1. Негізгі бөлім “Ойын” ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез – құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізіндегі іс - әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті мынандай қызметтерді атқарады:
- ойын – сауық;
- коммуникативтік немесе қарым – қатынастық;
- диагностикалық (ойын барасында өзін - өзі тану);
- коррекциялық (өзін - өзі түзету);
- әлеуметтендіру..
Ойын – балалар үшін еңбек те, оқу да. Ойын – айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Ал талантты педагог В.А. Сухомилинский “Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мәндегі ақыл – ой тәрбиесі деуге болмайды” деп айтады.“Ойлы бала ойынынан белгілі” – деп халық та тегін айтпаған. Демек, осы пікірлерге сүйенсек, қазақ тілі оқушылардың білуге деген ынтасы мен мүмкіншіліктерін толық пайдалану, оларды оқу барысында үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлерін мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, біліп меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төменгі және орта сынып оқушыларының назары сабақтан гөрі ойынға ауып тұрады.
Қызықты ойын түрінен кейін олар сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады. Ойын түрлері қимыл – қозғалысты ойындар бастауыш сыныптарында көбірек пайдалануға болады. Ал дидактикалық ойындар барлық сыныптарда қолданыла береді. Дидактикалық ойындар сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын арттырып, оқушының танымдық белсенділігін, ынтасын күшейтеді. Ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау қабілеті дамиды, өздігінен қорытынды жасай білуге машықтанады. Сабақта ойындарды пайдаланғанда ойынға қойылатын методикалық талаптарды білу қажет. Олар мыналар:
1. Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнектілер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.
2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндіріледі.
3. Ойынға сыныптағы барлық баланы қатыстыру.
4. Ойынның жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, оларды ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуге жетелеу керек. Бұл әдіс, талаптарды орындамаған кезде, оқушы ойынға қызықпайды. Сөйтіп, ойын өз мәнін жояды.
Сабақта ойын түрлерін пайдалану – сабақтың формалары мен әдістерін жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойын түрлерін оқу барысын пысықтау, жаңа сабақты қорытындылау кезеңінде, қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Ойын элементтерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұны неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану, сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді. Оқушылардың ынтасы мен қызығушылығын арттырады.
Орыс кластарындағы қазақ тілі сабақтарында ойын түрлерін қолдану-оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, сабаққа белсенді қатысуын қалыптастырады. Әрине, бұл талапты күнделікті жүзеге асыру үшін мұғалімнің көп ізденуіне, еңбектеуіне тура келеді. Өтетін тақырыпқа байланысты ойын түрлерін ойластыру, дайындау оңай жұмыс емес екені әріптестірге мәлім. Сондықтан мұғалім өз жұмысына барынша беріліп, уақытпен күш-жігерін жұмсауы тиіс. Қазіргі кезде қолданып жүрген технологиялардың ішіндегі М.М.Жанпейісованың ұстанымдары басшылыққа алынған. Сабақта «Модульдік оқыту технологиясының» диалог бөлімінде кеңінен қолдана бастаған ойын түрлері де көп. Бұл ойындарда мұғалімнің міндеті-сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, біліктілік шеберлігін меңгеруге қол жеткізу. Оқушы айтар ойын сабақта жасқанбай білуі еркін, дұрыс, жатық әрі түсінікті етіп жеткізіп қана қоймай, тек теориялық тұрғыдан ғана үйренбей, білімін практикалық өмірде кеңінен қолдануы маңызды роль атқарады. Мұндай жағдайда жаңа технологиялардың дидактикалық ойын түрлерін пайдалану тиімді. Сабақта дидактикалық ойын түрлерін пайдалануда бала білімінің деңгейін, біліктілік сапасын көтеретіндей, ұлттық санаға, салт-дәстүрге, тәрбиеге сай болуын ескеруіміз тиіс. Мысалы: көкпар, асық ойыны. Ы.Алтынсарин еңбектерінде дидактикалық ойындар туралы ғылыми-әдістемелік мағлұматтар берілмегенмен,оның оқуға оқушыларды қызықтыруды, түрлі жаңылтпаштарды, жұмбақтарды кеңінен пайдаланғанын көреміз. А.Байтұрсынов «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің,шеберлігінің керек орны, өздігінен алатын тәжірибелі білімінің ұзақ жолын қысқарту үшін, сол жолдан балалар қиналмай өту үшін балаға жұмысты әліне қарай шағындап беруі мен баланың бетін белгілеген мақсатқа түзеп отыру»,-деп тұжырымдайды. Демек А.Байтұрсынов дидактикалық ойындарды балалардың қуатын арттыруда, орфоэпиялық дағдыларын қалыптастыруда толық пайдаланған. [2,48б]