Әртүрлі табиғи антибактериалды заттар – календула тұнбасы, натрий уснинаты, новоиманин, лизоцим
Гологенді қосылыстар
Хлорамин Б суда ерігенде хлорлы қышқыл түзіледі. Әрі қарай ыдырауы рН ортаға байланысты болады. Қышқыл және нейтралды реакцияға түскенде хлорлы қышқылдан атомдық хлор мен оттегі босап шығады да, микроб жасушасының белоктарымен байланысып, оның денатурациясын шақырады. Хлорамин Б-ның өткір иісі бар, ол күшті тітіркендіргіш әсер көрсетеді.Антибактериалды әсермен қатар хлор препараттары иісті жояды, ткандерді түссіздендіреді және зақымдайды, металлдардың коррозиясын шақырады, инсектицидтік әсер көрсетеді.
Хлорамин Б қолданылуы: жұқпалы жараларды, науқасты күтуге арналған заттар мен науқастың бөлінділерін залалсыздандыру үшін және металл емес инструменттерді, бөлмелерді дезинфекциялау үшін. Стоматология практикасында антисептикалық зат ретінде бұл препаратты стоматитте шырышты қабаттарды, пародонтитте тіс-қызыл иек қалталарын өңдеу үшін және пульпит, пародонтитті емдеуде түбір каналдарын залалсыздандыру үшін кеңінен қолданады.