Сидесмоз – сүйектер дәнекер тіні арқылы қосылады. Мысалы: кәрі жілік немесе асықты жіліктердің қосылуы.
Синхондроз – шеміршек арқылы байланысу. Мысалы: қабырғаның мен төс, сына мен шүйде.
Синостоз – ол синдесмоз бен синхондроздың орнында пайда болады. Мысалы: жамбас сүйегімен сегіз көз сүйегінің қосындысы.
Диартроз. Буынға сипаттама.
Буын беттері – қалыңдығы 0.2 – 0.5 мм буын шеміршегімен жабылған.
Буын капсуласы – буын қуысын саңылаусыз қоршай отырып, буындасатын сүйектерге олардың буын беттерінің жиегін ала немесе олардан сәл кейіндеу өсіп-бекиді. Ол сырты фиброзды мембрана мен ішкі синовиальды мембранадан тұрады.
Буын қуысы – синавиальді мембранамен шектелген саңылаусыз жабылған саңылу пішінді кеңістік болып табылады.