Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері. Картоп түйнегінің маңызды биологиялық қасиеті - тыныштық күйі кезеңімен сипатталады, мұның өзі тұкымдық материалды келесі өніміне зиян келтірмей күзгі - қысқа кезеңде сақтауға мүмкіндік береді. Тыныштық күнінің ұзақтығы картоптың сорты мен сақтау жағдайларына байланысты. Қысқы сақтау режімін дұрыс қолданғанда картоп түйнегі 6-7 ай бойы өспей жақсы сақталады. Мәдени сортты картоп қоңыржай климаттың өсімдігі және тұрақты мол өнім температурасы айтарлықтай жоғары емес орта ендік аудандарында алынады.
Тағы бір айта кететін жайт, картоп жоғары иілімді (пластикалы) және өсіру технологиясын дұрыс қолданғанда онда қолайлы емес табиғи жағдайларда жақсы өнім қалыптастыра алады. Тыныштық күйден өткен түйнектер топыраққа отырғызғаннан кейін +3-5С температурада өне бастайды. Бірақ бұл температурада оның өнуі баяу жүреді, тамырлары нашар дамиды, ал түйнектер саңырауқұлақ ауруларымен жедел залалданады. Температура -4-7 - 8° дейін көтерілгенде түйнектердің қалып өнуі байқалады. Әрі карай температура жоғарылағанда түйнектердің өну белсенділігі, әсіресе ылғалды топырақта кенеттен арта бастайды. Түйнектердің белсенді өнуіне ең қолайлы температура 4-16 - 18° деп есептеледі. Картоптың сабағы мен жапырағының өсуіне қолайлы температура +5-6°. Олардың максимум өсуі орташа ылғалды топырақта +17-22° температурада байқалады. +25°-тан жоғары температура өсімдіктерді әлсіретеді, ассимиляция процесі баяулайды, ал 42°-тан жоғары температура жер бетіндегі өсімдік массасының өсуін тоқтатады. Картоптың сабағы мен жапырағы төмен температураға да өте сезімтал. -1-1,5° суықтықта және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында өсімдік қарайып кетеді және өліп қалады. Картоп түйнектері гүл қауыздары пайда болған кезде түзіле бастайды және бұл кезеңдегі топырақ температурасы +16-18°, немесе +22-25° ауа температурасына сәйкес келеді де ең қолайлы болып табылады. Топырақ температурасы + 6°-тан төмен және + 23°-тан жоғары болғанда түйнектердің өсуі тежеледі, ал + 26~29°-та түйнектің тузілуі мүлде тоқтайды.
Өсімдіктің толық дамуына қажетті биологиялық белсенді температура жиынтығы (+10°-тан жоғары) пісу мерзімі ерте және ортадан ерте пісетін сорт үшін 1400-1600°, орташа мерзімде пісетін сорт үшін 1600-1800° ортадан кештеу және кеш пісетін сорт үшін - 1800-2000°. Бұл көрсеткіш Солтүстік Қазақстанда 1800-2200° аралығында, ал негізінен 1600 °-ден 2600°-қа дейін өзгереді. Сондықтан ортадан кештеу, әсіресе кеш пісетін сорттар қажетті оптимум температураны алып үлгермейді, нәтижесінде ерте және орташа мерзімде пісетін сорттардың өнімінен анағұрлым төмен өнім қалыптастырады.
Топырақтағы ылғалдың тым артық мөлшері, оның жетімсіздігі сияқты картоп өніміне теріс әсерін тигізеді: түйнектер сылбыр өседі, олардағы крахмал мөлшері азаяды, бактериялық және саңырауқұлақ ауруларымен залалдану артады.
Картоптың транспирация коэффициенті метеорология жағдайларына, сорттың ерекшеліктеріне және өсіру әдістеріне байлынысты картоптың транспирациялық коэффициенті 330-700 өлшем бірлігінде өзгереді. Орта есеппен 1 кг картоп түйнегін алу үшін 150 л су қажет. Алайда бұл көрсеткіш топырақ құнарлығы мен механикалық кұрамына байланысты өзгереді: құнарлы саздақ топырақ 85-100 л, құнарсыз, құмдак топырақта 160-200 л дейін көтеріледі. Қазақстан жағдайында аудандастырылған картоп сорттарының, көпшілігінде интенсивті өсу мен түйнек түзу шілденің аяғы, тамыздың бас кезінде болады, бұл жазғы ылғалдың мол түсетін кезіне сәйкес келеді де, өнімнің қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Алайда, осы кезеңде қолайсыз ауа-райы қалыптасса (куаңшылық, жоғары температура), өсімдіктер қысылып өседі, әрі жекелеген жағдайларда вирусты аурулар да етек алып кетеді. Климаттың мұндай теріс құбылыстары аймақтың оңтүстік бөлігінде, суарылмайтын жерлерде өсірілетін картопқа қатты әсер етеді.
Картоп-жарық сүйгіш өсімдік. Жарық жетімсіз болғанда сабақ созылып кетеді, жапырақтар сарғаяды, бүршіктену мен гүлдену әлсізденеді, өнім қатты төмендейді. Сондықтан алқапқа өсімдікті дұрыс орналастыру арқылы бұтаның жан-жақты жарықталуын қамтамсыз ету қажет, ал бұл фотосинтездің қолайлы жағдайда өтуіне мүмкіндік береді. Оптималды отырғызу жиілігін таңдап алу сортқа, отырғызылатын материалдың көлеміне, ылғалмен қамтамсыз етілуі мен топырақ құнарлығына байланысты. Нақты жағдайда бір гектарда 40-50 мың м2 жапырақ беті ауданын түзетін картоп жиілігі ең колайлы деп есептеледі. Картоптың көптеген сорттары сабақ-жапырақтарының дамуы мен гүлдеуіне қарай ұзақ күнді өсімдіктер қатарына жатады.
Биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес картоп топырақтың борпылдағына, оның ауа, ылғал өткізгіштігіне жоғары талап кояды, органикалық және минералдық заттарға бай орташа саздақ қышқылдау реакциялы топырақта жақсы өнім береді. Картоптық тамыр жүйесі мен столондарының жақсы дамуына қолайлы ауа режимі тығыздығы 0,9-1,1 г/см3 қара және қоңыр топырақта жасалды [20]. Қатты тығыздалған, әсіресе сортандау - сазды топырақта өсімдік көгі кешігіп (5-7 күн) шығады, өсімдіктердің өсуі тежеледі, тамыр жүйесі нашар дамиды, топырақтың беткі қабатында шоғырланады да, тез өліп калады. Ауыр сазды топырақтардың тығыздығы 1,3-1,4 г/см3 жеткенде түйнектер киқы-жиқы пішінде түзіледі, азықтық және тұқымдық сапасын жоғалтады әрі нашар сақталады. Қазақстан жағдайында көптеген картоп сорттары түйнектерінің ең қарқынды өсуі тамыз айына сәйкес келеді де барлық түйнек өнімінің 60-80 пайыз, ал кейбір жылдары 93-95 пайызға дейін жетеді. Ортадан кештеу пісетін сорттарда тіпті қыркүйек айында да, егер ерте күзгі үсік өсіп-өнуді тоқтатып тастамаса, өнімге айтарлықтай салмақ қосылады . Қазақстанда асханалық картоптың 40-тан аса сорты аудандастырылған. Олардың кең таралған сорттарына Приекульский ранний, Кокчетавский ранний, Гатчинский, Лорх, Весна, Невский, Полет, Шортандинский жатса, жаңадан аудандастырылғандары - Ақкөл, Ақсор, Ақжар, Жанайсан, Нэрли, Тамаша, Тамыр, Теңіз, Тоқтар, Ұлан, Орбита және Гранола. Техникалық(зауыттық) картопқа- көбіне кеш пісетін, техникалық өңдеуге пайдалануға крахмалы көп сорттар жатады. Көп қолданылатындары - Лощицкий және Вера сорттары.