Д.Ә.Құнанбаева Ұйымдастырушылық мінез құлық: Оқу құралы. –Алматы: Қазақ университеті,2012-250б
Көшбасшының басқарушылық аспектісі Көшбасшының бірінші басқарушылық аспектісі көшбасшы қызметімен немесе
өмірдің жеке жағдайларына байланысты қарастырылады.
Көшбасшы орындалатын рөлдері бойынша:
Генератор – шешімдер қабылдау барысында тығырықтан шығудың мүмкіндіктері мен тәсілдерін іске асыратын көшбасшы;
Мотиватор – іске жұмылдыратын және оған серпін беретін көшбасшы;
Ұйымдастырушы– жалпы мақсаттарға қол жеткізу үрдісінде іс-әрекеттер мен қабылданған шешімнің орындалу тәсілдері мен топтың қамсыздану қызметін атқаратын көшбасшы;
Диспетчер – байланыстырушы қызметін және топ мүшелері арасындағы қызметті үлестіретін көшбасшы
Жағдаяттар факторына байланысты:
ұйым немесе топ үшін төтенше жағдайларда, дағдарысты ахуалда қызмет етуге қабілетті көшбасшылар (Н.Макиавеллидің жіктеуі бойынша көшбасшы-арыстандар);
кертартпалыққа негізделген құмысты орындау қажет болған кезде неғұрлым тұрақтылық жағдайда табысты әрекет етуге бейім көшбасшылар (Н.Макиавеллидің жіктеуі бойынша көшбасшы-түлкілер) [1-199]
Көшбасшының екінші басқарушылық аспектісі топ мүшелеріне деген көшбасшының психологиялық әсер етуі мен қарым-қатынасының дәрежесімен байланысты. Оның айырықша әрекеті көшбасшының мәртебесіне негізделеді. Бұл әсер ету механизмі ұқсатыру үрдісімен байланысты.
Ұқсастылық – бұл басқа адаммен, қауыммен немесе белгілі бір рөлмен саналы немесе санасыз түрде теңеу үрдісі. Ұқсастылық үрдісінде адам өзге адамның жеке тұлғалық қасиеттері мен тәртіптік мінездемесін анықтайды, оларды мінез-құлқы бойынша қолайлы әрекетте немесе мінез құлықтың симболикалық баламалары арқылы жаңғыртады.
Ұқсастылық
Адам өзін саналы немесе аңдаусыз әрекет етуге тырысатын маңызды тұлғамен теңестіріледі. [1-200]
Көшбасшының басқарушылық аспектісі Көшбасшының басқарушылық аспектісі Көшбасшының өзін кіммен ұқсастыруы ұйымның қызметіне, басшы
мен ұжымның қарым-қатынасына әсерін тигізеді. Бұл жерде екі түрлі нұсқаны сипаттауға болады:
Көшбасшы өзін жұмысшылар тобына теңейді.Бұндай ұқсастыру:
көшбасшыда аффилиацияға (өзге ортада болу, осы ортада ескерулі және алғыр болу) мұқтаж болған жағдайда пайда болады
Көшбасшы өз қалауын топтың ықтиярына қарай жүргізетін мәртебе мен билікті иеленеді, бірақ топ білігі оның билігі болып қалады.
Топ алдындағы міндеттемі көшбасшыны белсенді етедіғ және кейінгілерді команталық рухын, т.с.с. сезімдерді ұғынуға, топқа адалдыққа шаұырады.
Көшбасшы өзін басқарушылар тобыменн теңейді.Бұндай ұқсастыру
көшбасшыда жеке даралық жетістіктері мотивациясы және де билікке талпынысы жоғары болғанда пайда болады.
көшбасшы өз мандатының шарықтау шегіне жеткенін есептемейді