Жоспары: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім


Әр түрлі жастағы адамдардың зат энерия алмасулар



бет3/4
Дата20.05.2023
өлшемі120,04 Kb.
#95479
1   2   3   4
3. Әр түрлі жастағы адамдардың зат энерия алмасулар.
Энергия алмасу — бұл организмді тіршілік етуі үшін энергиямен қамтамасыз ететін бейспецификалық универсальды зат алмасудың бір түрі. Баланың зат алмасуы үлкен адамдармен салыстырғанда жедел жүреді. Негізгі зат алмасу күштірек болады, себебі негізгі зат алмасу немесе тыныштық зат алмасуы жаңа тканьдердің құралуы арқылы күшті болады. Баланың жасы кіші болған сайын бұл жаңа тканьдердің құрылуына, негізгі зат алмасуға жұмсалатын энергияның жүмсалуы да көп болады. Үлкендерге қарағанда балалардың организмі белок, май, көмірсуларды көп қажет етеді. Жаңа туған баланың зат алмасуына дененің 1 кг салмағына 40 калория, 1-3 жаста — 55 ккал/кг., 4-5 жаста — 42, 7-9 жаста — 33, 10 - 15 жаста — 34, ал үлкен адамдарда — 20 ккал/кг қажет болып келеді. Энергия жұмсалуы. 1 кг салмаққа жаңа туған балада —100 ккал., 1-3 жаста — 100 - 90 ккал., 4-5 жаста 80— 90, 7 - 9 жаста 80—70, 10-15 жаста — 70 - 50, үлкен адамдарда — 45 ккал болып келеді Негізгі зат алмасу — организмнің тыныштық кезіндегі қалыпты әрекеттерді қамтамасыз етуге жүмсалатын энергия көлемі. Үлкендермен салыстырғанда жаңа туған балада ол 2 есе жоғары. Ол бала дүниеге келгеннен кейінгі 2 - 3-ші тәуліктен бастап көбейе бастайды да, жоғары шегіне 1-ші жылдың аяғында жетеді. Осы қалыпта бала 2 жасқа толғанға дейін түрады, содан соң тағы да 1,5 есе көбейеді. Баланың энергия алмасу ерекшелігі — оның тез өсуі мен биосинтетикалық жүмысының жоғары деңгейі болуына және біраз реттеуші жүйелердің қызмет-терінің жетілмейтіндігіне байланысты болады. Өсіп келе жатқан организмнің қуатты өтуін фосфорланудың және тотығушы процестердің жоғарғы деңгейі қамтамасыз етеді. Баланың алғашқы 1 -ші жылында, оның үрыққа тән зат алмасуы көп өзгереді. Жаңа туған баланың организмінде жоғары деңгейде жүретін глико-литтік процесс (гипоксияға қарсы күшін қамтамасыз етуші) біртіндеп азаяды. 6 айға дейінгі баланың 1 кг салмағына жүмсайтын энергиясы үлкендерден 3 есе көп болады. Баланың денесінің сызықты мөлшерлерімен салмақ бірлі-гіне энергия жүмсау арасындағы болатын кері байланыс анықталған. Жасқа дейінгі баланың ең жоғары энергаясы 1 минутқа 1 кг салмаққа қажет ету мөлшері өттегіні сіңіруден және көмір қышқыл газын бөлуден 2 есе жоғары болады. Газ алмасу жылдамдығы өкпедегі оттегінің айналып жүруінің тездігіне байланысты және жүректің жиырылу ырғағының жиілеуі мен қан жүруінің күшеюіне және т.б. байланысты организм өсіп дамыған сайын, оттегінің тиім-ділігі мен үнемделуінің тәртібі қалыптасады. Зат алмасу негізінде энергияның бөлінуінің 3 негізгі сатысы бар. 1-сатыда ас қорыту жолында үлкен молекулалар кіші молекулаларға бөлінеді. Көмірсулардан 3 гексоза (қант, галактоза, фруктоза), белоктан 20 амин қыш-қылы, майдан — глицерин және май қышқылдары, сиректеу қанттар пайда болады. І-ші сатыдағы химиялық реакцияларда тамақтарды энергияның бөлініп шығуына дайындайды. 2-ші сатыда бұл заттар одан әрі ыдырайды. Бұнда 30 %-ға жуык энергия бөлінеді. Ол қоректі заттарда сақталады. 3-ші сатыда Кребстің үш карбонды қышқыл циклында 2-сатысының 3 соңғы қоректі заттардың су және көмір қышқылына дейін ыдырауы. Осы арқылы қорек-ті заттардан 60 - 70 пайыз энергия бөлінеді. Кребс циклы көмірсулардың, белок-тың және майдың ыдырауының жолының соңғысы болып есептелінеді. Бұл зат алмасудағы «түйісу» жері болып табылады. Бұл жерде әртүрлі құбылыстардың өзгерісі түйіседі және бір-бірімен жинақталу реакциялары жүруі мүмкін.Энергияның сақталуы қоректі заттардың арнайы химиялық қоспаға ыдырауы кезінде пайда болатын энергияға байланысты. Ол химиялық қоспаны макроэргтер деп атайды. Олар әртүрлі фосфорлы қосылыстарда болады. Негізгі зат алмасуының күшеюі қалқанша безінің қызметі арытқанда, қызба ауруларда, тыныс және жүрек жарамсыздығында, лейкозда, Кушинг ауруында кездеседі. Ал, төмендеуі — гипотериозда, анемияда, гипофиздің алдыңғы бөлігінің әрекеті төмендегенде, бүйрек безінің созылмалы жарамсыздығында, ашыққанда кездеседі. Негізгі зат алмасу. Балаларда 1,5 жаста негізгі зат алмасу арытады. https://emirsaba.org/jas-erekshelikter-fiziologiyasi-jne-mektep-gigienasi-negizderi.html [3,4]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет