Қара тігу (салт). Кісі өлген үйдің үстіне ту тігіледі. Соған қарап ол үйдің қаралы үй
екенін түсінуге болады. Қара тігілген үйді көргендер ол үйге соғып, дұға жасап өтетін болған. Мұндай үй кісі күтуге де дайын отырады. Жыл бойы жоқтау айтылады. Бұл халықтық рәсім марқұмның жылы өтіп, асы берілгенге дейін жалғасады.
Жаназа (дәстүр). Қайтыс болған кісіні соңғы сапарға шығарып салу.
Ең болмаса Бөжейдің жетісіне шейін, немесетіпті қырқына шейін «жыласатын
ағайынды», «бата оқырды» осы кең қоныс – шалқарда тоспақ болды (Әуезов М. Абай жолы. Роман- эпопея. 1, 2-кітап., 134 б.).
Достарыңызбен бөлісу: |