Жоспар Кіріспе Электр жетегі Электр жетектерінің тағайындалуы мен түрлері Электр жетектің заманауи даму тарихы Қорытынды Әдебиеттер тізімі Кіріспе


ЭЛЕКТР ЖЕТЕКТЕРІНҢ ТАҒАЙЫНДАЛУЫ МЕН ТҮРЛЕРІ



бет3/5
Дата15.10.2022
өлшемі488,61 Kb.
#43335
1   2   3   4   5
ЭЛЕКТР ЖЕТЕКТЕРІНҢ ТАҒАЙЫНДАЛУЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

Өзінің негізгі функциясын – жұмыс машиналары мен механизмдерінің орындаушы органдарын қозғалысқа келтіруді жəне сол қозғалысты басқаруды орындау үшін ЭЖ өзіне бір-бірімен өзара байланысқан жəне өзара əсерлесетін электротехникалық, электромеханикалық жəне механикалық элементтер мен құрылғылардың жиынтығын қосады. Мұндай электромеханикалық жүйе электр жетегі атауын алған. ЭЖ жалпы құрылымдық сұлбасы 2-суретте көрсетілген, мұнда қалыңдатылған сызықтармен күштік энергия каналдары, ал жіңішке сызықтармен аз қуатты (ақпараттық) тізбектер көрсетілген. Кез-келген электржетектің 6 негізгі элементі тұтынылатын электр энергиясы есебінен механикалық энергияны өндіретін, яғни электромеханикалық энергия түрлендіргіші болып табылатын электр қозғалтқышы (1) болып табылады. ЭЖ кейбір жұмыс режимдерінде электрқозғалтқыш жұмыс машинасының орындаушы органынан механикалық энергияны ала отырып энергияны кері түрлендіруді де жүзеге асырады. Механикалық энергия электрқозғалтқыштан ауыстыратын құрылғы 9 (механикалық, гидравликалық, электромагниттік) арқылы жұмыс машинасының 8 орындаушы органына 7 беріледі, осының есебінен ол қажетті механикалық қозғалыс жасайды. Ауыстыратын құрылғы функциясы электрқозғалтқыштың жəне орындаушы органның қозғалыс параметрлерінің келісілген болуына негізделеді. ЭЖ дамуының прогрессивті бағыты электрқозғалтқыштың орындаушы органмен тікелей байланысуы болып табылады, ол «электржетек-жұмыс машинасы» комплексінің техника-экономикалық жұмыс көрсеткіштерін көтеруге мүмкіндік береді . Электр энергиясы ЭЖ-не электрэнергия көзінен 3 келеді. Электрқозғалтқышқа қажетті параметрлермен электр энергиясын алу үшін жəне қозғалтқыш пен электрэнергия көзінің арасындағы бұл энергия ағынын басқару үшін күштік түрлендіргіш 2 қосылады.
2-сурет
Электрқозғалтқышқа қажетті параметрлермен электр энергиясын алу үшін жəне қозғалтқыш пен электрэнергия көзінің арасындағы бұл энергия ағынын басқару үшін күштік түрлендіргіш 2 қосылады. ЭЖ-де басқару жəне автоматтандыру функциялары аз қуатты басқару блогымен 4 жүзеге асырылады. Бұл блок орындаушы органның қозғалыс сипатын беретін U кіріс сигналының көмегімен жəне жұмыс машинасының технологиялық үрдісінің жүзеге асуы, орындаушы органның қозғалыс сипаты, ЭЖ жеке түйіндерінің жұмысы қауіпті жағдайлардың туындауы жəне т.б. жайында ақпарат беретін бірқатар U қосымша сигналдар көмегімен U басқару сигналын өндіреді. Түрлендіргіш 2 басқару блогымен 4 бірге электржетекті басқару жүйесін 5 құрайды. Сонымен, электр жетегі деп өзара əсерлесетін электрлік, электромеханикалық жəне механикалық түрлендіргіштерден, сондай-ақ басқарушы жəне ақпараттық құрылғылар мен түйіндесу құрылғыларынан тұратын, жұмыс машиналарының орындаушы органдарын қозғалысқа келтіруге жəне технологиялық үрдісті жүзеге асыру мақсатында осы қозғалысты басқаруға арналған электромеханикалық жүйені айтамыз. ЭЖ-де тұрақты жəне айнымалы ток үздіксіз жəне дискретті жылжумен айналмалы жəне ілгерілемелі қозғалысты электрқозғалтқыштар қолданылады; цилиндрлі, бұрамдықты жəне планетарлы редукторлар түріндегі механикалық түрлендіргіштер жəне винт-гайка жылжуы, тізбектік жəне белдікті берілістер, гидравликалық жəне электрмагниттік жалғастырғыштар; өзіне басқарылатын түзеткіштерді, ток пен кернеу инверторларын жиілік пен кернеу реттегіштерін, кернеуді импульсты реттегіштерді қосатын электрлік күштік түрлендіргіштер; құрамына командоаппараттар, логикалық элементтер блогы, реттегіштер, күшейткіштер, микропроцессорлар жəне басқарушы электронды машиналар кіретін басқару құрылғылары. Көріп тұрғанымыздай, ЭЖ жүзеге асырылуы əртүрлі болуы мүмкін, бұл оның классификациясында көрінеді. ЭЖқозғалыс сипатына қарай, күштік түрлендіргіштіңжүзеге асырылу түрі мен əдісіне, қолданылатын электрқозғалтқыштар санына, электрэнергия көздерінің түрлеріне, басқару əдісіне, механикалық берілістің бар немесе жоқ болуына жəне т.б. қарай классификацияланады. ЭЖ классификациясы егжей-тегжейлі [3] қарастырылған, осы жерден оның маңызды құраушыларын бөліп көрсетейік. Қозғалыс сипаты бойынша ЭЖ айналмалы жəне ілгерілемелі қозғалысты болып ажыратылады, сонымен қатар олардың жылдамдықтары реттелетін жəне реттелмейтін бола алады, ал қозғалыстың өзі үздіксіз жəне дискретті, бір бағытты, екі бағытты (реверсивті) немесе тербелмелі (ілгері-кейінді) бола алады. Қолданылатын қозғалтқыштар санына байланысты топтық, жеке жəне өзара байланысқан ЭЖ ажыратылады. Топтық ЭЖ оның бір қозғалтқышы бір машинаның бірнеше орындаушы органдарын немесе бірнеше жұмыс машинасының бір орындаушы органын қозғалысқа келтірілуімен сипатталады. Жеке ЭЖ жұмыс машинасының бір орындаушы органының қозғалысын қамтамасыз етеді. Өзара əсерлесетін ЭЖ бірге бір немесе бірнеше орындаушы органдарда жұмыс істейтін электрлік немесе механикалық байланысқан екі немесе бірнеше жеке ЭЖ-тер түрінде болады. Сонымен қатар, егер қозғалтқыштар бір-бірімен механикалық түрде байланысқан жəне ортақ білікке жұмыс істесе, онда ол көпқозғалтқышты ЭЖ деп, ал егер қозғалтқыштар электр тізбектерімен байланысқан болса, онда ЭЖ электрлік білік деп аталады. Электрлі күштік түрлендіргіш түріне байланысты алуан түрлі ЭЖ ажыратылады. Егер оған тəн қасиет ретінде электрэнергия көзінің кернеуін түрлендіру тəсілін алсақ, күштік түрлендіргіштердің төрт түрін ажыратуға болады: айнымалы ток кернеуін тұрақты (түзетілген) ток кернеуіне түрлендіретін басқарылатын жəне басқарылмайтын түзеткіштер; кері түрлендіруді орындайтын инверторлар; айнымалы ток кернеуінің параметрлерін өзгертетін айнымалы ток кернеуі мен жиілігін түрлендіргіштер; тұрақты токтың шығыс кернеуінің əртүрлі модуляция түрімен тұрақты ток кернеуін импульсты түрлендіргіштер. Осы барлық күштік түрлендіргіштер əртүрлі элементтік базада, дəлірек айтсақ, электр машинасын, магнитті күшейткіштер, ионды жəне жартылайөткізгішті элементтер қолданылуымен орындалуы мүмкін. Заманауи күштік түрлендіргіштер ереже бойынша жартылайөткізгішті болып табылады, жəне оларда, негізінде, күштік транзисторлар, диодтар, тиристорлар жəне олардың түрлері қолданылады. Қарастырылған айтарлықтай толық емес классификациядан көріп тұрғанымыздай, ЭЖ нақты жүзеге асырылуы алуан түрлі болуы мүмкін. Сондай-ақ кез-келген электржетегінің жұмысы кейбір ортақ заңдылықтарға бағынады, бұл негізі осы кітапта қарастырылған ЭЖ теориясының пəні болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет