III. Қорытынды Адамның энергия жоғалтуын анықтау үшін тура және тура емес калориметрлік әдіс және санау әдісі қолданылады. Ол бөлінген жылуды өлшуге негізделген. Осы мақсатта калориметрлік камера қолданылады, адамды сол камерада ұстайды. Камераға кіретін және шығатын трубалардағы су температурасы айырмашылығының көмегімен тексеріп жатқан адамнан бөлінген жылудың мөлшерін анықтайды. Ағзада жүретін қышқылдану процесі оттегін қолданып, көмірқышқыл газын бөліп шығаруға байланысты. Қолданған оттегін және бөлінген көмірқышқыл газының мөлшерін есептеу арқылы ағзаның шығарған энергиясын анықтайды. Ақуыздар, майлар, көмірсулар жылу бөлу қасиетімен ерекшеленеді, яғни қышқылдану процесі кезінде белгілі мөлшерде жылу бөліп шығарады. 1 г ақуыз, 1 г көмірсу толығымен қышқылданған кезде 16,7 кДж немесе 4 ккал энергия бөліп шығарады, ал 1 г май толығымен қышқылданған кезде — 9 ккал энергия бөлініп шығады. Тағамдық заттар қышқылданған кезде шығарылған жылуды – «калориялықкоэффициент» деп атайды. Калориялық коэффициенттің көмегімен және тағамдық заттардың мөлшерінің көмегімен адам тәулігіне қанша энергия мөлшерін қабылдағанын анықтауға болады. Санау әдісінен ең кең тараған әдіс – ол хромометраж әдісі, бұл кезде белгілі бір жұмысқа қанша уақыт кететін білу керек. Алынған хромометриялық көрсеткіштерді әр түрлі жұмыс кезінде энергия жоғалту сызбасының көмегімен, адамның тәуліктік энергия жоғалтуын анықтауға болады. Бұл кезде зат алмасуды санайтын сызба қолданылады. Бұл кестеде адамның жасы, жынысы, бойы, салмағы есепке алынады. Соңғы кезде кең қолданылып жүрген әдіс – ол алиментарлы энергометриялық әдіс, нақты тамақтану деңгейін есепке алу негізінде санайды, адам салмағының динамикасы, метаболизм процесінің белгілі бір уақыт арасындағы жағдайын есепке алады. Бұл әдістің мағынасы мынада, егер адамның салмағы зерттеу кезінде тұрақты болса, онда ағзаның энергия жоғалтуы жеген тамағының калориясына сай. Бұл әдіс орындауға жеңіл және энергия жоғалту басқа тура емес калориметрлік әдістермен анықталған мөлшерге жақын болады. Шатерников – Молчанова әдістері, яғни газ алмасуды зерттеу – бұл әдіс ең көп тараған әдіс. Әдеби, баспа қызметкерлері, мәдени-ағарту саласының жұмысшылары, жоспарлау және есептеу бөлімінің қызметкерлері, іс қағаздарын жүргізушілер.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер 1)Мектепжасындары балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасының негіздері. Алматы, Хрипкова. 2) Адам физиологиясыокулык - Сатпаева Х. К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов. 3)Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі. Алматы-2009 жыл. 4) А.Г.Хрикова жас аралық физилогиясы М.1978 жыл