Орындаған: Хожашев Қанат Тексерген: Кулекенова Амангул Бейнеу 2023 жыл МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Адамның түйсігі оның жаттығуына, мамандығына байланысты әруақытта өзгеріп отырады. Түйсік сапасын ажырату жаттығуына байланысты. Адамның сезгіштігі, олардың өмір барысында қалыптасады. Жануарлар түйсігінде сезгіштіктің артығырақ даму дәрежесі тектік белгі болып есептеледі.
Түйсік-материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуі. Түйсіну дегеніміз – дүниені танып білудегі бейнелеу процесінің алғашқы баспалдағы. Түйсік себепсіз болмайды.
Ол- біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Сол шындық пен болмыстың адам сезім мүшелеріне әсер етіп, мида бейнеленуінен түйсік туады. Басқаша айтқанда, түйсік –сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүниенің субъективтік бейнесі. Адамның дүние тануының алғашқы баспалдығы – осы түйсік. Нақты пайымдау, шындықты бейнелеу жайындағы мәліметтердің бәрі де адамға осы баспалдақ арқылы жетеді.
Адамның дүние шындығы мен болмысын танып білуі-диалектикалық жолмен дамитын аса күрделі процесс. Түйсік, қабылдау, елес бейнелері адамның «нақты пайымдау» не «тікелей таным процесі» деп аталатын дүниетанымдық сатысына жатады. Мұндай таным процестері сыртқы заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер етуінен пайда болып, шындықты, ақиқатты бейнелеудің сезімдік сатысы делінеді.
Ол - адамның шындық пен болмысты дұрыс бейнелеуіне мүмкіндік тудыратын мидың бейнелеу қызметі. Физиологиялық жағынан сезімдік таным процесі бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы реттеліп отырады.Сезімдік бейнелеудің мұндай түрі жануарлар мен адамдарға ортақ .Алайда,сезімдік бейнелеу түрлері- түйсік, қабылдау, елес сапа жағынан жануарлар мен адамдарда бірдей емес.Егер сезімдік процестер жануарлар дүниесінде олардың қоршаған ортаға бағдарлануын ғана қамтамасыз ететін болса, ал адамдардың сезімдік таным процестері еңбектену әрекетімен ұштаса отырып, бейне мен сөздің өзара әрекеті нәтижесінде пайда болып отырады.
Дүниетанудың, жалпы таным процесінің жоғары сатысы- абстрактылы-теориялық ойлау. Ол тек адамға тән қасиет. Абстрактылы-теориялық ойлау сезімдік танымға негізделіп, өзі танып білген бейнелердің мән-мазмұнын еңбектену процесіндегі іс-әрекеттерімен ұштастырады. Бұл жайт адамның танымдық процесінің сезімдік танып білуден абстрактылы ойға, одан тәжірибеге қарай көшіп, үнемі қайталанып дамып отыратындығын көрсетеді.