Жоспар: Кіріспе: Бастауыш сыныптардағы тиімді технологиялар Негізгі бөлім



бет6/10
Дата20.10.2022
өлшемі136,16 Kb.
#44440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Түсіндіре оза оқыту технологиясы

Оза оқыту – бұл қарапайым кәдімгі тақырыптық бағдарлама тізбегіне көмекші құрал. Мұнда жаңа тақырып оқу бағдарламасында берілген уақытынан бұрын әр сабақта қысқаша түсіндіріліп отырады. Бұл толықтыру уақытты үнемдеу және оқушыларды үнемі жаттықтыру арқылы жаңа материалды тез игеруге жол ашады.


Түсіндіре басқару - әрбір оқушыны іске жұмылдыратын сабақтың қозғаушы күші. Мәселен, жақсы оқитын оқушы түсіндіріп тұрады, ал қалғандары өздерінің күш-жігерін жұмсап, оған ілесіп отыруға тырысады. Ал егер әлсіздеу оқушы түсіндірсе, ол да жауапкершілікті сезінеді, өйткені ол бүкіл сыныпты жетелеп жолдастарын соңынан ертіп отыруы керек. Түсіндіре басқару үш түрлі әрекетті ойлаймын, айтамын, жазамын қатыстыра отырып, оқу еңбегін ойлы етуге мүмкіндік береді және сонымен бірге кері байланысты қамтамасыз етеді.
Мұғалімнің оқушылардың білім дәрежесін қадағалап, артта қалушылықты дер кезінде байқауына, білім мен білікті меңгеруде ілгері болуын қамтамасыз етеді.
Тірек үлгілері, немесе жай ғана сүйеніштер дегеніміз сабақты түсіндіру сәтінде оқушылардың көз алдында туындап, кестелер, карточкалар, әшекейлік полотно, сызбалар, сурет түрінде көрінетін тұжырымдар. Үлгілермен жұмыс істеудегі маңызды шарт – сабақта ілініп тұрмай, үнемі іс-әрекетке қосылуы тиіс. Сонда ғана олар мұғалімнің жақсы оқытуына, оқушылардың оңай оқуына көмектеседі.
Н.П. Гузик «Сынып ішілік деңгейлік саралау»
Бұл технологияны автор «деңгейге қарап сыныпішілік саралап оқыту» және дамытушы сабақтар циклы бар «қиыстырылған оқыту жүйесі» - деп атаған.

Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар бес типтен құралады:


-тақырыпты жалпы талдау сабақтары (дәрістер);
- қиыстырылған семинар сабақтар (оқушылардың оқу үрдісінде оқу материалдарын тереңдей талдауы);
- қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары (тақырыптық сынықтар);
- материалды пәнаралық қортындылау сабақтары;
- тақырыпты тапсырмаларды қорғау сабақтары, практикум сабақтар.

Балалардың даму деңгейінің бірыңғай болмауына, жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты сыныпта оқу үздіктері мен үлгермеушілер пайда болатыны белгілі. Сондықтан да мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде: жаңа материалды беру, бекіту, қайталау, білім, білік, дағдыны бағалау кезінде деңгейлепсаралап оқытуды ұйымдастырады. Онда әртүрлі қиындық дәрежесіндегі үш типті «А», «В», «С» деңгейлеу бағдарламасы алынады.


Деңгейлік бағдарламалары (деңгейлік тапсырмалар емес, тек бағдарламалар ғана) маңызды екі тұсты қарастырады:
а) белгілі деңгейдегі білім, білік, дағдының меңгерілуін қамтамасыз етеді (репродуктивті деңгейден шығармашылыққа дейін);
б) балалардың белгілі деңгейді өз бетімен оқуына, білім алуына жағдай жасалады (мұғалім тарапынан көрсетілетін тұрақты көмек, үлгі бойынша жұмыс, кеңес беруден бастап, өз бетінше толық жұмыс істеуге дейін).
Дамыта оқыту Дамыта оқыту оқушылардың ізденгіштік-зерттеушілік іс-әрекетіне тән. Оған тән сипаттар:
- оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек,
- іс-әрекеттің бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою,
- осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс-әркетін ұйымдастыру, мұнда үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс-әрекетіне таратуы қажет ол үшін екі шартты орындау керек.
1) Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу керек.
2) Ол оқушылар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек.
3) Оқу міндеті шешілгеннен кейін мұғалім табылған шешімнің бағасын ұйымдастырып оның басқа міндеттрді шешу үшін қаншалықта пайдалануға болатынын түсіндіреді.

Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін де, процессінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.



Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы (талдау, қорытындылау және тағы басқа) мен оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және тағы басқа) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан да көбінесе мектеп оқушыларының ойлау кабілеттерін дамытады және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Проблемалық оқытудың негізі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемалары міндетті шешуге дайын тәсіл болмағандықтан, проблемалық ситуация пайда болады, осыған орай оқушының ізденушілік әрекетімен ынтасы күшейе түседі.
Бүгінгі өскелең ұрпаққа тәлім тәрбие үйретіп, білім беру әр ұстаздың міндеті. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді жеке тұлға тәрбиелеу мақсатында алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан бастап, болжам жасатып, мақсат қойып, іс қылуға сұрақ беріп жауап алуға мазмұндық толық түсінуге жағдай жасалынған.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының тиімді жақтары


1. Оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады.
2. Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды.
3. Оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады.
4. Мұғалім мен оқушылар арасында ізгілік қарым-қатынастар орнайды.

Сонымен, оқушының үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы ең алдымен мұғалімнің өз міндетіне, шеберлігіне байланысты. Мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру емес, ең алдымен оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс-әрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс. Сондықтан да жоғарыда айтылған жаңа технологиялар – жетістік көзі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет