Адоптация дегеніміз – сезім мүшелеріне ұзақ әсер еткен тітіркендіргішке байланысты адамдардың түйсігінің бейімделуінін айтамыз. Түрлері: қараңғы, жарық, иіс және тері.
2.Синезтезия – гректің «қосрласқан түйсік». Синезтезия деп – бір түйсіктің екінші түйсіктің пайда болуына әсер етуін айтамыз.
3.Сенсибилизация латынның «сезгіштік» деген мағынаны білдіреді. Сенсибилизация деп – бір түйсіктің екінші түйсіктің сапасын арттыруын айтамыз.
Адамның түйсігі оның жаттығуына, мамандығына байланысты әруақытта өзгеріп отырады. Түйсік сапасын ажырату жаттығуына байланысты. Адамның сезгіштігі, олардың өмір барысында қалыптасады. Жануарлар түйсігінде сезгіштіктің артығырақ даму дәрежесі тектік белгі болып есептеледі.
Қабылдау дегеніміз – дүниедегі заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер ету нәтижесінде сол заттар мен құбылыстардың кейбір ерекшеліктерінің миымызда бейнелеуі.