2. Коллоидтық жүйелердегі диффузия 3. Диффузия деп ерітінді молекулаларының немесе ДЖ-нің коллоидтық бөлшектерінің ретсіз жылу (броун) қозғалысының әсерінен олардың концентрацияларын теңестіретін өздігінше жүретін процесті айтады. Диффузия процесі қайтымсыз. Оның мәні заттың концентрация үлкен
орыннан концентрация аз орынға тасымалдануынан болады және ол тепе-
теңдіктің тууымен, яғни молекулалардың немесе бөлшектердің жүйенің
барлық көлемінде бірқалыпты таралуымен аяқталады.
Диффузия жылдамдығы А.Фиктің (1855) бірінші заңын өрнектейтін келесі
теңдеумен анықталады:
1
𝑆
∙
𝑑𝑚
𝑑𝑡
= −
𝑑𝑐
𝑑𝑥
∙ 𝐷 (1)
Мұндағы: m–диффузияланатын заттың мөлшері, моль; t–уақыт, с; S–ол
арқылы зат диффузияланатын қима ауданы.
Жүйедегі концентрациялардың теңеспегендік дәрежесін сипаттайтын
dc/dx туындысы концентрация градинеті деп аталады. Бұл жағдайда
концентрация градиенті концентрацияның қашықтық бойынша кемуін
көрсететін болғандықтан бұл туынды алдына минус таңбасы (мағынасы
бойынша) қойылады. Пропорционалдық коэффициент D-тұрақты шама және
ол диффузия коэффициенті деп аталады. Диффузия коэффициентінің
физикалық мағынасын келесі түрдегі Фик теңдеуінен S, dt, және –dc/dt бірге
тең деп қабылдап, анықтауға болады:
𝑑𝑚 = −
𝑑𝑐
𝑑𝑥
∙ 𝐷 ∙ 𝑠 ∙ 𝑑𝑡 (2)
Сонда D-бұл концентрация градиенті минус бір болғанда бір өлшем уақыт