Жоспар Кіріспе: Негізгі бөлім



бет7/7
Дата16.11.2023
өлшемі4,84 Mb.
#124257
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ЖЫНЫС-ЖҮЙЕСІ-АНАТОМИЯСЫ-ПРЕЗЕНТАЦИЯ 2

Овогенез

Овогенез 3 сатыдан тұрады: көбею,өсу,пісіп жетілу. Бірінші сатыда ұрықтың жыныс бездерінде овогониялардың көбеюі мен біріншілік фолликулдардың қалыптасуы өтеді. Екінші сатысы жетілген аналық безінде өтеді. Үшінші сатысы II-реттік овоциттің түзілуімен және овуляцияның нәтижесінде. Пісіп жетілу сатысының бірінші бөлінуінде I-реттік овоцит бөлініп,нәтижесінде II-ші реттік овоцит пен редукциондық денешік пайда болады. Редукциондық денешік цитоплазмасының мөлшері аз ұсақ жасуша. Ол бөлінк кезінде I –ші реттік овоциттің ядросыны әрбір тетрадасынан бір диададан алады. Пісіп жетілу сатысының екінші бөлінуінде II-ші реттік овоциттің бөлінуі аналық жыныс жасушасы мен екі редукциондық денешіктің пайда болуына әкеледі.

Жатыр түтікшелері

Жұп мүше,олар құрсақ қуысымен жатыр қуысын байланыстырады.

Жатыр түтікшелері парамезонефральды өзектердің жоғарғы бөлігінен тұрады.

Құрлысы бойынша үш қабаттан тұрады: шырышты, бұлшық еті және сірлі.

Шырышты қабықшаның ірі, тармақталған, бойлай орналасқан қатпарлары бар. Ол екі қабаттан тұрады: эпителийден және шырышты қабықшаның меншікті табақшасынан. Эпителий бір қабатты призма пішінді. Кірпікшелі және безді жасушалар болады. Безді жасушалар шырыш бөледі. Негізгі қызметтері; аналық жыныс жасушаларының жатырға қарай жылжуын қамтамасыз етеді, секреторлық ( шырыш бөлу ), эмбриональдық дамудың бастапқы сатыларын қамтамасыз етеді.


1.Жұмыртқа болікшелерге
2.Ұрықтың иректелген түтігі
3.Ұрық торы
4Қосалқы бөлікшелер
5.Қосалқы өзек
6.Шығарушы түтік

Жатыр.

Ұрық құрсақішілік дамуын қамтамасыз ететін мүше болып табылады. Қыныптың оң және сол жақ парамезонефральды өзектердің дистальді бөліктерінің қосылған жерінен дамиды. Осыған байланысты дамудың бастапқы кезеңінде жатырдың пішіні екі мүйіз тәрәзді, бірақ эмбрионалықі дамудың 4-ші айында жатыр мен қынап бөлініп,жатырдың пішіні алмұрт тәрізді болып өзгереді. Шырышты, бұлшық еті және сірлі қабаттардан тұрады.

Қорытынды:

  • Аталық және аналық жыныс жүйелері репродуктивтік және эндокриндік қызметтерді атқарады.Жыныс жүйесі мен зәр шығару мүшелерінің дамуы бір – бірімен тығыз байланысты.Аталық және аналық жыныс жүйелерінің атқаратын қызметтері ұқсағанымен, олардың құрылысы бір – біріне ұқсамайды.

Қолданылған әдебиеттер:

  • Цитология,эмбриология және гистология” Ж.О.Аяпова. Алматы 2007 263-282 бет.
  • «Зәр шығару және жыныс жүйелерінің гистологиясы» К.Т.Нурсейтова. Қарағанды 2009ж 27-67 бет.
  • Интернет желісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет