Жоспар кіріспе



бет3/14
Дата11.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#137718
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
гг

2. Тұқымдары. Талап етілген өнімділікке байланысты күрке тауықты өсіру мен көбейтуді тұқымдарды таңдаудан бастау қажет. Бұл құстардың қола түсті кең кеуделі күрке тауық және ақ кең кеуделі күрке тауық деген екі түрі бар.
Қола түсті кең кеуделі күрке тауықтар  өздерінің жоғары көрсеткіштерімен ерекшеленеді, дұрыс тамақтанатын болса, аталығының салмағы 9-11кг. дейін жетеді. Орташа есеппен күрке тауық балапанының туғаннан кейінгі 13 аптадағы салмағы 4,4 кг., 17 аптадағы салмағы – 6,6 кг. болады.
Ақ кең кеуделі күрке тауықтардың етінің сапасы жақсы, сыртқы түрі өте әдемі (терісі сарғылт түсті) болып келеді. Қола кең кеуделі күрке тауықпен салыстырғанда еті тез піседі, жұмыртқа салуы 90 пайыздық ұрықтану көрсеткішімен шамамен 85 жұмыртқаны құрайды. Инкубацияға салынған барлық жұмыртқалардан балапан шығару көрсеткіші орташа есеппен 60 – 70 пайыз аралығын қамтиды. Солтүстік кавказдық ақ түсті күркетауықтар –солтүстік кавказдық қола түсті күркетауық тұқымының мекиенін ағылшын ақ түсті апайтөс күркетауық тұқымының қоразымен шағылыстыру арқылы шығарылған жаңа тұқым.
Ақ түсті мәскеулік күркетауықтардың өнімділік, тіршілік қабілеттері және еттілік қасиеті жоғары.
3. Күрке тауықтарды асырау. Күрке тауық ірі құс болғандықтан оны басқа құстардан бөлек ұстау қажет. Құстарды орналастыру тығыздығын дұрыс есептеу қажет: 1 м²-ге екі үлкен күрке тауықтан артық болмайды. Жас балапандарын үлкендерінен бөлек ұстау қажет. Күрке тауықтар аязға, әсіресе жел мен сызға төзімсіз болғандықтан олардың ересектеріне арналған қора мықты қабырғалардан тұрғызылуы тиіс. [2]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет