Түйнекті тамырлар Тамырдың барлығы жуандап, шырынды болады. Егер шашақ тамыр түйнек тамырларға айналса, барлық тамырлары білеуленіп, жуандап, топтанып тұрады. Түйнек тамырлар өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін керек.
Тамыр жемістер күз және қыс кезеңдерінде ауылшаруашылық малдарының барлық түрлеріне, әсіресе сауын сиырлар мен шошқаларға, шырынды мал азығын береді. Бұл сауын малдарының сүт өнімділігі мен оның сапасын жақсартуға жақсы әсер ететін диетикалық мал азығы болып табылады. Тамыр жемістер углеводтарға, минеральдық тұздар мен витаминдерге бай. Тамыр жемістердің 100 кг қант қызылшасында 26, мал азықтық қызылшасында 12, тармада 13, 14 және түрнепсте 7 – 10 азықтық өлшем болады.
Мал азықтық тамыр жемістерді өндіруді арттыру мен олардың өзіндік құнын төмендету ең алдымен осы дақылдардың өнімдерін арттыру, оларды өсіруде жиынтық механикаландыруды игеру жолдарымен іске асуға тиіс.
Қазақстан Республикасында қант және мал азықтық қызылша, тарна, турнепс, сәбіз өсіріледі. Республикамыздағы мал азықтық тамыр жемістердің егіс көлемі шамамен 50 мың га, оның ішінде мал азықтық қант қызылшасы – 12 мың га. Республикадағы орташа өнімі 70 – 80 ц/га аспайды, дегенмен Солтүстік Қазақстанның жекелеген шаруашылықтарын да әр гектардан 450 – 500 ц дейін тамыр – жемістер жиналуда.
Мал азықтық тамыр жемістердің сорттары. Сахарная округлая 0143 –БӨШИ – ның Пушкин лабораториясында шығарылған. Тамыр жемісті дөңгелек және сопақша – дөңгелек пішінді, төмен қарай жіңішкере береді, ұзындығы 12 – 15 см, бас жағындағы қабықтың түсі ақ және төменгі бөлігінікі – ашық – жасыл түсті. Құрғақ заттың мөлшерлдері 18 – 20 процент, тамырдың топыраққа сіңірілуі толық немесе ұзындығының ¾ бөлігіндей, алайда топырақтан жеңіл жұлынады. Орташа мерзімде пісетін сорт, мерзімінен бұрын гүлденуге төзімді, аурулармен аз залалданады, қыста жақсы сақталады. Көкшетау мен Қостанай облыстарында аудандастырылған.
Тимирязевская56 –Тимирязев АША – да шығарылған. Жапырақ дегелеңі тік тұрады. Тамыр жемісі сары, қап пішіндес, ұзындығы 25 – 30 см, 1/5 бөлігі топыраққа кіріп жатады, топырақтан жеңіл жұлынады, жақсы сақталады. Мерзімінен бұрын гүлденуге, аурулар мен зиянкестерге төзімді. Солтүстік Қазақстан облысында аудандастырылған.