Қарағанды Мемлекеттік Медицина университеті Анатомия.
Жоспар.
Кіріспе.
Негізгі бөлім:
1. Сүйек туралы ілім. Остеология
2. Сүйектердің қосылуы жайлі ілім. Артрология.
3. Буындар биомеханикасы.
4. Жастық ерекшеліктері.
5. Бұлшықет туралы ілім. миология
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Адам организмінің тағы бір басты функциясының бірі ол кеңістікте қозғалысы.Тірек – қимыл жүйесі екі бөліктен тұрады: активті және пассивті.
Пассивті бөліміне сүйек және олардың байланыстары яғни буындар.
Активті бөліміне қаңқа бұлшық еті жатады. Ол сүйектерге қозғалыс береді, яғни рычаг қызметін атқарады.
Сүйек туралы ілім. Остеология
Қаңқа – механикалық маңызы бар, мезенхимадан дамитын тығыз түзілістердің жиынтығы болып табылады. Ол өзара дәнекер, шеміршек немесе сүйек тканьдерінің көмегімен байланысқан жеке сүйектерден тұрады.