Жоспар: Кіріспе Электронды тахеометрдің құрылысы Тахеомтермен жұмыс істеу Тахеометр қателерін анықтау Қорытынды Кіріспе



бет1/2
Дата20.12.2023
өлшемі1,67 Mb.
#141710
  1   2
Байланысты:
геодезия реферат


Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Электронды тахеометр

  3. Электронды тахеометрдің құрылысы

  4. Тахеомтермен жұмыс істеу

  5. Тахеометр қателерін анықтау

  6. Қорытынды



Кіріспе
Ұзындықты құралдардың көмегімен өлшеуді «жанама өлшеу» - деп айтады. Қазір геодезиялық жұмыстарды орындауға арналған электронды аспаптар мен құралдар шықты. Ұзындықты лазерлік қашықтық өлшеуіштермен өлшейді. Мұндай құралдардың көмегімен геодезиялық жұмыстар өте жылдам, дәл орындалады, жұмыс саласы да өте жоғары.
Ұзындықты электронды аспаптардың көмегімен өлшеу физикадан белгілі D = vt / 2 формулаға негізделген:
мұндағы: v - электромагнитті толқынның тарау жылдамдығы;
t - толқынның өлшенетін аралыққа барып және қайтқан уақыты;
D - өлшенетін аралық.
Лазерлік қашықтық өлшеуіш «CONDTROL X1 Plus». Дүние жүзіндегі ең кішкентай қашықтық өлшеуіш. Кішкентайлығына қарамастан атқаратын арифметикалық міндеттері өте көп (Пифагордың міндеттері де бар). Ұзындықты өте дәл және жылдам өлшейді. Ауданды, көлемді есептейді. Нәтижелерді қосады, және алады. Дисплейі бар, түнде жарықтанады. Құрылыс алаңының шаңынан, лайынан, суынан қорықпайды. Атмосфералық кедергілерден қорғануы IP54 классты.
Негізгі сипаттамалары:

  • өлшейтін ұзындығы - 5 см -40 м;

  • өлшейтін дәлдігі - +- 3 мм;

  • күш қоры - «ААА» типті екі батарейка

  • жеке өлшеу уақыты - 5000 өлшеу;

  • размерлері - 110×43×26 мм, салмағы 70 г.



Лазерлік қашықтық өлшеуіш «Leica Disto DS» мамандарға арналған. Көп міндет атқарады, ұзын қашықтықты өлшейді. Лазерлік сәулені кездеуге арналған цифрлы кездеуіші бар. 4 есе үлкейтетін камерасынан бейне сұйық кристалды 2,4* дисплейге шығады. Атқаратын арифметикалық міндеттері өте көп («Пифагордың», «трапецияның» міндеттері де бар). Ұзындықты өте дәл және жылдам өлшейді. Ауданды, көлемді есептейді. Еңіс бұрышты өлшейді. Нәтижелерді қосады, және алады. Дисплейі бар, т үнде жарықтанады. Құрылыс алаңының шаңынан, лайынан, суынан қорықпайды. Атмосфералық кедергілерден қорғануы IP54 классты.
Негізгі сипаттамалары:

  • өлшейтін ұзындығы - 5 см - 200 м;

  • өлшейтін еңіс бұрышы - + 45°

  • өлшейтін дәлдігі - + 1 мм;

  • есіне сактайды - 20 өлшеуді;

  • күш қоры - «ААА» типті екі батарейка

  • жеке өлшеу уақыты - 5000 өлшеу;
    размерлері - 143,5×55×30 мм, салмағы 195 г.



Электронды тахеометр
Даладағы геодезиялық жұмыстарды электрондық тахеометрлермен, нивелирлермен, GPS өлшеулерге арналған аспаптармен орындайды. ТМД елдерінде (Россия, Белоруссия, Украина) тахеометрдің төрт түрі шығарылады: электронды тахеометр , қос бейнелі тахеометр, номограммды тахеометр және ішкі базалы.



Электрондық тахеометр - жер бетінде горизонталь бұрышты, горизонталь арақашықтықты және биікайырымды өлшеуге арналған топографиялық электрондық-оптикалық аспап.Электронды тахеометр геодезиялық негіз тұрақтарын құру және тахеометриялық түсірістер жүргізуге арналған. Бұл электронды тахеометрлердің баска тахеометрлерден айырмашылығы мұнда кодтық теодолитпен жарық жылдамдығын пайдаланып, арақашықтық өлшегішті біріктіру негізіне құрылған. Тахеометрлер бұрышты код арқылы өлшейтін теодолиттен, арақашықтықты жарықтың көмегімен өлшейтін аспаптан және ЭВМ-нен жиналған. Кодпен жұмыс істейтін теодолит горизонталь жазықтықтағы, тік жазықтықтағы бұрыштарды өлшейді, арақашықтықты жарықтың көмегімен өлшейтін құрал арақашықтықты өлшейді, ал ЭВМ мәліметтерді есептейді - өңдейді, қателерді түзетеді, есептерді шешеді, аспаптың жұмысын басқарады, мәліметтерді жадында сақтайды. Осындай құралдың қатарына 3TasPM. Leica TS02 plus маркалы электрондық тахеометрлер, GPS 1200 және GPS System 500 және т. с. с. құралдар жатады.
Қазіргі таңда электронды тахеометрлердің қолдану саласына, дәлдігіне және орындалатын функциясына байланысты үш топқа бөлуге болады:

  • жай электронды тахеометр;

  • орташа класты электронды тахеометрлер;

  • сервожетекпен жабдықталған (роботталған) тахеометрлер.

Жай электронды тахеометр - бұл аспап, дәстүрлі геодезиялық өлшеулерді (ара қашықтық, өзара биіктік) орындауға арналған аспаптар. Деректерді ішкі немесе қосымша жадқа жазады. Мұндай аспаптардың бұрыштық қателігі 5"-6", ал арақашықтықтікі 3-5 мм құрайды. Бір призма
бойынша ара қашықтықты өлшеу, 1100-1500 м құрайды.
Екінші типті электронды тахеометрлерге - орташа класты аспаптар жатады (Leica, Nikon, Trimble). Бұл тахеометрлер жәй тахеометрлерге қарағанда қымбат, бірақ кеңінен тараған. Олар барлық геодезиялық жұмыстарды (геодезиялық тораптарды дамыту, өлшеулер жіне қағаздан
жерге түсіру, координаталау тапсырмаларын шешу: тура және кері геодезиялық есептерді ауданды есептеуді, қиылыстыруды шешу) орындауға қатысты есептеу программасымен қамтылған. Бұл аспаптардың бұрыштық қателігі, кластық дәлдікке байланысты 1 -тан 5- ка дейінгі аралықты құрайды.
Тахеометрлердің үшінші типіне - севрожетекпен (сервопривод) қамтылған роботталған тахеометрлерді жатқызуғa болады. Бұл аспаптар
арнайы шағылдырғыштарға өздігімен бағытталып, өлшеулер жүргізе алады. Сонымен қатар, бұл аспап қашықтықтан басқарылатын ( өлшенетін нүктеден тұрып) арнайы жүйемен қамтылған. Яғни, бір адам ғана жұмыс істейді. Мұндай өлшеу жұмыстары жұмыс өнімділігін 80%- ғa дейін арттырады.


Leica TS02 plus электрондық тахеометрдің көмегімен ірі масштабты топографиялық план сызуға, геодезиялық пункттер торабын құруға, орындалған құрылыс жұмыстарының планын сызуға, көмекші программаларды пайдаланып, геодезиялық және инженерлік есептерді далада бірден (автоматты түрде) шешуге болады.
Тахеометрмен тік және горизонталь жазықтықтағы бұрыштарды өлшейді. Полярлық координаталарды өлшеп ұзындыктың проекциясын, биіктіктің өсімшесін және нүктенің (пункттің) тік бұрышты жазықтықтағы координаталарын есептейді.


Өлшеу жұмысының нәтижелері жадына жазылады.
Тахеометрмен мынадай жағдайларда жұмыс істеуге болады:
1. Жұмыс аумағындағы ауаның температурасы - 20°С-дан + 50°Са дейін.
2. Жұмыс аумағындағы ауаның катынасты ылғалдылығы - ауаның температурасы t=25 °С 95% көп болмау керек.
3. Жұмыс аумағындағы ауаның қысымы 450 ÷ 800 мм сынап бағанасы аралығында.
4. Күш корындағы токтың кернеуі 6,5 ÷ 7,4В аралығында.
- көлбеу ұзындықты (5 мм + 310^-6. D) мм дәлдікпен өлшейді;
- 1 призмамен 1000 м - ге дейінгі аралықты өлшей алады;
- 6 призмамен 2000 м - ге дейінгі аралықты өлшей алады;
Ұзындықты өлшеу үшін 20 шақырым аралық жақсы көрініп тұру, ауаның турбуленттігі шағылдырғышты анық көруге кедергі келтірмеу, күн сәулесі дүрбіде шағылмау керек.
Тахеометрмен жұмыс істеу үшін:
- дисплейге жарық бергенде 3,5BT;
- дисплейте жарық бермегенде 3 Вт жеткілікті.
Тахеометр - электрондық теодолиттен, қашықтықты жарықтың
көмегімен өлшейтін, есептеуші және мәліметтерді есепке алатын құралдардан жиналған.
Leica TS02 plus электрондық тахеометрг FlexField plus программасы орнатылған. Осы программаның көмегімен көптеген инженерлік сұрақтарды шешуге болады. Тахеометрдегі мәліметтерді қарап шығу, ауыстыру, есептеп - өңдеу және басқару үшін, тахеометрді FlexOffice программаға қосуға болады.
Тахеометрдің құрылысы.


а) Оптикалық көздеуіш

  1. Тұтқа, алвнып - салынады

  2. Объектив. Қашықтық өлшеуішпен бірге (EDM) Лазерлік сәуле шығады.

  3. Тік жазықтықтағы лимбаны бағыттайтын бұранда

е) Тахеометрді өшіретін/қосатын кнопка
f) Триггер
g) Горизонталь жазықтықтағы лимбаны бағыттайтын кнопка
h) Дисплей
i) Екінші клавиатура, біріншіге уксайды
TS02 plus үшін опциялы




j) Объективтегі нысанды анықтайтын бұранда
k) Дүбі торын анықтайтын бұранда
l) Аккумулятор тұратын орын қақпағы
m) R$232 порты
n) Тахеометрді горизонталь жағдайға келтіретін бұранда
о) Дисплей
р) Клавиатура




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет