Қыз айттыру (дәстүр) – әр түрлі болған. Егер ұл мен қыз әлі жас, мүмкін әлі дүниеге келмеген күнінде адамдар бірін-бірі жақсы білетін, дос, жолдас, дәрежелерінде тең адамдар, бірінікі ұл, не қыз болса құда болуға келіседі. Бұл атастыру деп аталады. Тумаған балаларымен құдаласу – «бел құда», бесіктегі балалары барлар құдаласса – «бесік құда» деп аталады (Кенжеахметұлы С., 2007, 24 б.).
Мына шешелерің, жеңгелерің сыбаға әкеп, енді тарағалы отыр, қарағым (Әуезов М. Абай жолы. Роман-эпопея. 1,2-кітап. 47 б.).
Сыбаға (дәстүр) – құрметті, сыйлы адамға оның сыбағасын (қазанға) салады. Ақсақал мен құдаларға бас, жая, жамбас, белдеме, омыртқа – бәрі де дәмді ет. Құдағи, қыздарға, күйеулерге, балаларға тиісті мүшелері болады. Дәстүр бойынша кез келген жолаушыға, қонаға келген адамға тамақ асып (сыбаға) салған (Кенжеахметұлы С., 2007, 43 б.).
Қазақ әдебиетін былай қойып, әлем әдебиеті қазынасына ерекше қымбат көркемдікэстетикалық игілік болып қосылған “Абай жолы” эпопеясы өз заманындағы көшпелі қазақ
мәдениетін, тұрмыстық-этнографиялық өмірін қаз қалпында, қаймағын бұзбай көрсете білді.
Достарыңызбен бөлісу: |