Жоспар: Коллоидтық химия пәні


 Бірінші  кезең  –  ежелгі  ерте  заманнан  XIX  ғасырдың  ортасына



Pdf көрінісі
бет2/127
Дата04.03.2022
өлшемі2,31 Mb.
#27039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
1. Бірінші  кезең  –  ежелгі  ерте  заманнан  XIX  ғасырдың  ортасына 
дейінгі КХ-ның туу кезеңі.  
Көптеген  коллоидтық  жүйелер  өте  көне  заманда  Мысырда,  Қытайда, 
Үндіде, Грекияда және Римде белгілі болды. Аристотель еңбектерінде сүттің  
және қанның ұю құбылысына, тері илеуге, маталарды бояуға нұсқаулар бар. 
Алхимиктерге (II-IV ғғ.) Au мен Ag-тің коллоидтық ерітінділері белгілі болды.  
Қазіргі Қазақстан аумағында ертеде қоныстанған халықтар да коллоидтық  
жүйелермен қатысты болды: төрт алтын адам табылды, бұдан 5000 жыл бұрын 
алғаш рет жылқы қолға үйретілді, қымыз даярланды, ол үшін жылқы терісін 
илеп,  қымыз  сақтайтын  торсық  жасалды.  Қазақстандағы  кенді  жер  аттары, 
мысалы, Жезқазған, Жезді, Қорғасын металлургияның дамығанын  көрсетеді, 
ал ол ДЖ-лермен және ондағы процестермен тығыз байланысты. 
Ертедегі рецептуралық әдебиеттерде коллоидтық жүйелерді–ақуыздарды, 
өтті,  әртүрлі  желімдер  мен  бояуларды  қолдану  туралы  көптеген  нұсқаулар 
кездеседі.  Адамның  ең  алғашқы  қолөнер  кәсібі  (керамика  (қыш),  глазурь 
(жылтырақтар), теріні өңдеу) КХ-ға тікелей қатысты. 
XVI-XVII  ғғ.коллоидтық  ерітінділер  емдеу  үшін  дәрі-дәрмектер  ретінде 
қолданылды.  
М.В.Ломоносов минералдар гинезисі негізіне жататын физика-химиялық 
процестер  туралы  ой  қозғады  және  «Тастардың  тууы-қоюланған 


шырындардың  қатаюы»  деп  жазды.  Ол  орыс  өнеркәсібінің    жаңа  саласын-
мозайка үшін  түсті шынылар өндіруді ашты (1752). 
Ф.Фонтананың және К.Шееленің, Т.Е.Ловицтің адсорбция, П.Лаплас пен 
Б.И.Давидовтың капиллярлық құбылыстар, Ф.Ф.Рейсстің электрофорез және 
электросмос, Ф.Сельми мен К.В.Негелидің кейбір ерітінділердің аномальдық 
қасиеттері,  Р.Броунның  бөлшектердің  қозғалысы  (броун  қозғалысы), 
М.Фарадейдің  Au  мен  Ag-тің  коллоидтық  ерітінділерін  алу  жөніндегі 
жұмыстарының  арқасында  осы  кезеңде  жинақталған  үлкен  эксперименттік 
материал КХ-ның жеке ғылым ретінде қалыптасуына негіз болды. «Мицелла» 
және «золь» терминдері жалпы қабылданған атауларға айналып, қазіргі кезде 
де қолданылады. 
Итальян ғалымы Франческо Сельми 19 ғасырдың 40-жылдарында кейбір 
ерітінділердің  ерекше  қасиеттерін  байқады,  мысалы  кейбір  ерітінділер 
жарықты  шашыратты,  ертіген  затпен  әрекеттеспейтін  аз  ғана  мөлшердегі 
ерітіндіні  құйғана  ертіген  заттар  тұнбаға  шөгеді,  мұндай  күйге  көшуі 
температураны  өзгертпей,  жйне  жүйенің  көлемі  өзгермей  жүреді.  Оларды 
Сельми псевдоерініделір деп атады.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет