Мәдениет семиотикасы ұғымының түсініктері, қалыптасу ерекшеліктері. Орындаған: 1 курс студенті
Толымбеков Аян
Жалпы медицина факультеты
Тобы: 101А
Қабылдаған: Омарғазы Ерғали
Жоспар
Кіріспе
Семиотика туралы түсінік
1. Негізгі бөлім
Семиотиканың түрлері
Оның маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгелі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет – тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
СЕМИОТИКА
Семиотика - таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт – дәстүр , кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылым.
Семиотика нақты тарихи жайттардан бөлек таңбаларды зерттемейді . Семиотика қорытындылаушы жүйе . Семиотика және семантиканы зерттеу әр кезеңдерде Ч. Пирс, Ч. Моррис, Э. Кассирер, К. Лангер, М. Фуко,Б. Рассел, Р. Барт, В. Тэрнер, К. Леви - Стросс, А.Ф. Лосев , сияқты т.б.
ғалымдардың еңбектерінде қамтылады .
Мәдениеттің рәміздік функцияларын зерттеу - бірқатар ғалымдардың: этнология , мәдениеттану , философия , лингвистика , археология және тағы басқаларының да өзекті тақырыптары болып табылады . Рәміз , белгі және олардың мәдениеттегі маңызды мәселесімен М.А. Бахтин,
В.Я. Пропп, П.А. Флоренский, т.б айналысты . КСРО-да семиотиканы В.
Иванов , Т.В. Гамкрелидзелер және т.б өңдеді . Рәмізді мәдениеттанулық категория ретінде Ю.М. Лотман , В.Я. Пропп, В.Ч. Антоновтар қарастырған . Мәдениеттегі белгі теориясын және белгілік жүйелерді Тарту - Мәскеу мектебінің өкілдері: Ю.М. Лотман, Б.А. Успенский , В.Н. Топоров, Т.В. Цивьян, Ю.К. Лекомцев, А.М Пятигорский және басқалары дайындаған еді.