Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім


Қазақ тілі сабағында қолданылатын дидактикалық ойындардың түрлері



бет4/5
Дата24.05.2023
өлшемі35,26 Kb.
#96635
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дидактикалык ойындар

2.2 Қазақ тілі сабағында қолданылатын дидактикалық ойындардың түрлері
Қазақ тілі мен ана тілі сабақтарында қолданылған дидактикалық ойындарды сабақтың мақсатына қарай мынандай түрлерге бөліп қарастырған:
1.Тапқырлық ойындар;
2.Ізденімдік ойындар;
3.Рөлдік ойындар;
4. Іскерлік ойындар.
1. Тапқырлық ойындар – оқушылардың логикалық ойлауын қалыптастыратын, әрбір тапсырмада берілген жауаптардың арасынан дұрыс жауапты табуды қажет ететін ойын түрі. Мысалы: асық ойыны.
2. Ізденімдік ойындар – оқушыларды өздігінен ойлауға, меңгерген білімін жүйелеп, жинақтауға, белгісіздік табуға дағдыландыруға арналған ойын түрі.
3. Рөлдік ойындар – оқушылардың шығармашылық ойлау, қабілетін дамытуға арналған ойын.
4. Іскерлік ойындар – оқушылардың түрлі жағдайда дұрыс сөйлеуін қалыптастыратын диалогтық және монологтық сөйлеу үлгілерін жетілдіретін ойын түрі.
Олай болса, оқу-тәрбие үрдісінде дидактикалық ойындарды әрі әдіс, әрі құрал жаңа технология ретінде орынды қолдана алу білім нәтижелігін арттырудың да маңызды фактор екендігін даусыз. «Бір сарынды және бір бағытта ұзақ жүргізілген іс-әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан әсіресе бастауыш сыныптарда оқыту барысында әр түрлі оқыту әдістері мен формаларын салыстыра отырып қолдану керек», - дейді К.Д.Ушинский. Интербелсенді ойын жаттығу арқылы танымдық қызығушылылықты үнемі жаңа нәрселермен танысу үшін, белгізіздік алдындағы қорқынышты жеңе білу, тыныш жағдайдан шығуға оқушының өзін-өзі итермелеуге жол ашады. Интербелсенді оқу жаттығулары арқылы жоғары сапалы көрсеткіштерге ие болады. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. [5,45б]

Ойынның атқаратын функциясы:
- Көңіл аулау (негізгі атқаратын міндеті-көңіл көтеру, көңіл аулау, жандандыру, қызығушылығын арттыру).
- Коммуникативтік: сөйлеу тілін ұстарту.
- Ойын терапиясы: өмірде кездесер түрлі қиындықты жеңу жолдарын көрсетеді.
- Диагностикалық: қалыпты тәртіптен ауытқуды табу, ойында өзін-өзі тануға көмектесу.
- Әлеуметтік: адамдарды қарым-қатынас нормаларына бейімдеу.
Ойын элементтері белгілі бір мақсатта, тілді меңгеруге деген ынтазарлықты оята отырып, орындаушылық қабілетке де жетелейді. Түрлі ойындарды өткізу сөзсіз сабақты жандандырып, қызығушылығын арттырады. Ойын баланың басқа тілде сөйлеу кезінде пайда болатын қысылу, ұялу секілді сезімдерін жояды. Оқушының жеңуге деген құмтарлығын арттырады. Осылайша ойын түрлері баланың дұрыс сөйлеуі мен тілін дамытуда жетістікке жеткізер жолдың бірі болып табылады. Ойын технологиясында жекелей ойындар немесе тек ойын элементін енгізу мұғалімнің міндеті. Сонымен ойын технологиясы белгілі бір ортада өзіне тән ерекшелігімен, түрлі затпен немесе затсыз т.б.айқындалады.
Қазақ тілі сабағында қолдануға болатын дидактикалық ойындар мен оларды жүргізу тәртібіне тоқталып өтсек:
Ойынның аты: “Жануарлар қалай дыбыстайды?”
Ойынның мақсаты: Балалардың тілін ұстарту.
Ойынның шарты: Ойынға қатысушылар өздері білгенінше жануарлардың қайсысы қалай дыбыстайтынын айтады. Кім көп білсе, сол “дәрігер” болып саналады да, қалғандарына “ем” белгілейді. Мысалы: Айгүл - өлең, Болат – жаңылтпаш айтсын, Таубай – жұмбақ шешсін, т.с.с. Жануарлардың дыбыстауын ең көп білетін бала, былай түсіндіреді:
Жылқы – кісінейді, шұрқырайды, азынайды.
Сиыр – мөңірейді, өкіреді.
Қой, ешкі – маңырайды.
Түйе – боздайды, сарнайды.
Шошқа – шыңғырады, қорсылдайды.
Ит – үреді, ырылдайды, арсылдайды, қыңсылайды.
Мысық – мияулайды.
Ойынның аты: “Ұйқасын тап!”
Ойынның мақсаты: Балаларды өлең құрастыруға баулу.
Ойынның шарты: Өлең жолдарында айтылуға тиісті ұйқас сөздерді табу.
Қайсы күні қандай сабақ,
Қалай менің үлгерімім?
Еш жаңылып қалмай, санап
Жүреді ылғи ... . (күнделігім)

Ойынның аты: “Мағынасы қандай?”


Ойынның мақсаты: Оқушыларды сөздердің мағыналарын ажырата білуге үйрету.
Ойынның шарты: Өлең жолдарына сүйеніп, қарамен жазылған сөздердің мағыналарын түсіндіру.
Қайыпбайдың, қарашы,
Қандай ерке баласы.
Нан жемейді нансаңыз,
Тек қант пен бал – асы.
Ойынның аты: “Жұмбақ зат”
Ойынның мақсаты: Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін арттыру, тілдерін ұстарту.
Ойынның шарты: Оқушылардың алдына ыдысқа салынып бір зат әкелінеді. Мұғалім не бір оқушы сол заттың ерекшеліктерін жұмбақ етіп жеткізеді. Қалған оқушылар ыдыстың ішінде не жасырылғанын табулары тиіс.

Ойынның аты: “Сұрақ - жауап”


Ойынның мақсаты: Оқушыларды мақал – мәтелдерді тез есте сақтап, оны дәл уақытында еске түсіре білуге үйрету
Ойынның шарты: Оқушыға белгілі бір мақалдың негізіне құрылған сұрақтар ұсынылады. Ал оқушы сұраққа тиісті мақалмен жауап беруі керек. Мысалы:
- Елдің атын кім шығарады?
- Елдің атын ер шығарады.
- Әдепті бала қандай бала?
- Әдепті бала – арлы бала.
- Әдепсіз бала қандай бала?
- Әдепсіз бала – сорлы бала

Ойынның аты: “Мағынасы қандай?”


Ойынның мақсаты: Оқушыларды сөздердің мағыналарын ажырата білуге үйрету.
Ойынның шарты: Өлең жолдарына сүйеніп, қарамен жазылған сөздердің мағыналарын
Қайыпбайдың, қарашы,
Қандай ерке баласы.
Нан жемейді нансаңыз,
Тек қант пен бал – асы.
Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше ойын қажеттілігі жетелеп отырады. Ал жас баланың ой-өрісі ойын арқылы дамиды. Ойын барысында баланың адамгершілік қасиеттері, өмірге деген көзқарасы, қызығушылығы қалыптасады. Ойын арқылы сыныптағы нашар оқитын оқушыларды да сабаққа нәтижелі тартуға болады [4].

Қорытынды


Қорыта айтқанда,ойын оқу үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сол сияқты ойынды оқушылар мен мұғалімдер бірлескен оқу әрекетінің өзара байланыста болатын технологиясы ретінде қарастыруға болады.Педагог- ұйымдастырушы, ақыл-кеңесші, ойын барысында болатын даулы мәселені шешетін әділ төреші. Ең бастысы - баланың досы. Дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындардыпайдалануда оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке, қамқорлыққа,қайырымдылыққа тәрбиелейді. Мектеп оқушыларының сол пәнге деген белсенділігі артады және бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.Казіргі заман мектептерде дәстүрлі білім беру үрдісіне сан-қилы дамыту жұмыстарын белсенді еңгізу, оқушының жан-жақты болу зейінің,есінде сақтау қабылетін және т.б. психикалық қызметін дамуына зор үлес қосу, педагогикалық ұжымының ең маңызды мақсаты.
Қазақ тілі қазіргі уақытта өзге ұлт өкілдеріне балабақшадан бастап оқытылып келеді. Мемлекеттік тілді оқыту, болашақ ұрпақтың бойына қазақ тілін құрметтеу сезімін қалыптастыру мұғалімдердің үлкен еңбегін қажет етеді. Ұстаздар бұл бағытта аз тер төгіп жатқан жоқ. Кішкентай кезінен қазақ тіліне сусындап өскен балалар қайтсе де бұл тілдің қадір-қасиетін біліп өседі деп ойлаймын. Оларға тек жаттанды түрде оқытпай, қазақ халқының тәлім-тәрбиесін де үйрете алуымыз қажет. Сабақтың қызықты өтуі үшін мұғалімдер әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Соның ұтымды бір түрі — ойын арқылы тіл дамыту болып табылады.
Дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды,пайдаланудаоқушыларды әдептілікке,адамгершілікке,қамқорлыққа,қайырымдылыққа тәрбиелейді. Мектеп оқушыларының сол пәнге деген белсенділігі артады және бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді. Балалар ойын барысында тәлім-тәрбиелік маңызы жоғары, адамгершілік,ізгілік қасиеттеріне сезініп, өздерін еркін ұстап, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологикалық түсінікпен сезім әрекетіне сүйенеді.Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді. »



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет