Жоспары: Білім беру ұғымы


Білім беру нәтиже ретінде



бет3/3
Дата10.12.2023
өлшемі94,38 Kb.
#136830
1   2   3
Байланысты:
Айсина Г педагогика

Білім беру нәтиже ретінде

  • Білім беру нәтиже ретінде: сауаттылық-білімділік-кәсіби құзыреттілік-мәдениет-діл(менталитет).Білім берудің нәтиже ретінде қарастырылуы оның мазмұнын кеңейте түспек. Оқу-танымдық үдеріс барысында әр адам білімнің бір сапалық деңгейіне жетеді, ол оның нақты бір көлемдегі білімді игеруінің нәтижесі. Мысалы, бастауыш білім алу барысында адам сауаттылыққа ие болады. Сауаттылықтың негізгі педагогикалық сипаты – оған барлық адамдардың қол жеткізе алуында. Адамдардың белгілі білім беру ұйымдарында алған, меңгерген білімдерінің деңгейіне қарай бастауыш білімі бар, орта білімді, жоғары білімді адам деп аталатынын көп естиміз. Білімділік – қажетті максимумға дейін жеткізілген қоғамдық және тұлғалық сауаттылық болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының баптарына сәйкес білім беру деңгейлері әр түрлі типті мекемелерде жүзеге асырылады.


Мектепке дейiнгi тәрбиелеу отбасында немесе бiр жастан бастап мектеп жасына жеткенге дейін мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге асырылады (30-бап).
Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары колледждерде және жоғары колледждерде іске асырылады (33-бап).
Жоғары оқу орындарының негiзгi түрлерiне ұлттық зерттеу университеті,ұлттық жоғары оқу орны,зерттеу университет,академия, институт және оларға теңестiрiлгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище) жатады ( 35-бап).
Орта бiлiм беру ұйымдарының негiзгi түрлерi жалпы білім беретін мектеп, шағын жинақталған мектеп, гимназия, лицей, бейiндiк мектеп болып табылады (31-бап).
Техникалық және кәсіптік білім беру негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім беру базасында училищелерде, колледждерде және жоғары колледждерде жүзеге асырылады (32-бап).

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  • 1.Әбенбаева С., Әбиев Ж. Педагогика. Оқу құралы. – Астана 2009.
  • 2. Бабаев С.Б.Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: оқулық.–Алматы 2011.
  • 3.Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е. Педагогика
  • Оқулық.– Алматы 2018.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет