарақ, оқ-дәрі жеткізетін болды. Сакария шайқасы. 1921 жылы наурызда Түркия ар- миясы Иненю атты ауылдың маңайында гректің басқын- шы армиясын шегіндіріп, бірінші жеңіске ие болды. Азаттық жолындағы күрестің шешуші шайқасы 1921 жылы 23 тамыз — 13 қыркүйек күндері Сакария өзенінің бойында өтті. 1922 жылғы сәтті шабуылдардың барысында гректер- ден Анадолы түбегі толық тазартылды. Италия мен Фран- ция әскерлері де елден шығарылды. 1922 жылы қарашада Түркияның Ұлы халық жиналысы сұлтан билігін жою туралы заң қабылдады, ақырғы сұлтан V Мехмед елден қуылды. Түркия халқының ұлы жеңісі халықаралық конфе- ренцияда бекітілді. 1924 жылы 24 шілде күні Лозанна қаласында өткен халықаралық конференция Түркия мен 7 шет мемлекеттің (Англия, Франция, Италия, Грекия, Румыния, Югославия, Жапония) арасындағы бітімді бекітті. Лозанна келісімі Түркияның аумақтық бүтіндігі мен мемлекеттік тәуелсіздігін мойындады. Кемал үкіметінің реформалары. Азаттық күресте же- ңіп шыққан Түркия буржуазиясы өз билігін тұрақтанды- руды қолға алды. 1923 жылдың сәуір айында Республикалық халықтық партия құрылды. Партияның төрағасы М.Кемал паша парламенттік сайлауда жеңіп шығып, бұл партия үкіметті басқарушы күшке айналды. 61 1923 жылы 29 қазанда Түркия Республикасы жария- ланды. Республиканың бірінші президенті болып М. Ке- мал паша сайланды. Сакария жеңісінен кейін М. Кемалға маршал шені мен қазы атағы берілді. 1923 жылы 13 қазан- да мемлекеттің астанасы Анкараға көшірілді. 1924 жылы 3 наурызда халифат жойылып, халиф әулеті елден қуылды. 1924 жылы 20 сәуірде Түркия мәжілісі жаңа Кон- ституциясын жариялады. Конституция демократиялық тәртіпті бекітті. Азаматтардың жекебасының еркіндігі, жекеменшік қауіпсіздігі, сөз, ой-пікір, баспасөз, жиналыс және ұждан бостандығы қорғалады деп жарияланды. 1920—1930 жылдардағы Кемал үкіметінің реформала- ры елдің мәдени және тұрмыс жағдайына үлкен өзгерістер енгізді. Діни мектептер жабылып, азаматтық мектептер ашылды, шариғаттық сот орнына азаматтық сот органда- ры енгізілді. 1926 жылы азаматтық заң жинағы қабыл- данды. Бұл заң негізінде көп әйел алуға, бір адамның (ерінің) қалауы бойынша ажырасуға тыйым салынды. Азаматтық некелесу тәртібі, әйелдердің еркектермен теңқұқықтығы жарияланды. 1925 жылы еуропалық киім кию, араб әліпбиінен ла- тын алфавитіне көшу жүргізілді. Түрік әйелдеріне сайлау құқығы беріліп, оларға мәдени, қоғамдық, саяси өмірге қатысуға жағдай жасалды. 1934 жылы мәжіліс фами- лия енгізу заңын жариялады. Сол жылы 24 қарашада Түркияның Ұлы халық жиналысы М. Кемалға Ататүрік (түріктердің атасы) деген фамилия берді. Экономикалық салада Кемал үкіметі этатизм (мемле- кет) саясатын жақтады. Экономика дамуы мемлекет қам- қорлығына алынып, мемлекет қаржыларының көмегімен өнеркәсіп орындары, теміржол және тасжолдар, порттар салынды. 1925 жылғы заң негізінде ашар салығы жо- йылып, түрік шаруалары біркелкі ақша салығын төлей- тін болды. Бұл заң ауылдағы ескі феодалдық әдеттердің сақталуына тежеу болып, түрік шаруаларының тауар- ақша қатынастарына көшуіне жеңілдік туғызды. 30-жылдардағы Түркия Республикасының халық аралық беделінің тұрақтануы. 1930 жылдарда Түркия Республикасының экономикалық жағдайының тұрақ- тануына байланысты оның халықаралық жағдайы да 62 жақсара түсті. Түркия мен КСРО арасындағы экономика- лық қатынастардың дамуы арқасында, КСРО берген 8 млн доллар несиеге Кайсери және Назилли қалаларында кеңес мамандарының көмегімен ірі тоқыма кәсіпорындары са- лынды. 1932 жылы Түркия Республикасы Ұлттар Лига- сына қабылданды. 1936 жылы Түркия Республикасының өтініші бойынша Швейцарияның Монтре қаласында халықаралық конференция шақырылды. Босфор мен Дар- данелл бұғаздарын бақылайтын халықаралық комиссия таратылып, бұғаздар Түркия Республикасының толық иелігіне қайтарылды. Түркия өз қалауы бойынша бұғаздар жағалауына әскери бекіністер салып, қарулануға еркіндік алды. 1930 жылдардың соңында Түркия Республикасы Балқан түбегіндегі елдермен, Иран, Англия, Франция және Германиямен саяси-экономикалық қатынастарын жақсартып, өзінің халықаралық беделін күшейтті. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Түркия. 1939 жылы қыркүйек айында Мәскеуге келген Түрік деле- гациясы екі ел арасындағы өзара көмек келісіміне дайын екенін білдірді. Гитлерлік Германиямен жақындасқан сталиндік үкімет Түркия ұсынысын қабылдамады. Түркия Республикасының ұлттық мақтанышы — Айя-София храмы 63 1941 жылы 18 маусымда Түркия мен Германия арасын- да достық және өзара жауласпау шартына қол қойылды. 1941 жылы 25 маусымда Түркия үкіметі бейтараптық саясатты жақтайтынын жариялады. 1943 жылы Исмет Иненю Каир қаласында Рузвельтпен және Черчилльмен кездесіп, Англия — АҚШ одағымен жақындасудың жолын ашты. 1945 жылы 23 ақпанда Түркия Германияға соғыс жа- риялап, антигитлерлік одақ жағына ауысқанын білдірді. 1945 жылы 19 наурызда КСРО үкіметі 1925 жылғы Кеңес- Түрік бейтараптық келісімін жойғанын мәлімдеді. Кеңес үкіметінің бұл әрекеті көп жылдар бойы қалыптасқан Кеңес-Түрік достық қатынастарының бұзылуына себеп болды.