Жоспар кіріспе


Құстарды еденге орналастыру нормасы



бет6/14
Дата11.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#137718
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
гг

Құстарды еденге орналастыру нормасы



Құстың түрі мен жас тобы

2 еденге келетін құс басы

Ет бағыттағы тауықтар

4,0 – 5,0

Күркетауық

1,5 – 2,0

Үйректер

2,5 – 3,0

Қаздар

1,0 – 1,5

Бройлер балапандар ()

18

Күркетауық балапандар ()

5

Үйрек балапандары ()

18

Қаз балапандары

8

2.2. Күркетауықты күтіп – бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық –гигиеналық бағалау (микроклимат, параметрлерін, желдетуді, жылу балансын, жарықтандыруды, төсеніш материалдарын есептеу) және оларды жетілдіру шараларын белгілеу.
Күркетауық шаруашылығының негізгі өнімі – күркетауық еті. Күрке тауық І категориялы ұшаларының бұлшық еттері жақсы дамыған болады. Кеуде бұлшық еттерінің жан-жақтары томпақ болып көрінеді. Төс сүйегі сәл білініп тұрады. Күркетауық балапанының тер асты майы құрсақ және арқа бөліктерінде жолақ тәрізді жабылады.
Күрке тауық ІІ категориялы ұшаларының бұлшық еттері қанағаттанарлықтай дамыған, төс сүйегі жақсы білініп тұрады. Арқа және құрсақ бөліктерінде аздаған майдың жиналған аймақтары кездеседі. Бұлшық ет өте жақсы дамаған жағдайда тер асты майлар болмауы мүмкін.Сонымен қатар ІІ категориялы ұшаларға тер асты майы жоқ, бірақ бұлшық еттері қанағаттанарлықтай дамыған тауық пен күрке тауық ұшалары жатады.
Күркетауықтардың аналық тобын солярийі бар қораларда ауыстырылмайтын қалың төсеніште ұстайды. Еденде ұстағанда қораны секцияларға бөледі және әр секцияға 250-500 бастан аналықтарды орналастырады. Қораларға 4 – 5 аналыққа 1 ұя сәйкес келетіндей есеппен ұялар орналастырады.
Төсеніш қора ішінде санитариялық – гигиеналық жағдайды жақсартады, күркетауықтардың және балапандарының астынан сыз өткізбей, тері ауруынан және жарақаттандырулардан сақтандырады. Төсеніш ылғалды, зиянды газдарды бойын атартып алады және қауырсындарын ластамайды , жұмсақ болады. Төсеніш материалдары зоогигиеналық жағдайларға сай, құрғақ, шаңсыз, ластанбаған құрамында түрлі улы өсімдіктер болмай және түрлі микробиологиялық процестерге ыңғайлы болып, соңынан тыңайтқыш ретінде пайдалануға жарамды болу қажет. Қора ішіндегі ауаның ылғалдылығы мен темпиратура көрсеткіштері тікелей төсеніш жағдайына байланысты.
Төсеніш ылғалдылығын қалыпты жағдайда сақтау үшін қораның микроклимат көрсеткіштерін бірқалыпта ұстау қажет.
Балапан басатын күркетауықтарды төсеніште немесе торлы батареяда ұстайды. Торлы еденде оларды 14 аптадан артық ұстамайды. Күркетауық балапандарын бағуды ересектеріне арналған қораға ауыстырғанға дейін төсеніште жалғастырады.
Балапан басатын күркетауықтарды орналастыру тығыздығы: төсеніште - 1 – 17 аптада 3 – 4 бас/м2 18 – 30 аптада 2 – 3бас/м2 ; торда –1 – 8 аптада 20бас/м2 : 9 – 14 аптада 8 – 9 бас/м2
Етке арналған балапандарын жабық қораларда реттелетін микроклиматпен еденде өсіреді. Балапандарды тәуліктік жасынан сойғанға дейін терең төсеніште ұстайды. Балапандарды торлы батареяда ұстағанда қора – жай сиымдылығы 2 – 3 есеге, балапандардың тірі салмағы 7 – 11 пайызға артады, ал азық шығыны 11,2-15,2 пайызға және өнімнің өзіндік құны 12,6-16,1 пайызға төмендейді. Бірақ торда ұстаудың нәтижесінде көп жағдайда балападардың бұғанасы сынады және гематома пайда болады.
Күркетауық балапандары тауық балапандарына қарағанда төменгі темпиратураға өте сезімтал келеді. Сондықтан да күркетауық балапандарын алдын – ала жылытылған қора – жайға орналастырады. Алғашқы 5 аптада ауа темпиратурасын брудерде 37 – 21˚С, ал қорада 30-19˚С шамасында ұстайды және оны біртіндеп 16˚С – қа төмендетеді.
Қораны алғашқы күндері тәулік бойы жарықтандырады, бұл балапандардың азық пен суды тез табуы үшін қажет. Жарықтандыру ұзақтығы алғашқы күндері 24 сағатты құрайды, кейіннен оны 17 сағатқа дейін қысқартады, ал келесі кезеңде бұл шама 7 сағатқа сәйкес келеді. 30 апталық жасынан бастап жұмыртқалау соңына дейін жарықтандыру ұзақтығын 7-8 сағаттан 14 сағатқа дейін созады. Жарықтандырылу интенсивтілігі алғашқы күндері 50 лк, 4 тәуліктен 20 тәулікке дейін 30 лк, ал одан ары қарай 15 лк болады.
Балапандар мен ересек күркетауықтарды торда ұстайтын қораларда өсіру жер алаңын неғұрлым тиімді пайдалануға, өндірістік қоралардың қажеттігін балапандар мен ересек күркетауықтарды торда ұстайтын қораларда өсіру жер алаңын неғұрлым тиімді пайдалануға, өндірістік қоралардың қажеттігін 3 - 3,5 кемітуге, ауыр жұмыстарды механикаландыруға, балапандарды өсірудің маусымдылығын болдырмауға, оларды ауруға ұшыратпауға, су құбырының, канализацияның, электр жүйесінің ұзындығын едәуір кемітуге мүмкіндік береді. Мұның бәрі құрылысқа жұмсалатын қаржыны кемітеді және құс шаруашылық тауарлылығын арттырады. Күркетауықтарды торда бағып – күтуге арналған қораның жеке залдары және қосалқы қора бөліктері болады. Топтасқан және жеке – жеке торларға бөлінген залдар арнаулы стандартты батареялар мен жабдықталады. Торлы батареялардың құрамында жем берілетін арнаулы оттық, жем – шөп таратқыш, мөлшерлегіш, науа, жұмыртқаларды түсіретін лотоктар және жұмыртқа жинайтын қол арбалар, тордағы құс саңғырығын жинайтын тасымалдау қондырғысы бар. Торлы батареяларға азық бункер, азық таратқыштар, минералды азық беретін астаулар аспалы науалар, саңғырық салынатын қорап және құс саңғырығын жинап шығаратын штангалы транспортерлер кіреді. Жабдықтарды басқару ісі автоматтандырылған. Күркетауық қоралар пешпен немесе бір орталықтан келетін ыстық сумен, ыстық бумен, ауамен және электр қуатымен жылытылады. Жергілікті жылытқыш ретінде қалқанды құрылғылар, жылытқыштар қосымша қолданылады. Ал соңғы уақытта инфрақызыл сәулелі қондырғылар қолданылады. Балапандарды тордарда бағып – күтетін қораларда механикаландырылған ағынды желдеткіштермен ұштастырылған ауамен жылыту жолын қолданған тиімді болады.[9] Қорадағы микроклиматтың құсорганизміне әсері темпиратураның, ауауның ылғалдылығы мен оның қозғалу жылдамдығының, сондай – ақ ондағы техникалық қоспалардың ықпалы арқылы байқалады. Жабық қораларда ауа күрт нашарлап кетуі мүмкін, бұл құстың өнімділігі мен өсімталдығын төмендетеді, еңбек шығыны көбейіп, мал өнімдерінің өзіндік құны қымбаттап сапасы кемиді. Құс қораларында қолайлы климат болуы үшін, оларда ауа температурасының оның ылғалдылығының, қозғалу шапшаңдығының, ауа құрамының зоогигиеналық нормативке сай келуінің, сондай – ақ қораларды күркетауықтардың жасына, бағу технологиясына сәйкес жобалаудың, техникалық нормаларда көзделген басқада жағдайлардың болуын қаматамасыз етуі керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет