Аталық жыныс безінің дамуы алғашқы бүйректің үстінгі бетінде дәнекер тіндік капсуланың қалыптасуынан басталады. Капсула жыныстық бауларды жыныстық үйемелерден оқшаулайды. Баулардан ұрық түтікшелері мен аталық жыныс бездердің торы дамиды.
Аталық жыныс безінің торының түтікшелері тығыз талшықты дәнекер тінінен тұратын капсулаға жақындап келіп,шығарушы түтікшеге жалғасады. Ал ол аталық жыныс безінің қосалқысының түтігіне ұласады. Оның проксимальді бөлігі шиыршықталып қосалқысының денесін құраса,дистальді бөлігін ұрық шығарушы өзек түзіледі.Парамезонефральді өзекер адамдарда кері дамыған,оның жоғарғы және төменгі шеттері ғана сақталады. Төменгі қалдығын простаталық жатырша деп атайды. Ол зәр шығару түтігіне ұрық шығарушы өзектің түйіскен жерінде орналасқан. Парамезонефральды өзектің кері дамуына әсер ететін ген 19-хромасоманың қысқы иығында орналасқан. Простата мен ұрықтың көпіршектері зәр және жыныстық синустардың өсіндісі болып табылады. Эбрионалдық дамудың 22 аптасынан кейін гоноциттер сперматогонияларға айналады.
Тірек жасушалары (Сертоли жасушалары).
Базальді мембранада орналасады,пішіні пирамида тәрізді. Ядролары дұрыс пішінделмеген. Цитоплазмасында түйіршіксіз эндоплазиалық тор, Гольджи кешені жақсы дамыған. Микротүтікшелер,микрофиломенттер,лизосома қосындылары болады. Бүйір беттерінде ойықтар болады,бұл жерде сперматогониялар,спермотоциттер,сперматидалар орналасқан. Тіректік жасушалардың арасында байланыстар қалыптасып,сперматогенді эпителийді екі бөлікке бөледі-сыртқы базальды және ішкі адлюминальды. Базальді бөлігінде сперматогонялар орналасады. Адлюминальды бөлігін сперматоциттер,сперматидалар және сперматозоидтар құрайды.
Сустентоциттер қорғаныш қызметін атқарады, зақымданған жыныс жасушаларын фагацитоздауға қабілетті,жыныс гармонын тасмалдайтын андроген байаныстырушы ақуызын бөледі. Тіректік эпителиоциттердің екі түрін ажыратады – ашық түсті, аденогипофиздің ФСГ бөлуін тежейтін ингибин бөледі және күңгірт түсті, жыныс жасушаларының бөлінуін арттыратын арттыратын фактор бөледі.