Жоспары: I кіріспе Қазақстан Республикасындағы тамыр-түйнектілерді өсіру. II негізгі бөлім



бет5/7
Дата19.11.2022
өлшемі32,96 Kb.
#51218
1   2   3   4   5   6   7
Өсіру технологиясы. Көптеген топырақ-климат аймақтарында картопты танаптық, ферма маңындағы және көкөніс ауыспалы егістерінде орналастырады.
Азық-түліктік және техникалық картоптан жоғары өнім алу үшін оларға ең алдымен құнарлылық деңгейі жоғары, механикалық құрамы жеңіл топырақ бөлінеді.
Картоп маңызды дақыл болып, қала маңындағы аудандар егістік алқаптарының 30-40 % және одан да көп жерлеріне орналасуы мүмкін. Арнайы отамалы ауыспалы егістер мүмкіндігінше жер бедері тегіс, эрозияға ұшырамаған, жақсы тыңайтылған және орталыққа өте жақын орналасқан шаруашылықтар мен фермаларда орналасады. Отамалы дақылдары мол ауыспалы егістердің елді мекендерге, мал кешендері мен фермаларға жақындауы, өнімді пайдаланатын жерлерге тасымалдауға және олардағы жергілікті органикалық тыңайтқыштарды (көң, көң садырасы және басқа) да жөнелтуге кететін шығын мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді.Картоптың танаптык ауыспалы егістердегі жақсы алғы дақылдары тыңайтылған күздік және жаздық астықтар, дәнді-бұршақтармен біржылдық бұршақ шөптер, қант қызылшасы, жүгері. Құмдауыт және жеңіл құмбалшық топырақты ауыс­палы егісте картопты көпжылдық шөптер ұлтаны мен оның аудармасына орналастыруға болады. Көкөністі-картопты ауыспалы егісте картопты тамыржемістерден, қырыққабат, қияр, бақшалық дақылдардан кейін өсіре береді. Құрғақ аймақтарда картоптан жоғары өнімді суарылатын, су басатын аңғарлар мен төмен бедерлі жерлерден, көлтабаннан және тау бөктеріндегі жерлерден алуға болады.Картоп отамалы дақыл болғандықтан, жоғары агротехникада өзінен кейін танапты бос топырақ және арам шөптерден таза күйінде қалдырады, сондықтан жаздық дәнді, дәндібұршақ, жүгері мен майлы дақылдарға ол жақсы алғы дақыл. Оның ерте пісетін сорттары екпе сүрі жерлерге сүрі жер дақылы болып та егіледі.
Картоп топырақ аэрациясына жоғары талап қояды. Тамырлар, сталондар (жерасты өркендері), түйнектер жақсы жетілу үшін топырақты терең өңдеу қажет.
Күзде алғы дақылдарды жинағаннан кейін, артынша танапты ластануына байланысты 1-2 рет сыдыртады, 2-3 апта өткен соң сүдігерге жыртады. Қара шіріндісі терең қабатты топырақтарды кәдімгі соқамен 28-30 см жыртады. Жырту қабаты таяз топырақтарды оның барлық тереңдігіне, 20-25 см жеткенше бірте-бірте өңцейді.
Ылғал жеткіліксіз аудандарда қыста қартоқтату жүргізеді. Топырақты көктемгі өңдеу - ерте көктемгі 1-2 ізбен тырмалау мен жеңіл топырақтарды 12-14 см қопсытудан тұрады. Жел эрозиясы қаупі бар далалық аймақтарда көктемгі тырмалаудан (арнаулы тырмалармен) кейін, топырақты сыдыра қопсытқышпен сыдырта жыртады. Бірқатар облыстарда картопты отырғызар алдында жал жасау тиімді. Ол үшін ауа райы мен топырақ жағдайларына байланысты, түптеуіш тұрығы бар қопсытқыштармен картоп­ты отырғызудан бірнеше күн бұрын немесе отырғызатын күні жал жасайды. Құмдауыт топырақтарда жалды, кейде сүдігерді көктемде қайта жыртумен алмастыруда жасайды.
Картопқа қолданылатын тыңайтқыштар түрлері: азотты -күкірт қышқылды аммоний, аммиак селитрасы және моче­вина; фосфорлы-суперфосфат, күлгін топырақтарда-фос­форит ұны; калийлы - калий сульфаты мен калий магнезия.
Отырғызатын материалды дайындауды күзде бастайды. Картопты тұқымға жинауда бүтін, массасы 50-80 г, ауруларға шалдықпағандарын іріктеп алады. Тұқымдық материалды сақтау жақсы ұйымдастырылуы керек. Көктемде картопты қайтадан іріктейді. Түйнектерді отырғызар алдында 25-30 күндей жарықта 12-15°С-та өндіреді немесе 10-14 күндей жылы жерде ұстайды. Түйнектерді отырғызу алдындағы өндіру мен жылы жерде ұстау, өсімдіктердің өніп-жетілуін тездетеді және өнімді арттырады.
Картопты отырғызуды топырақ температурасы 8-10 см тереңдікте 6-8°С жеткенде бастайды. Топырақ типі мен климат жағдайларына байланысты картоп түйнектерін тегіс жерге немесе жалға отырғызады.
Жылу аз, ылғал мол және аңғарлы жерлерде жалдап және жартылай жалды отырғызу тәсілдері кеңінен қолданылады. Осындай отырғызуларда топырақтың тез қызуы мен өсімдіктердің суда тұншығуының азаюымен, картоптың өсіп-жетілуіне жақсы жағдайлар жасалынады.
Ылғал жеткіліксіз, жылудың мөлшері көп аудандарда картопты тек қана тегістелген жерге отырғызады.
Картопты 6-14 см тереңдікке СН-4Б, СК-4Б-1 және басқа да картоп отырғызғыштармен, қатараралықтары 60-70 см немесе 90 см, қатардағы түйнектер аралығы 25-30-35 см етіп кең қатарлап және де 70x70 немесе 60x60 см схемада шаршы-ұялы тәсілдермен отырғызады.
Ылғал жеткілікті аудандарда гектарына 50-55 мың, ал ылғал аздау жерлерде 35-45 мыңтүйнек отырғызады. Мұндай отырғызуда 1 гектарға 2,5-3 т картоп түйнегі жұмсалады.
Картоптан жоғары өнім алудың негізгі шарттарының бірі - уақытылы және сапалы күтіп-баптау жүргізу. Күтіп-баптау картоп көгі шықпай және шыққаннан кейінгі тырмалау, қатараралықтарды копсыту, түбін көму, үстеп қоректендіру, зиянкестер және аурулармен күресу жұмыстарынан тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет