Баяндама тақырыбы: “Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік топтағы адамдарды қолдау мен олардың мүдделерін қолдау мен жетілдірудің жолдарына сіздің көзқарасыңыз ” Алматы, 2023 ж.
Жоспар: 1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім 3.Қорытынды Кіріспе Қазақстанда нарықтық қоғамның дамуы мүмкіндігі шектеулі адамдармен жұмыстың мәнінің, технологиясының, әдістерінің жаңа деңгейге көтерілуімен сипатталады. Адамдық потенциалды дамытуға, адамдық капиталға қаржының салынуына мән берілуі әлеуметтік жұмыстың объектілеріне қатысты серіктестікке негізделген қарым-қатынасты дамытуды талап етеді. Оларға мүсіркей қараудың орнына қоғамның тең құқылы азаматы ретінде барлық жағдайлардың жасалуына мән берген жөн. Қоғамның мүсіркей қарауы олардың басқа адамдармен тең емес екендігін мойындаумен бірдей. Қоғам мұндай қатынастардан арылмайынша мүгедектердің өздеріне деген сенімдерінің қалыптасуы мүмкін емес. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғау мен қолдау және оңалту әлеуметтік жұмыс мамандарының маңызды міндеттерінің бірі. Әлеуметтік саясат өзінің тар мағынасында әлеуметтік басқару және институттандыруға қатысты әрі әлеуметтік мемлекет халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау, денсаулық, білім беру салалары негізінде қарастырады. Кең мағынасында әлеуметтік саясат механизмдер мен тәсілдердің бірігуіне атқарушы үкімет, орталық және аймақтық үкімет, сол сияқты жергілікті үкімет әлеуметтік тұрақтылық пен тепе- теңдік арқылы мүмкіндік туғызуға ұмтылады. Әлеуметтік мықты мемлекет адамды экономикалық саясатқа емес, экономиканы адамға байланыстыра дамытады. Әлеуметтік саясаттың басым бағыты- адам, оның еңбектегі мүмкіндіктері, қызығушылықтары және еркін дамуы, лайықты дәрежесі.
Негізгі бөлім Өркениетті қоғамның айнымас қызметі болып әлеуметтік қорғау жүйесінің құрылуы және әр бағыттылығы мен тиімділігін өркендету болып табылады, негізгі мақсаты- өмірде қиындылық жағдайға тап болған жеке адамға жан-жақты көмек көрсету, өзін-өзі толық игере алатын жағдайға жеткізу. Соңғы жылдары Қазақстанда қазіргі әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы негізгі білгір субъектілерін әлеуметтік-кәсіби топтар қалыптастыруда. Осы тұрғыдағы кәсіби нарық енді қалыптасып келеді. Іс жүзінде адамдар өздері де, мейірімді шенеуніктер де шеше алмайтын мәселелермен жиі кездеседі. Осы үшін ерекше мамандық адамдары- әлеуметтік қызметкерлер қажет.
Қазақстан әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басты. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіру стратегиясында халықтың неғұрлым «әлжуаз» топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететін осы заманғы әлеуметтік саясатты ұстану мәселелері көтерілді. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік оңалту қазіргі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қызмет көрсету жүйелері үшін ең маңызды міндет болып табылады. 1992 жылғы 5 мамырдағы Еуропа кеңесі Ассамблеясының 44-сессиясының реабилитациялық бағдарламасына сәйкес мүге- дектік дене, психологиялық, әлеуметтік, мәдени, заңдық және басқа да кедергілерге байланысты адамның қоғамның дені сау мүшелері сияқты болуына мүмкіндік бермейтін шектеулердің болуы ретінде анықталады. Қоғам – өзінің стандартын мүгедектігі бар адамдардың сұранымдарына сәйкес, олардың тәуелсіз өмір сүруіне жағдай жасау мақсатына бейімдеуі қажет. Мүгедектің тұлғалық-психологиялық бейімделуі ретінде, сонымен қатар қоғамның мүгедектік мәселесін эмоционалды-психолгиялық қабылдауы ретінде де бейнеленеді. Мүгедектер халықтың аз ын- таланған тобына жататындықтан қоғамның аз қорғалған, әлеуметтік әлсіз бөлігі болып табылады. Бұл ең алдымен, мүгедектікке әкелген аурумен шақырылған, олардың физикалық жағдайының кемшіліктеріне байланысты. Одан басқа, бұл топтардың әлеуметтік қорғалғандығы, көп мөлшерде, олардың қоғамға қарым-қатынасын қалыптастыратын және олармен байланысты қиындататын психологиялық фактордың бар болуымен байланысты. Психологиялық мәселелер мүгедектердің сыртқы әлемнен алшақтауы кезінде пайда болады. Мұндай мәселелердің алдын алу тек әлеуметтік саясат емес тұрғындардың бұл мәселені шешуде бірігуі қажет. Әлеуметтік-экономикалық мәселелер микроәлеуметтік ортамен (отбасы, еңбек тобы, тұрғын үй, жұмыс орны) және макроәлеуметтік ортамен (ақпараттық орта, әлеуметтік топтар, еңбек нарығы) байланысты мәселелерді мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың елдің мемлекеттік саясаты арқылы шешудің маңызды жолы болып есептеледі. Ал мүгедектік мәселелерін шешу аспектісі ретінде мүгедектерге қатысты заңдылық Қазақстан Республикасының Конституциясының және «Қазақстан Республикасы мүгедектерінің әлеуметтік қорғалғандығы туралы» базалық заңның ерекшеліктеріне негізделеді. Мүгедектер өмір сүруінің түрлі саласындағы қоғамдық қатынастарды басқару үшін сәйкес арнайы заңдылықты актілер қабылданған, сонымен қатар мүгедектердің дәрежесі «салалық» актілерде көрсетілген. Заңға сүйене отырып, мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы жолындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаттары мен міндеттерін, жүзеге асырылу жолдары болып табылады.
Елімізде қазіргі уақытта мүгедектерге жасалатын қамқорлық аясы кеңіп, олардың әлеуметтік ахуалын жақсартуға мән беріліп келеді. Осы мақсатта көптеген іс-шаралар қолға алынып, жұртшылық сол қолдаудың шарапатын көре бастады. Сол жұмыстарды жүйелейтін нормативтік-құқықтық актілер қабылданды. Әрине, бұл істердің барлығы көпті көзайым етерлік ауқымды жобалар екені белгілі. Осыған қарамастан, мүмкіндігі шектеулі жандарға байланысты проблемалар әлі де кездесіп отыр. Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етудегі келесі бір маңызды аспектінің бірі оларды әлеуметтік қолдаудың тепе-тең жүйесін қалыптастыру болып табылады. Бұл жердегі басты мәселе материалдық қамтамасыз етуді жақсарту, оңалту, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру жөніндегі ша- ралар жайында болып тұр. Бүгінде мүгедектерді әлеуметтік қамсыздандыру үш деңгейлі болып табылады. Қазақстан Республикасында халықты қорғаудың негізгі бағыттарының бірі – азаматтарға мемлекет тарапынан әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау, есептеу және төлеу болып табылады. Мүгедектіктің себептерін, топтарын, еңбекке қабілетін жоғалту дәрежесін, сондай-ақ мүгедек болған уақыттағы жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган анықтайды. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар, еңбек өтілі мен табысына қарамастан, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады, ал зейнет жасына жеткен кезде қосымша базалық зейнетақы төленуде.
Елбасымыз айтқандай, еңбек етуге қабілетті және құлшыныстары бар мүгедек жандарды жұмыспен қамтып, олардың қоғам өміріне араласып, әлеуметтенуіне мемлекеттік органдар, жеке кәсіпкерлер және қоғамдық ұйымдар болып мүмкіндік жасаймыз десек, ең бастысы, бейімделген көлікпен жұмысқа барып келу мәселесін шешу болмақ. Ал бұл мәселе тек жүйелі түрде: қоғамдық көліктер аялдамасының инженерлік-техникалық инфрақұрылымның бейімді болуынан бастап, жолаушылар көлігінің жылжымалы құралымдарының арнайы жабдықталуымен, жүргізушілерден бастап басқарма қызметкерлеріне дейін мүгедек жан- дар мен қозғалу қабілеті әлсіз топ мүшелерін қауіпсіз отырғызып, түсіру амалдарына арнайы оқытып даярлауымыз арқылы орында-юлады. Мүгедектер үшін қолжетімді қоршаған ортаны құру мәселесі, соңғы жылдары әртүрлі деңгейдегі кеңестердің күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Мүдделі институттардың бұлайша баса назар аударуы, кедергісіз орта құру жөнінде жұмыстың барлық кезеңінде, мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық ұйымдары өкілдерін тарта отырып, бұл шараны сындарлы да жүйелі жүргізуге мүмкіндік берді. Бұл жұмыстың негізгі бағыттары:
– қолданыстағы заңнаманы жетілдіру;
– мүмкіндігі шектеулі жандардың негізгі өмір сүру салаларындағы нысандар мен қызмет- тердің қолжетімділігі жағдайын бағалау мен ны- сандарды түгендемелеу ;
– жүргізіліп отырған саясатты ақпараттық қолдау болып табылады.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі топтарды әлеуметтік қорғау, қолдау көрсетуде олардың қолжетімді ортасын қалыптастырудаң маңызы зор. Қазіргі біздің қоғамымызда мүгедектердің көшеде қозғалуы, қоғамдық орындарға, бір жерден екінші жерге баруы қиындықтар туғызуда. Мекемелер- ге, сауда нүктелеріне баратын кезде мүмкіндігі шектеулі жанның жанында алып жүретін дені сау бір адам міндетті түрде жүру керек. Бұл от- басы мүшелеріне кедергі болады. Себебі қазір көптеген мекеменің пандустары стандарттарға сәйкес келмейді. Кейбір пандустардан мүгедек емес дені сау азаматтың өзі шыға алмайды. Мәлеле теке пандустарда емес, сонымен қоса қарапайым бардюрлер, есіктің табалдырықтары да мүгедек жанның кіріп шығуына кедергі бола- ды. Бұл мәселені шешу үшін жаңадан салынып жатқан тұрғын үй немесе құрылыс объектіліріне стандарттар негізінде салынуын қадағалау керек. Тек пандус, бардюрлер емес әжетхана, лифт және тағы басқа нысандар. Сонымен бірге, әлемдік стандарттарға қарау қажет. Бүкіл әлем ғимараттар, құрылыстар, көшелер, саябақтар және гүлзар салу кезінде бірегей дизайн пайдаланады. Бізге мүгедек арбасымен жүретіндер үшін жағдай жа- салса, басқа азаматтарға да ыңғайлы бола алады.