Оқыту процесінің мәні, оның ерекшеліктері мен қызметтері
Оқыту процесі – білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш – қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс – әрекет барысы. Оқу барысында оқушының сана – сезімі, адамгершілік қасиеттері, эстетикалық талғамы, тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.
Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар айдарайық.
Оқыту – мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
Оқыту – таным процесі. Танымның ерекшелігі оқушыда білімге деген қызығушылығы ұдайы өсіп, арта түседі.
Оқыту процесінің мәні Педагогикалық Оқыту принциптері
мен ерекшеліктері технология
білім берудің мазмұны Дидактика оқушылар дүниетанымын
қалыптастыру
оқыту әдістері оқытуды ұйымдастырудың оқушылардың білімін
формалары іскерлігін, дағдыларын
бақылау мен бағалау
Дидактиканың пәні
мақсаты
заңдылығы
Оқыту принципі
мазмұны
әдістері мен тәсілдері
құралы
Оқыту процесі Оқытудың қағидалары
Дидактиканың негізгі ұғымдары
Білім берудің мазмұны Оқытуды ұйымдастырудың формасы
Оқытудың міндеті – оқушыны айнала қоршаған ортамен (табиғат, қоғам) және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру. Оқушы дүние тануда бұрын ғылымда белгілі болған, зерттеліп дәлелденген жаңалықтарды, заңдылықтар мен тұжырымдарды әрі қарай дамыты түседі.
Оқытуда ғылым негіздерін оқып үйренудің өзі, ғылым тарихымен, оның әдістерімен танысу, ұлы ғалымдардың өмірі мен қызметі жайлы ақпарат алады.
Оқыту – даму негізі. Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.
Баланың өзіндік дамуына әсер ететін негізгі фактордың бірі – өзара қарым-қатынас жасау іс-әрекеті. Сөйтіп, оқыту процесі – мұғалімнің баламен үнемі рухани қарым-қатынаста, ынтымақтастық жағдайда болуын қажет етеді. Оқыту процесінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана емес, оның оқу іс-қимылы мен өзінің психикалық процестерін басқару, ұйымдастыры білуі (іс-әрекетін білуі, бағалауы, өзін-өзі басқаруы) оқытудағы субьекті екенін айқындайды. Оқыту процесінде бала логикалық ойлау болмысының жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға дағдыланады. Бұдан шығатын қорытынды: оқыту – баланың рухани жағынан жетілуін қамтамасыз етеді; оқыту – бала дамуының алғышарты. Демек, оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс туындап отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |