Микроэлементтер - ағзада аз кездесетін элементтер(10-15%), олар тірі ағзаға қажет биохимиялық процестерге қатысады. Адамға қажет тәуліктік нормасы 200 мг-нан кем.
Кестеде келтірілген заттардың арасынан фторидтерге тоқталатын болсақ, оның ағзаға қажетті мөлшері 0,5-1,0мг аралығында. Ал, судың құрамында болуға тиісті шекті мөлшері-0,75мг. Жамбыл облысы аймағындағы фторидтердің мөлшері шектен артық екендігі зерттелді, яғни, Талас-Аса бойындағы мөлшерлік шамасы 1,5-6,25мг/л. Фторидтердің тотығу-тотықсыздану үрдісінен кейін ағза үшін маңызды иод элементін ағзадан ығыстырып шығару мүмкіндігі жоғары. Сонда, иодты дәрі-дәрмек пен қоректік заттарды қанша пайдалансақ та ағзадағы иодты фторидтердің ығыстырып шығарып жіберуі қазіргі кезде белең алып отырған зоб ауруының көбеюіне негіз болып отыр.
НЕГІЗГІ МИКРОЭЛЕМЕНТТЕР
Жаңа мәліметтерге сәйкес 30-дан астам микроэлемент адам тіршілігі үшін маңызды.Солардың ішінде:
бром
темір
иод
кобальт
марганец
мыс
молибден
селен
фтор
хром
мырыш
НЕ ҮШІН
ЖЕТІСПЕГЕНДЕ
КӨЗДЕРІ
Қан айналымына қатысады,жүйке жүйесін тыныш-ды.
Анемия
Қара жидек,өрік,анар,шабдалы
Инсулин,гармон жасайды.Иммунитетті нығайтады.
Шаш түсу,иммунитет нашарлайды,депрессия
Банан,жаңғақ,асқабақ тұқымы
Қанның қызыл түйіршіктерін жасауға,темірдің сіңірілуіне көмектеседі
Анемия,пигментацияның бұзылуы, дене температурасының төмендеуі