Жоспар: Кіріспе: Бастауыш сыныптардағы тиімді технологиялар Негізгі бөлім



бет8/10
Дата20.10.2022
өлшемі136,16 Kb.
#44440
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Зерттеу, жобалау технологиясы
Жұмыс мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына жобалық оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін үйрету, сабақтары барысында және сабақтан тыс уақытта оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесін талдау, оның тиімділігін анықтау. Оқушының өзіндік іс- әрекетін қалыптастыратын өмірлік жағдаяттардың шешімдерін таба алатындай білім беру әдіс- тәсілдер жиынтығы болып келетін оқыту технологиясын зерттеу, өзіндік тәжірибеде қолдану, көздеген нәтижелерге жету.
Міндеттері:
оқушының ғылыми — зерттеушілік іс- әрекеттерін қалыптастыру;
жобаның кезеңдерінің технологиясын меңгеру және оқу- тәрбие
үрдісінде қолдану;
-оқушы тұлғасының өзіндік дамуын жүзеге асыру;
- оқушының ерекше (жобалық) ойлау қабілетін және өмірге деген ғылыми көзқарасын қалыптастыру;
- оқушыларға болашақ мамандықтарды жобалауға , оған дайындалуға
жәрдемдесу;
- оқушының шығармашылығын дамыту;
- оқушы дамуына мониторинг жүргізу.
Күтілетін нәтиже: жеке тұлғаға , тәжірибеге бағытталған, үздіксіз білім беру принциптеріне негізделген танымдық іс- әрекетті ұйымдастыру формаларын, әдістемелерін, оқу бағдарламаларын, авторлық зерттеулерді жасақтау. Жаңа жобалап оқыту технологиясы оқу – тәрбие үрдісінде жоғарғы нәтижелер береді:
* Сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.
* Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.
* Оқушылардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.
* Оқушыларды түгелдей бағалау мүмкіндігі туады.
* Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге
дағдыландырады.
*Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.
* Жеке шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасау мақсатты, әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені – бүгінгі күнің талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Бұл технология әлемдік педагогикада жаңалық емес. Жоба әдісі оқушылардың бір проблеманы шешуін талап етеді. Ал проблеманы шешу үшін олар бір жағынан әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданса, екінші жағынан әр түрлі пәндерден алынған білімнің интеграциясын пайдалануы керек.
Ағылшын тілінен аударғанда «cooperative (корпоротив лёрнинг) learning» — «бірге үйрену», ал латын тілінен аударғанда (проджектус) «projectus» — «алдын ала» деген мағынаны білдіреді деген екі ұғым бар.
Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. Шығармашылық қабілетті дамытудың құралдары мен түрлі жолдарының арасында оқушының өзіндік зерттеу тәжірибесі өте тиімді болып табылады. Зерттеушілік білігі мен дағдылары бүгінгі күні ғылыммен айналысатын адамдарға ғана тән емес, түрлі саладағы әрбір адамның әрекетіне қажет. Зерттеуші - оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді. Білуге құмарлық, бақылау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізуге баланың балалығымен бірге жүретін процесс. Зерттеу, іздеу белсенділігі – баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс. Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандыруға, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады. Ал бүгінгі күні бұл әдістеме оқытудың құзіреттік тәсілі жағдайында ерекше қажеттілікке ие. Зерттеушілік оқыту- баланың қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құралған оқытудың негізгі тәсілі. Зерттеудің жобалаудан айырмашылығы мынада. Зерттеу алдын ала жоспарланған нысанды құруды көздемейді.Ол белгісізді іздеу, жаңа білімді іздеу процесі. Бұл - адамның танымдық әрекеттерінің бірі. Осылайша, жобалау мен зерттеу басынан - ақ әрекет түрлерінің бағыттары, мәні мен мазмұны жағынан түрліше. А.И.Савенков “жобалау мен зерттеу бағыттылығы, мен мағынасы және іс-әрекетінің мазмұны бойынша әртүрлі ’’, атап көрсетті. Дегенмен жобалар әдісі мен зерттеу әдістерінің негізіне мыналар жатады:

  • оқушының танымдық білігі мен дағдысын дамыту;

  • ақпараттық кеңістікте бағдарлай алу білігі;

  • өз білімін өздігінен құрастыра алуы;

  • ғалымның әр саласының білімдерін кіріктіре алу білігі;

  • сын тұрғысынан ойлай алуы;

Екі әдіс те оқушылардың өзіндік әрекетіне бағдарланған (дербес,топтық, жұптық), оны арнайы бөлінген уақыт аралығында (сабақтың бірнеше минуттарынан бастап бірнеше апталар мен тіпті айлар аралығында) орындайды. Жобалау технологиясы және зерттеушілік әрекет технологиясы төмендегілерді қамтиды:
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Бірақ оның негізгі, түпкі мақсаты қай кезде болса да қала бермек – оқушыны білім алуға және сол білімін мектеп қабырғасынан шыққанда нақты проблемаларды шеше білуде қолдануға үйрету.
Соңғы жылдардың ішінде мектепте жаңа технологияларды кеңінен қолдану орын алып отыр. Қазіргі оқыту үрдісінің мақсаты оқушыны жан жақты қалыптасқан, бәсекелістікке бейім жеке тұлға тәрбиелеу. Әрине сабақта әртүрлі жаңа технологиялар және олардың бөлшектері қолданылады. Бірақ оқушыларды білімді игеруде біраз проблемалар туындайды. Солардың ішінде мынадай өзекті мәселелерді атап айтуға болады:
1.«Жобалық оқыту» әдісі – жаңа ғасыр технологиясы.
2.Жобалық оқыту әдісінің кезеңдері.
3.Жобалық оқыту технологиясы бастауыш сыныптың оқу –тәрбие үрдісінде (сабақтар, тәрбие шарасы үлгілері)
Егер оқушы жоба тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса – ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әртүрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әртүрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт-бағдар бере алады.
Жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде. Жобалау технологиясының негізінде – оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар .
Жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін, оны жоспарлай білу қажет:
Жоба жұмысын дайындау кезеңдері:
Бастапқы: негізгі тақырыпты анықтау;
Ізденіс: жоба жұмыстарын, ақпарат, әдебиет көздерін айқындау, жоба бойынша жеке жұмыстарды топ ішінде ұйымдастыру;
Нәтижені өңдеу: зерттеу тақырыптары бойынша презентациялар дайындау;
Тұсау кесу: жұмыстарын қорғау;
Бастауыш сыныптарда жобалық технологияны қолдануда әр оқушы :
Білімді өздігінен меңгеруге, сол білімді жаңа танымдық және тәжірибелік мәселелерді шешуге жұмсауға үйренеді;
Жобалау технологиясы және зерттеушілік әрекет технологиясы төмендегілерді қамтиды:
- кіріктірілген білім мен оны шешудің зерттеушілік ізденісін талап ететін проблеманың болуы;
- алынатын нәтижелердің практикалық, теориялық, танымдық маңыздылығы;
- оқушының өзіндік әрекетін;
- жобаның мазмұндық бөлігін оның кезеңдік нәтижелерін көрсете отырып құрылымдау;
- зерттеу әдістерін қолдану, яғни проблеманы және одан туындайтын зерттеу әдістерін анықтау, талқылау, ақпарат жинау, соңғы нәтижелерді рәсімдеу; алынған өнімнің тұсауын кесу, талқылаулар мен қорытындылар.
Зерттеу жұмысының негізгі сатылары:
1. Ақпараттық — «не істеу керек?»
2. Жоспарлық — «бұған қалайша жетуге болады?»
3. Шешім қабылдау — «іске асырудың жолдары мен құралдарын анықтау»
4. Орындау — «жүзеге асыру»
5. Бақылау – «тапсырма дұрыс орындалды ма?»
6. Бағалау — «келесі жолы нені дәлірек істеген жөн?»
Зерттеу жұмысының басты шарты–оның жаңалығы және өзектілігі. Жұмыстың сәтті болуы үшін зерттенудің мақсаты мен міндеттерін ұғыну қажет.
Мақсат– бұл зерттеушінің ізденіс нәтижесі. Зерттеу мақсаты нақты және қол жетерлік болсын.
Міндеттер–қадамдарды, мақсатқа жету кезеңдерін көрсету болып саналады.
Жұмыстың өзектілігі –яғни бұл жұмыстың қазіргі кезеңіндегі проблемасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет