Жоспар және оның түрлері Оқу жоспары



бет2/3
Дата19.10.2022
өлшемі1,37 Mb.
#44297
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
166519.pptx

ойын сабақтары (саяхат, тренинг,жұлдызды сағат,ғажайыптар алаңы, ойлан,тап, аукцион, бақытты сәт) жарыс сабақтары (сайыс, не? қайда? қашан? КТК(көңілді тапқырлар клубы).

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сөз тура және ауыспалы мағынасы туралы лингвистикалық білім беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту,ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
  • Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.


  • II.Үй тапсырмасын тексеру:
  • Сөз мағынасының өзгеруі туралы түсінік.
  • 40-жаттығу.

III Білім тексеру:
Сұрақ жауап
  • Cөз неден тұрады?
  • Сөздің ішкі мазмұны дегенді қалай түсінесің?
  • Жеке тұрғанда мағынасын жоғалтқан сөздерді жаз


  • IV Жаңа сабаққа дайындық
    1.Сабақ  тақырыбын тақтаға жазу
    2.Сабақ мақсатын  түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Сөздің затты не құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына деп аталады. Тура мағына әр заттың өзіне ғана тән жек мағынасы болып табылады, сол арқылы біз заттарды бір-бірінен айыра аламыз.
Мысалы: аспан,жер,жел,бұлт дегендер заттарды атаса, биік,жылы, жақсы дегендер сапаны, бару, оқу дегендер қимылды білдіреді. Сөздер әрқашан тура мағынада айтыла бермейді, сөздің тура мағынасы негізінде туып, өрбіген, жалпы көпшілікке түсінікті ауыспалы мағыналары да болады. Лексикалық мағынаның бұл түрін туынды мағына деп атайды. Мысалы: көз адамның немесе жан-жануардың көру мүшесін білдіретін оның бастапқы мағынасы да, күннің көзі, бұлақтың көзі дегендегі көз – оның ауыспалы мағынасы, туынды мағынасы. Сөздің ауыспалы мағынасы бір заттың негізгі атауыш мағынасын екінші бір затқа атау етіп қолданудан барып туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет