Аталық жыныс жасушаларының пайда болуы иректелген ұрық түтікшелерде өтеді. Алғашқы сатысында сперматогенді эпителийдің шетіне қарай орналасқан сперматогонялар көбейе бастайды. Сперматогониялардың екі түрін ажыратады: 1) А типі бағаналық сперматогонялар, олардың өзі екіге бөлінеді:ұзақ өмір сүретін бағаналық жасушалар және тез жаңарып отыратын жартылай бағаналы жасушалар. 2) А және В типті дифференцияланушы сперматогониялар.

А типті бағаналы жасушалардың жартысы бөліну кезінде цитокинезді аяқтамай, бір-бірімен цитоплазмалық көпіршіктер арқылы байланысады. В типті жасушалардың ядролары ірі, хроматині тығыз орналасқан.
Өсу сатысында сперматогониялардың бөлінуі тоқтап, олар бірінші реттік сперматоциттерге дифференцияланады. Олар сперматогенді эпителийдің адлюминальды қабатына аусады. Сперматогониялар көлемі ұлғайып,миоздың бірінші бөлінуіне өтеді. Бірінші бөлінудің фазасы 5 сатыдан тұрады: лептотета, зиготена, пахитена, диплотена, диакинез. Сперматоцит прелептотена сатысында болады. Лептотена сатысында хромасомалар жіңішке жіпшелер түрінде көріне бастайды. Зигота сатысында гомологты хромосомалар жұптасып бивленттер құрайды. Пахитена сатысында жұп хромосомалар шиыршықталудың нәтижесінде жуандап, қысқарады. Диплотена сатысында бивалент құраған гомологты хромосомалар ажырайды. Диакинез сатысында хромосомалар одан әрә жуандай түседі,содан кейін миоздың бірінші бөлінуінің метафаза сатысында өтеді,хромосомалар экваторда орналасады.