Жоспар Кіріспе Электр жетегі Электр жетектерінің тағайындалуы мен түрлері Электр жетектің заманауи даму тарихы Қорытынды Әдебиеттер тізімі Кіріспе



бет1/5
Дата15.10.2022
өлшемі488,61 Kb.
#43335
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Долдаев О


Жоспар


  1. Кіріспе

  2. Электр жетегі

  3. Электр жетектерінің тағайындалуы мен түрлері

  4. Электр жетектің заманауи даму тарихы

  5. Қорытынды

  6. Әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Заманауи өнеркəсіптік жəне ауыл шаруашылық өндірісте, көлікте, құрылыс пен коммуналды шаруашылықта, тұрмыста əртүрлі технологиялық процестер қолданылады, олардың жүзеге асырылуы үшін адам мыңдаған түрлі машиналар мен механизмдерді жасап шығарған. Бұл жұмыс машиналары мен механизмдерінің көмегімен пайдалы қазбаларды алу жүзеге асырылады, əртүрлі материалдар мен өнімдер өңделеді, адамдар, жұмыс құралдары, сұйықтықтар, газ орын ауыстырады жəне адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті көптеген басқа үрдістер жүзеге асырылады. Осылайша, пайдалы қазбаларды алу экскаватор, бұрғылау қондырғысы жəне көмір комбайндар көмегімен жүргізіледі, бөлшектер мен материалдар əртүрлі білдектерде өңделеді, адамдар мен өнімдер көлік құралдарымен, лифттермен жəне эскалаторлармен орын ауыстырады, сұйықтықтар мен газдар сорғы мен желдеткіш көмегімен тасымалданады. Жұмыс машинасы немесе өндіріс механизмыкөптеген байланысқан бөлшектерден жəне түйіндерден тұрады, олардың бірі берілген технологиялық үрдісті немесе операцияны орындайды, сол себепті атқарушы орган (АО) деп аталады.


Лифттарда – бұл кабина, экскаваторларда – шөміш, желдеткіштер мен сорғыларда – жұмыс дөңгелегі (қалақты аспап). Сондай-ақ бір өте маңыздыжағдайды атап өтейік – барлық аталған технологиялық үрдістер жұмыс машиналары мен механизмдерінің АО механикалық қозғалысы есебінен жүзеге асырылады. ЭЖ мұндай кең қолданылуы оның басқа жетек түрлерімен салыстырғанда бірқатар артықшылықтарымен түсіндірледі: электр энергиясын қолдануы, механикалықпен қоса басқа энергия түрлеріне түрлендіру мен үлестіру тиімдірек болуы; қуаттың жəне қозғалыс жылдамдығының кең диапазоны; құрылымдық орындалуының əртүрлілігі, бұл бізге жетекті жұмыс машинасының орындаушы органымен рационалды байланыстыруға жəне оны күрделі шарттарда – суда, агрессивті сұйықтықтармен газдыорталарда, ғарыштық кеңістіктерде жұмысқа қолдануға мүмкіндік береді; күрделі үрдістер автоматизациясының қарапайымдылығы; жоғары ПЭК жəне экологиялық тазалық. Заманауи ЭЖ қолданылуы мүмкіндіктері ғылым мен техниканың түйісу аймақтарында – электрмашинажасау жəне электраппаратуражасау, электроника жəне есептеуіш техника, автоматика мен механика жетістіктері есебінен тұрақты кеңеюді жалғастыруда.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет