Жоспар: Коллоидтық химия пәні



Pdf көрінісі
бет21/127
Дата04.03.2022
өлшемі2,31 Mb.
#27039
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   127
 
1.КЕ–лердің  осмостық  қысымының  аз  болуы  былай  түсіндіріледі.  Бірдей 
температурадағы екі КЕ-нің осмостық қысымдарының бір-біріне қатынасы (1) 
теңдеуге сәйкес мына формуламен анықталады: 
𝜋
1
= 𝜈
1
𝑘𝑇;  𝜋
2
= 𝜈
2
𝑘𝑇       және        
𝜋
1
𝜋
2
=
𝜈
1
𝜈
2
                       (2) 
Бұдан КЕ–лердің осмостық қысымдарының тек сандық концентрациямен 
ғана  анықталатындығын  және  оның  заттың  табиғаты  мен  бөлшектердің 
мөлшеріне  тәуелсіздігін  көреміз.    Коллоидтық  бөлшектер  мөлшері 
молекулалар мөлшерінен бірнеше рет үлкен болатындықтан бірдей салмақтық 
концентрацияда  КЕ–нің  сандық  концентрациясы  шын  ерітіндідегіден  (ТМЗ 
ерітіндісі)  анағұрлым  аз  болады.  А.В.Думанскийдің  мәліметтері  бойынша 
As
2
S
3
-тің  (d  =  2·10
-6
  см  =  10  нм)  0,746%-тік  КЕ-сінің  осмостық  қысымы  бар 
болғаны 0,018 мм сын. бағасына тең болған.  


2.КЕ-лердің 
осмостық  қысымының  тұрақсыздығы  КЕ-лерге  тән 
бөлшектердің агрегациясы мен дезагрегациясы арқылы түсіндіріледі. Егер ДФ 
затының  табиғаттары  және  салмақтық  концентрациялары  бірдей,  бірақ 
бірінен-бірі  бөлшектерінің  мөлшерімен  ғана  (r
1
  және  r
2
)  өлшенетін  екі  золь 
алсақ, онда сфералық бөлшектер үшін мынаны жазуға болады: 
 
𝜈 = С/𝑚 => 𝐶/𝑉 ∙ 𝜌 =>
3𝐶
4𝜋𝑟
3
∙𝜌
 (3) 
және 
𝜋
1
𝜋
2
=
𝑟
2
3
𝑟
1
3
 ,       (4) 
 
яғни  осмостық  қысым  (π)  r
3
  шамасына  кері  пропорционал  болады.  Бұдан 
бөлшек  мөлшерінің  (  r  )  аз  ғана  өзгеруінің  өзі  осмостық  қысымның  үлкен 
өзгеруіне әкелетінін көреміз. Жабысу және үлкен агрегаттардың пайда болуы 
нәтижесінде бөлшектердің орташа радиустары артқанда осмостық қысым өте 
көп  төмендеуі,  ал,  керісінше  агрегаттар  бір-бірінен  алғашқы  бөлшектерге 
ажырағанда  (дезагрегацияланғанда)  осмостық  қысым  күшті  артуы  тиіс 
болады. КЕ-лерде агрегация және дезагрегация құбылыстары тіпті ең аз ғана 
әсерлердің ықпалымен өте оңай орын алатындықтан лиозольдердің осмостық 
қысымдарының тұрақсыздығы түсінікті болады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет