Жоспар: Коллоидтық химия пәні



Pdf көрінісі
бет19/127
Дата04.03.2022
өлшемі2,31 Mb.
#27039
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   127
3.Пептизация әдісі жоғарыдағы екі әдістен бөлек жеке-дербес тұр. Оның 
мәні мынады: ұнтақталған материалды немесе химиялық реакция нәтижесінде 
алынған,  жаңа  ғана  шөккен  және  жуылған  тұнбаны  пептизатордың  аз  ғана 
мөлшерімен  шайғылайды.  Соның нәтижесінде  тұнба  бөлшектері  бір-бірімен 
ажырап, дисперсиялық ортаға өтіп, коллоидтық ерітінді береді. Пептизатор  – 
бұл  жабысқан  бөлшектер  бетінде  адсорбцияланып,  оларды  бір-бірімен 
ажыратып, дисперсиялық ортаға өткізетін зат. 
Күпсек  (болдыр),  сілікпе  түріндегі,  әсіресе  жаңа  ғана  шөккен  бұрыннан 
диспергацияланған 
күйдегі 
тұнбаларды 
пептизациялауға 
болады. 
Пептизация–бұл жабысқан бөлшектер арасындағы байланыстарды бұзу. 
Пептизация  тікелей (ТП) және жанама (ЖП) болып екіге бөлінеді. ТП-да 
тұнбада  тікелей  пептизатордың  ионының  өзі  адсорбцияланады,  ал  ЖП-да 
пептизатор әуелі тұнба затымен әрекеттеседі де басқа зат түзеді және тұнбада 
енді реакция өнімінің ионы адсорцияланатын болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет