Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім



бет2/2
Дата19.04.2023
өлшемі26,24 Kb.
#84614
1   2
Қорытынды
Елімізде күннен күнге мүмкіндіктері шектеулі топтарға көмек көрсетуші қайырымдылық қорлар саны көбеюде. Олардың қатарында республикалық халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры, Алматы облыстық «Балбөбек» балалар қоры, Алматы қалалық «Бөбек» балалар қоры, Алматы қалалық «Эльдани» балалар қорлары бар. Ал мүгедектерге арналған қайырымдылық көмек қорларының қатарында жалпы Ұлттық қайырымдылық қоры, Республикалық «Бибі ана» мүгедек әйелдер қоры, «Жан» мүгедек балалары бар отбасына көмек қоры; республикалық мүгедектер қайырымдылық қоғамы, Ауғаныстан ардагерлер комитеті; «Эльдорадо» қайырымдылық қоры; Алматы қаласы Бостандық ауданы мүгедектер қайырымдылық қоғамы; ҚР ардагерлер қоғамы бар.
Мүгедектік мәселесін адамның әлеуметтік мәдени ортасынан, отбасынан, және интернат үйлердегі жағдайынан тыс түсіндіру мүмкін емес. Жалпы алғанда мүгедектік, адамның мүмкіндігінің шектеулілігі ғана емес және де ол таза медициналық құбылысқа жатпайды. Бұл мәселені тереңірек түсінуге, оның салдарларын болдырмауға, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік, экономикалық, психологиялық т.б. факторлар көмектеседі. Мүгедектерді қоғамға бейімдеуде әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік-экологиялық үлгісін қолданған тиімді. Бұл үлгіге сәйкес мүмкіндігі шектеулі адамдардың қиыншылықтары олардың ауруынан ғана емес сонымен бірге оларды қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның олардың арнайы қажеттіліктеріне сай келмеуінен, адамдардың жақтырмай қараушылығынан да болады. Мүгедек адамдардың қол жеткен жетістіктері рухани және материалдық тұрғыдан қолдауға ие болып отырса олардың өмір сүруге құлшыныстары да артар еді. Мүгедек топтарға қолданылатын әлеуметтік технологиялар олардың белсенді позициясын қалыптастырып қана қоймай, олардың өз-өздерін бағалау, психологиялық сенімдерін нығайту мақсатына да қызмет етуі тиіс. Кеңес үкіметі тұсынан қалыптасып қалған әлеуметтік психологияны жеңіп, жоғары энергиялы, өзін-өзі ұйымдастыра білетін тұлғаларды қалыптастыруға күш салу қажет деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет