Жоспар кіріспе



бет2/14
Дата11.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#137718
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
IV. Қорытынды..............................................................................................24
V. Тәжірибелік ұсыныс.................................................................................25
VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........................................................27
Қосымша................................................................................................................28
Реферат
Түйін сөздер: Бантировка,ен салу, өнімдік көрсеткіш, дезинфекция, энзоотикалық індет, гемогглютинация, ацидофильді ашытқы, микроклимат, сақман, бруцеллез, дибильицин, витамин.
Қысқартылған сөздер:
ГАТР-гемогглютинді тежеу реакциясы
ГАР- гемогглютинация реакциясы
КБР- комплемент байланысу реакциясы
МГР- микроагглютинация реакциясы
ҚСА- қой сүтін алмастырғыш

I.Кіріспе


Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі.
Қолға үйретілген үй құстарының ең ірісі – күркетауық. Ол алғаш рет Мексика және Американың оңтүстік өңірінде жабайы түрінен қолға үйретілген. Оның еті сіңімді, құрамында нәруызы мол. Орташа салмағы 9-12 килограмм. Африканың Батыс, солтүстік аймағында қолға үйретілген тауықтәріздес құстың бірі - цесарка (мысыр тауығы деп те атайды). Оны да дәмді еті үшін өсіреді.Қазіргі кезде Еуропа елдері, АҚШ және Австралияда көптеп өсіреді. Күркетауықтар (лат. Meleagris) – тауықтәрізділер отрядының бір тегісі. Дене тұрқы 85 – 100 см. Басы және мойнының біраз жері тықыр. Аталығы тоқылдағында мойнында етті қатпарлар пайда болып, құйрықтарын тік ұстап, желпуіш сияқты желпиді. Қауырсындары қара металл түсті жылтыр. Жақсы жүгіріп, жерде жақсы жүреді. Бірақ ұшқанды ұнатпайды. 2 түрі белгілі. Соның ішінде арғы тегі Солтүстік Америкада кеңінен таралған кәдімгі күркетауық (Meleagris gallopavo). Күркетауық – үй құстары ішіндегі ең ірісі. Қоразының тірі салмағы 9–35 килограмм, мекиені 4,5–11 килограмм. Жаңа шыққан балапанының салмағы 50–55 грамм, 120 күннен соң 4–5 килограмм. Ұрғашы балапан 4 айлығында, еркегі 7 – 8 айлығында өсуін тоқтатады да, одан әрі ет алып, май жинайды. 3–4 ай бордақыланып етке өткізіледі. Еті дәмді, құрамында жеңіл қорытылатын протеин көп (28%-ға дейін). Әр күркетауықтан орта есеппен жылына 90–100 жұмыртқа алынады, балапанын 28 күнде шығарады. Оны негізінен ет алу мақсатында асырайды. Күркетауықтың еті өте дәмді және диеталық мақсатта пайдаланылады. Себебі, етінің құрамында организмге тез сіңетін протеин (28%) болады. Күрке тауық тауық тұқымдас құстардың ішіндегі ең ірісі болып табылады. Күрке тауық өсірудің рентабелділігі жоғары көрсеткіштермен ерекшеленеді. Оның еті дәмді, жұмсақ, әрі оның құрамында холестерин мөлшері өте төмен. Олар да мамық пен қауырсын береді. Бұл құстар қызыққыш, ақылды, адамдарға тез үйреніп кетеді. Олар жем талғамайды және де жаз мезгілінде көбінесе жайылымда болады.
Күркетауық өсіру бойынша шағын бизнес идеясының тартымдылығы – бұл бизнесті үй шаруашылығындағы бизнеске айналдыруға болатындығында. Яғни, барлық отбасы мүшелерін осы бизнеске тарту арқылы жалдамалы жұмысшыларға кететін жалақыны үнемдеуге болады.[8]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет