Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім


Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттарға қойылатын талаптар



бет2/6
Дата02.05.2023
өлшемі1,7 Mb.
#89206
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
фм

Антисептикалық және дезинфекциялаушы заттарға қойылатын талаптар

  • Микробтарға қарсы әсер спектрі кең болуы тиіс.
  • Микробтарға қарсы белсенділігі жоғары болуы, яғни аз көлемде қоздырғыштың өмір тіршілігін тежеуі тиіс.
  • Басқа антисептиктермен және дезинфекциялаушы заттармен үйлесімді болуы керек
  • Жарыққа, жоғарғы температураға тұрақты болуы тиіс.
  • Биоорганикалық субстраттардың қатысуында, стерилдегенде және сақтағанда өзінің белсенділігін жоғалтпауы керек.
  • Науқастың терісін, таңатын заттарды, төсек-орынды, киімді басқа түске боямауы керек және өткір жағымсыз иісі болмауы керек.
  • Жалпы токсикалық, мүшені зақымдайтын, аллергиялық, мутагенді, канцерогенді және тератогенді әсерлері болмауы керек.
  • Жағылған жерден қанға аз мөлшерде сорылуы керек жәнеде қанға сіңгенде жанама әсерлер шақырмауы тиіс.
  • Препараттарды жұптастырып қолданғанда бірінің әсерін бірі төмендетпеуі керек және химиялық реакцияға түспеуі керек. Жараның жазылуын бұзбауы керек.

Препараттардың жіктелуі

  • Галогенді қосылыстар - Хлорамин Б, йодтың спиртті ерітіндісі, йодинол
  • Тотықтырғыштар – сутегінің асқын тотығы ерітіндісі, калий перманганаты
  • Қышқылдар мен сілтілер – бор қышқылы, аммиак ерітіндісі
  • Металлдар қосылыстары – сынаптың сары тотығы, сынап дихлориді, күміс нитраты, мырыш сульфаты, мыс сульфаты
  • Фенол және оның туындылары - Фенол, резорцин, лизол
  • Альдегидтер және спирттер – формальдегид ерітіндісі, этил спирті
  • Бояғыштар – бриллиант жасылы, этакридин лактаты
  • Нитрофуран туындысы – фурациллин
  • Детергент - церигель, этоний, роккал
  • Әртүрлі табиғи антибактериалды заттар – календула тұнбасы, натрий уснинаты, новоиманин, лизоцим

Гологенді қосылыстар

  • Хлорамин Б суда ерігенде хлорлы қышқыл түзіледі. Әрі қарай ыдырауы рН ортаға байланысты болады. Қышқыл және нейтралды реакцияға түскенде хлорлы қышқылдан атомдық хлор мен оттегі босап шығады да, микроб жасушасының белоктарымен байланысып, оның денатурациясын шақырады. Хлорамин Б-ның өткір иісі бар, ол күшті тітіркендіргіш әсер көрсетеді.Антибактериалды әсермен қатар хлор препараттары иісті жояды, ткандерді түссіздендіреді және зақымдайды, металлдардың коррозиясын шақырады, инсектицидтік әсер көрсетеді.
  • Хлорамин Б қолданылуы: жұқпалы жараларды, науқасты күтуге арналған заттар мен науқастың бөлінділерін залалсыздандыру үшін және металл емес инструменттерді, бөлмелерді дезинфекциялау үшін. Стоматология практикасында антисептикалық зат ретінде бұл препаратты стоматитте шырышты қабаттарды, пародонтитте тіс-қызыл иек қалталарын өңдеу үшін және пульпит, пародонтитті емдеуде түбір каналдарын залалсыздандыру үшін кеңінен қолданады.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет