Хлорамин Б жанама әсерлері: тыныс алу жолдарын және жаққан жердің тітіркенуі.
Йодтың спиртті ерітіндісі – құрамында белсенді йоды бар препарат. Фармакологиялық әсерлері: антисептикалық, қан тоқтатқыш, фунгицидтік (саңырауқұлаққа қарсы), иісті жоятын, тітіркендіргіш, алаңдатушы әсерлері бар. Антисептик ретінде операциялық аймақты, тері жарақаттарын өңдеуге, миозит, артрит кезінде алаңдатушы зат ретінде қолданылады. Йод препаратының күйдіргіш әсерін жарақат, травма кезінде қан кетулерді тоқтату үшін қолданады. Стоматологияда стоматитті емдеуге, ал самай-жақ буынының артритінде, периодонтитте ионофорез жасауға қолданылады.
Сутегінің асқын тотығының әсер ету механизмі: іріңді жарада, қанда, және басқа да белокты өнімдерде сутегінің асқын тотығы каталаздық жолмен ыдырайды да молекулалық оттегін бөледі, нәтижесінде көпіршік пайда болады да, жараны механикалық жолмен тазалайды. Жараны тек механикалық жолмен тазалайды. Сондықтан әлсіз антисептик болып табылады.
Сутегі асқын тотығының қолданылуы:
Стоматит
Ангина Кариес,Жұмсақ тіндердің қан кетуі
Калий перманганаты – күшті антисептик.
Калий перманганаты – күшті антисептик.
Тінмен жанасқанда атомардық оттегін және марганецтің қос тотығын бөледі.
Атомарлы оттегі – күшті антисептикалық және йісті жоятын әсер көрсетеді.
Марганецтің қос тотығы – қармаушы (қабынуға қарсы), ал жоғарғы концентрацияда күйдіргіш әсер көрсетеді.
Белоктың қатысуымен калий перманганатының антибактериалды белсенділігі төмендейді.