Жоспар: Кіріспе Саяси ойлардың даму кезеңдері: мемлекетті басқару идеялары Қайта Өрлеу дәуірінің көрнекті өкілдері Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе


Қайта Өрлеу дәуірінің көрнекті өкілдері



бет2/2
Дата19.02.2023
өлшемі1,02 Mb.
#69074
1   2
Қайта Өрлеу дәуірінің көрнекті өкілдері
Никколо Макиавелли (1469-1527) буржуазиялық жаңа саяси ойдың негізін салушы болды. Оның атақты шығармалары «Патша» («Государь», «Тақсыр»), «Тит Ливийдың бірінші онкундігі жөніндегі ойлар», «Флоренция тарихы». Макиавелли дінге қарсы болды. Саясаттану ғылымына жасаған жаңалығы: саясатты теологиялық түсінуден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Шындықтың тәжірибесі сенім емес, тәжірибе дейді, өткенді түсініп, осы күнгіні басқаратын – тәжірибелі ғылым. Саяси ойға «мемлекет» ұғымын алғашқы рет еңгізген. Оның әйгілі қағидалары: «Мақсат амалды ақтайды», «Басшы астындағы бағыныштылардың сүйіспеншілігіне бөлінбесе де қаһарына ұшырамас үшін елді қорқытып қатал болу керек» және басқалары.
Томас Мюнцер (1493-1525 жж.) Германиядағы Ұлы шаруалар көтерілісі кезіндегі «халық реформасы» ағымының ірі саяси қайраткері. Ол қоғамда шешуші рөл атқаратын саяси бағдарлама жасауды ұсынды. Бағдарламадағы негізгі талап, жеке меншікті жою мүліктерді біріктіріп, таптық айырмашылықтарды теңсіздікті, болдырмау жалпы бірдей теңдікті кіргізуді жақтады. Мюнцердің мұндай негізсіз, қарапайым коммунизмі кейіннен діни мазмұн алып өзгеріске ұшырады. Ниеті түзу прогресшіл рөл атқарғанымен, оның іс жүзіне асуы өте күрделі еді.
Мюнцердің замандастары алғашқы социалист утопистер Т. Мор мен Т. Кампанелла да халық мүддесін ойлап, келешек адамды адам қанамайтын қоғам туралы өз ойларын, тұжырымдарын білдірді.Жаңа заманның буржуазиялық революциялары арқылы орналды, Ұлы Француз революциясының ұраны: бостандық, теңдік, бауырмашылық болды. Осы кездің әйгілі ойшылдары – Т.Гоббс, Джон Локк, Шарль Луи Монтескье, Жан Жак Руссо. Осы ойшылдардың еңбегінде қоғамдық келесімдік теориясы пайда болды. Бұл дәуірдің ағылшын ойшылы Томас Гоббс «мемлекет- жасанды дене, басындылар – тұтастың бөлігі» деген.
XVII-XVIII ғ.ғ. Солтүстік Американың Атлантикалық жағалауы Британия колонияларына айналды. Метрополия – коластында колониялары бар мемлекет. Колониялар метрополиядан толық тәуелді болатын. Америка халқының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсон (1743-1826) атымен байланысты. Ол сол кездегі АҚШ-тың «Тәуелсіздік Декларациясы» авторы.19 ғасырда коммунисттік және утописттік көзқарастарды қалыптастырған француз ойшылы Фурье болатын. Осы заманда утописттік социализм ілімін қалыптастырған – Сен-Симон, Фурье, Оуэн.

Қорытынды
Қорытындылай келе,саяси ойлардың дамуы ұзаққа созылды.Кейбіреулер саясаттанудың даму тарихын оқудың не керегі бар деп ойлауы мүмкін.Олай ойлау ағаттық деп ойлаймын.Себебі,біріншіден қазіргі өркениет,демократиялық идеялар бір күн немесе бір жылда пайда болған жоқ.Оған мыңдаған жылдар бойы озық ойлы данышпандар үлес қосты.Екіншіден,адамзат ақыл ойы дамуының өзіндік ішкі қисыны, логикасы болады.Саясаттанудың тарихын білмей,қазіргі саяси жағдайды толық түсіну қиындық етеді.Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін өткен замандардағы ғұлама ғалымдардың,данышпан дарындардың саралы саяси ой-пікірлерін оқып үйренудің маңызы зор.Саясаттанудың даму тарихын зерделегенде тағы бір ескеретін жай- қай заманның ойшылдары болмасын,әлі де ойландыратын ортақ мәселелер бар.Мысалы: мемлекет деген не,ол қайдан пайда боолды,саясат пен адамгершіліктің айырмашылығы қандай т.с.с. Бұл мәселелер әр заманның өз уақытында шешімін табады деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:
Хан И.Г. Саясаттану – Алматы, 2003 ж.
Қуандыков. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998 ж.
Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж.
Василик М.А. Политология. М., 2000 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет