2.Философия мен жаратылыстану ғылымдарынан бөлініп шығуы
Психология ғылымы -өмірдің әртүрлі саласында кеңінен қолданылып келе жатқан практикалық мәні бар ерекше ғылым. Г..Эббингауздың айтуы бойынша психологияның ұзақ жылдар бойы жалғасқан өткен шағы бар, бірақта ол қысқаша тарихқа ие. Психология тарихы екі үлкен кезеңге бөлінеді: бірінші -философия, сонымен қатар өзге де ғылымдар негізінде, ең алдымен жаратылыстану негіздерінде психологиялық білімнің даму кезеңі; екінші-психология жекелеген ғылым ретінде дами бастаған уақыт.Олар уақыт бойынша өлшенбейді:бірінші кезеңде(б.ғ.д.6 ғасыр-19 ғасыр ортасы) 2,5 мыңға жуық уақыт аралығын қамтиды; екінші кезең-100 жылдан астам(19 ғасыр ортасы мен-қазіргі уақытқа дейін)
Ғылымдар жүйесінде психология ғылымына қандай орын беріледі.Психологиялық білім мұғалімге шәкірттердің жас және дара ерекшеліктерін ескере білуге, уақыттында оларда таным қызметінің жағымды дағдыларын қалыптастыруға,жаңа сезімдерді, ерік қайрат қасиеттері мен мінез-бітісін уақтында аңғаруға көмектеседі. Сонымен қатар психологиялық білім мұғалімге өзіне -өзі талап қою үшін және оқушыларды тиімді оқыту мен тәрбиелеуге қажетті сапаларды дамыту үшін қажет. Психикалық құбылыстарды ғылыми түсіну әрбір адамға өзінің жеке басындағы қасиеттерінің күшті және әлсіз жақтарын дұрыс айыруына бағыт береді. Жеке басындағы жағымды қаситеттерді ілгері дамыту, ал кемшілік жақтарын болдырмау үшін көмектеседі.
Осы айтылғандардың барлығы қазіргі психология ғылымдардың түйіскен жерінде екендігін дәлелдейді. Психология бір жағынан, философия ғылымдарымен, екінші жағынан, жаратылыстану ғылымдарымен, үшіншіден, әлеуметтік ғылымдармен байланысты аралық жағдайда орналасқан ғылым екенін дәлелдейді.
3.Психологияның дербес және тәжірибелік ғылымға айналуы
Адамның психикалық дамуын зерттеу дегеніміз – нақты фактілер мен мәліметтерді ғылыми тұрғыдан сипаттау, түсіндіру және өңдеу. Басты фактілер белгілі бір теория ауқымында ғана мәнге ие бола алады. Бұл теория негізгі мәліметтерді қосалқыдан ажыратуға септігін тигізіп, психикалық дамудың негізгі заңдылықтарын түсіндіреді. Қазіргі заманғы психологияда мұндай теорияның бірнешесі бар.
Кез-келген психикалық теорияның басты мәселесі – қозғалмалы күштер мен психикалық дамудың қайнар көздерін анықтау. Бұған адамның табиғи жаратылысы (немесе оның тұқымқуалаушылығы), немесе орта (әлеуметтік қоршаған орта, жинақталған тәжірибе) жатады. Бұл мәселенің шешілуіне байланысты психологиялық теориялар екі бағытқа жіктеледі. Тарихи тұрғыдан бұл бағыттар баланың дамуын сипаттайтын екі ежелгі философиялық ағымдарға барып тіреледі.
|