Жоспар: Кіріспе



бет10/10
Дата16.05.2022
өлшемі41,45 Kb.
#34660
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қол ұстату, шаш сипату деген атақты ырымдар осы. Шаш сипардың алдында

күйеу жақтан берілетін үлкен сыйы болады (Әуезов М. Абай жолы. Роман-эпопея. 1, 2-кітап. 78 б.184).



Қол ұстату (салт) – Күйеу баланың киіз үйдің сыртында, қыздың үйдің ішінде тұрып, киіз үйдің жабығынан бір-біріне қолдарын ұсыну салты (Түсіндірмелі сөздік. 1974, 81б.).

Шаш сипар (салт) – Алғаш рет есiк көре келген күйеуге қатысты рәсiм (Түсіндірмелі сөздік. 1974, 170 б.).

Ұлына жар таңдаған әке... адамды «жаушы» етіп жібереді (Әуезов М. Абай жолы.

Роман- эпопея. 1, 2-кітап. 1989. 78 б.).

Жаушы (дәстүр) – халық «қызды кім айттырмайды» десе де, қызын сұраған адамды жаудан бетер жек кереді. «Жаушы» деген сөз осыдан келіп шықан. 4–5 адамды бастап келген «жаушы» дастархан үстінде әдемі сөз бастап, келге шаруасын айтып, өздері текті, іргелі, белгілі ел (ру) екенін, ондағы жақсы адамдарды айтып өтеді. Туыс-туғанымен, ақсақалдармен кеңескен әкесі келісім бергенде келген «жаушылар» баталасып, «қарғы бауын» өткізіп кідірмей аттанады. Қыз жағы жаушыға «шеге шапан» атты кәдесі жасайды. (яғни шапа кигізеді)

Кейбір жерде, еліміздің шығыс, оңтүстік жақтарында құда болғысы келіп қыз сұрағанда «жаушылар» негізін шаруасын айтпай-ақ отырған жерінде немесе текемет кілемге біз шашып кетеді. Оны «біз шаншар» дейді. Бұл құда болайық деген сөз. Уәде бекінгеннен кейін күйеу жағы үкі тағады. Енді бұл қызды жұрт «айттырылған», «қалындық» немесе «үкі тағылған қыз» дейді.

Келтірілген мысалдардан М. Әуезовтің сол кездегі көне қазақ мәдениетін, салтын,

этносын, халық тіл байлығын, әсіресе ондағы байырғы құбылыстарды, шешендік, нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді, билер астындағы және дәстүрлі сөз қолданыстарды, әр алуан этнографиялық, бұйымдық-рухани мәдениетке байланысты лексикалық қабаттарды қай-қайсысына да қажетінше қамтығанын көреміз.

М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы этнографизмдерді тілдік әрі халықтық болмыс тұрғысынан зерттеуі қазақ халқының мәдениетін тіл деректері арқылы танытуда қосқан зор үлес деп білеміз.
3. Қорытынды.

Тәуелсіздік жылдарының әдебиетінен қазіргі нарықтық қатынастарға негізделген қоғам өмірінің түрлі қабаттары аңғарылмай қоймайды. Әсіресе кейіпкерлердің әрекет философиясын саралаған шақта қаламгерлердің ежелден келе жатқан кісілік парасатын аяқ асты қылмайтын әлеуметтік бағдары ұлттық өнердің күретамыры үзілмегенін дәлелдейді. Ұлттық мәдениеттің оты шырақтай жанып, тіріліп, түлеп ұшуға бейімделіп қалғандай.

Жазушы шығармаларының тілі рухани мәдениетке, ұлттық менталитетке, халықтық өлшемге, туыстыққа қатынастарға бай лексикадан тұрады. Қаламгер шығармаларының тілінен қазақ халының өміріне қатысты белгілі де белгісіз салт-дәстүрлердің барлығын кездестіруге болады.

Бүгінгі күннің тірлік-тынысы күрделі өзгерістерге түскенмен, қара сөз дәстүрлі құрылымынан алшақтап кеткен жоқ. М. Әуезов тіліндегі биік өлшемдер эстетикалық, поэтикалық құндылығынан айрылар емес. Көрнекті қаламгерлер тілінде мұндай ұстаным толық сақталды десек, қателеспейміз.



Пайдаланған әдебиеттер:



  1. Әуезов М. Абай жолы: роман-эпопея. 1, 2-кітап. – Алматы: «Жазушы», 1989.

  2. Кенжеахметұлы С. Қазақ халқының салт-дәстүрі». – Алматы кітап, 2007.

  3. Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл. – Алматы, 1994.

  4. Сыздық Р. Сөз құдіреті. – Алматы, 1997.

  5. Түсіндірмелі сөздік. – Алматы, 1974.

  6. «Ата жолы» тарихи танымдық сайты: http://www.atazholy.kz


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет