Негізгі бөлім Дидактика пәні және оның категориялары Дидактика – педагогиканың маңызды бір саласы болып табылады. Дидактика гректің екі сөзінен алынған: «didaktikas»- оқытушы, «didasko»-оқушы. Бұл ұғым оқыту немесе үйрету деген сөздерді білдіреді.
Бұл ұғымды ғылымға неміс педагогы Вольфанг Ратке (1571-1635) енгізген. Сол мағынада бұл ұғымды чех педагогы Я.А. Коменский пайдаланып, 1657 жылы өзінің «Ұлы дидактика» еңбегін жарыққа шығарды. Оның ойы бойынша, дидактика “нені оқыту” және “қалай оқыту керек” деген сұрақтарға жауап береді. Заманауи ғылымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді, қашан, қайда, неге оқыту.
Қазіргі түсінік бойынша, дидактика – білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зерттеу пәні – оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.
Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика оқытудың жалпы заңдылықтарын, принциптерін қарастырады. Жеке дидактика жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарап оқыту әдістемесі деп аталады. Мысалы, математиканы оқыту әдістемесі, тарихты оқыту әдістемесі.
Дидактика әрі теориялық, әрі қолдаңбалы ғылым болғандықтан ғылыми – теориялық және қолдаңбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми – теориялық қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қолдаңбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, жаңа технологияларды жасап енгізу.
Дидактика педагогиканың жалпы категорияларын ( тәрбие, педагогтік іс- әрекет, білім беру) пайдаланады. Сонымен қатар дидактиканың өз категориялары да бар: білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процестері, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.Кейбір категорияларға анықтама берейік:
Оқыту – оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.
Оқыту мазмұны – өкімет арнайы таңдап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірбиесінің бөлшегі. Ол – оқытудың нәтижесі болатын білім, білік, дағды, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.