Жоспар Кіріспе Электр жетегі Электр жетектерінің тағайындалуы мен түрлері Электр жетектің заманауи даму тарихы Қорытынды Әдебиеттер тізімі Кіріспе


Электр жетектің заманауи даму тарихы



бет4/5
Дата15.10.2022
өлшемі488,61 Kb.
#43335
1   2   3   4   5
Байланысты:
Долдаев О

Электр жетектің заманауи даму тарихы

ЭЖ тарихы əдетте орыс академигі Б.С.Якобидің алғашқы айналмалы қозғалысты тұрақты ток қозғалтқышын жасап шығарған кезден бастап есептеледі. Бұл қозғалтқышты 1838 ж. Нева бойымен сынау рейстерін жүзеге асырған кішігірім кемеге орнату ЭЖ алғашқы жүзеге асыру мысалы болып табылады. Содан соң ЭЖ, мы- 10 салы артиллериялық қондырғыны дəлдеу үшін, доғалық лампаның электродтарын жылжыту үшін, тігін машинасының жетегі үшін қолданыла бастады. Алайда тұрақты ток электрэнергиясының үнемді көздерінің болмауынан ЭЖ ұзақ уақыт бойы кең қолданыс таппады жəне негізгі болып жылулық жетек қала берді. Бұл жағдайды түптамырымен 1870 ж. өнеркəсіптік электрлік тұрақты ток генераторының жасалуы да, бірфазалы айнымалы ток жүйесінің пайда болуы да өзгерте алмады. ЭЖ дамуына 1889 ж. М.О.Доливо-Добровольский үшфазалы ток жүйесінжасауыжəне үшфазалы асинхронды электрқозғалтқыштың пайда болуы түрткі болды, бұл электр энергиясын, демек ЭЖ де кең қолдануға арналған нағыз техникалықжəне экономикалық алғышарт болды. Электр жетегі теориясы бойынша алғашқы ғылыми жұмыс 1880 ж. «Электр» журналында жарық көрген орыс инженері Д.А.Лачинованың «Электрмеханикалық жұмыс» мақаласы болып табылады, онда ғылыми негізде механикалық энергияның электрлік үлестірілуінің артықшылықтары көрсетілген. Біздің елімізді электрлендіру жəне халықтық электр жетегі шаруашылығында кеңінен қолданылуы кеңінен жаңа электрстанцияларды салу жəне ескілерін қайта құру, жаңа электрберіліс сымдарын салу, электротехникалық өнеркəсіптің дамуы қарастырылған ГОЭЛРО жоспарын – Ресейді электрлендіру мемлекеттік жоспарын қабылдап жүзеге асырған соң басталды. Осыған сəйкес бұл жоспармен жылулық жəне гидравликалық электрстанциялар, мыңдаған километр əуе жəне кабельді сымдар, электр машиналарының, аппараттардың жəне кабельді өнімдердің өндірісі бойынша ондаған зауыттар қызмет ете бастаған, əртүрлі типті электр жетектерін жасау жəне оны халық шаруашылығына енгізу бойынша үлкен ғылыми-техникалық мəселелерді шешетін ғылыми-зерттеу жəне жобалық-құрылымдық институттар мен мекемелер құрылып жатты. Бір мезетте электр жетегі теориясының дамуы да жүріп жатты. Алғашқы рет электр жетегі теориясының жеке пəн ретінде 1925ж. шығарылған С.А.Ринкевичтың «Механикалық энергияның электрлік үлестірілуі» кітабында көрсетілген. Ары қарай электржетек теориясы В.П. Попов, А. Т. Голован, Д. П. Морозов, М. Г. Чиликин сияқты жəне т.б. кеңес ғалымдарының еңбектерінде дамыған. Үлкен назар сондай-ақ электр жетектерін жасау жəне пайдалануға дағдыланған инженерлі-техникалық жəне ғылыми кадрларды дайындауға аударылған. Біздің еліміздің жұмысшыларының, техниктерінің, инженерлер мен ғалымдардың үлкен еңбегі нəтиже бермеуі мүмкін емес еді. Осылайша, 1890 ж. өнеркəсіптік өндірістегі электрқозғалтқыштардың қуат үлесі барлық қозғалтқыштар қуатының5%-ын ғана құра- 11 са, 1927 ж. қарай бұл сан 75%-ға дейін өсті, ал қазіргі кезде ол 100%-ға жуық. Халық шаруашылығында əлеуметтік еңбек өнімділігін көтеруге, оны шығармашылық жəне қызықты етуге (бұл өз алдына маңызды əлеуметтік мəселенің шешімі болып табылады) мүмкіндік беретін технологиялық үрдістерді автоматтандыру ғылыми-техникалық прогрестің маңызды бағыты болып табылған біздің уақыттарда технологиялық үрдістердің электрмен жарақтандырылуының, яғни электржетектің деңгейінің рөлі одан сайын өсіп келеді. Автоматтандыруға тəн ерекшелік робототехниканың жылдам дамуы, автоматтандырылған өндірістерді, автоматтандырылған сымдарды, микропроцесоорлық техника құралдары орнатылған машиналар мен құрылғыларды, сандық программалық басқаруға ие көпоперациялы білдектерді, роторлы конвейерлі комплекстерді енгізу болып табылады. Технологиялық үрдістерді электрлендіру мен автоматтандырудың алдағы дамуы, жоғары өнімділікті машиналарды, механизмдер мен технологиялық кешендерді жасап шығару көп жағдайда электр жетегінің дамуымен анықталады. Заманауи ЭЖ негізгі даму бағыттарына жатады: заманауи түрлендіргіштерді қолданумен жəне микропроцессорлы басқарумен комплектті реттелетін ЭЖ жасау жəне шығару; пайдалану сенімділігін, унификацияны жəне көтеру жəне ЭЖ энергетикалық көрсеткіштерінің жақсаруы; реттелетін асинхронды ЭЖ қолдану аймағын кеңейту жəне ЭЖні жаңа қозғалтқыш типтерімен, дəлірек айтсақ сызықтық, қадамдық, шұралы, дірілді, тезəсереткіштігі жоғары, магнитогидродинамикалық жəне т.б. типтерін қолдану; технологиялық үрдістердің математикалық моделдері мен алгоритмдерін жасау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының, сондай-ақ ЭЖ-ні жобалаудың машиналық құралдарының дамуы; заманауи автоматтандырылған электр жетегін жобалауға, жасауға жəне пайдалануға қабілетті инженерлі-техникалық жəне ғылыми кадрларды дайындау. Осы жəне басқа бірқатар мəселелерді шешу ЭЖ техника-экономикалық сипаттамаларын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді жəне сонымен қатар алдағы өнеркəсіптік өндірістің барлық салаларында, транспортта, ауыл шаруашылығында жəне тұрмыста техникалық прогреске арналған базаны жасауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет