2. Белокмай және көмірсулардың қызметі, жас ерекшеліктеріне қарай алмасуы Белок - денеге қажет аса маңызды қоректік зат әрі клетка негізін құратын құрылыс материалы. Қоректік заттар түзілуі, ыдырауы ферменттердің қатысуымен өтеді. Ал ферменттер түгел-дей белоктардан тұрады. Қанда газдар (СЬ, С02) тасымалдайтын гемоглобин де белокқа жатады. Адамның жүріп-тұруы, бір жерден екінші жерге жылжуы ет құрамындағы белоктар миозин мен актин талшықтарына байланысты. Адам денесін індеттен қорғайтын, гуморальдық иммунитет құрылымдар негізін құратын антидерелер де белоктан тұрады. Қан ұюына қатысып денені қансыраудан сақтайтын плазмалық фибриноген де — белок. Дене қызметін қан арқылы реттейтін гормондардың көбі белок. Белок — қуат коры. 1 г. белок тотықса, денеде 4,1 ккал, яғни 17,17 килоджоуль жылу пайда болады. Демек, белоксыз тіршілік жоқ, яғни белок — тіршілік көзі деген ұғымның дұрыс екенін керсете-ді. Белок құрамында 20 амин қышқылы бар, олардың 12-сі адам (жануар) денесінде тузіледі, ал 8-і сырттан келіп түседі. Алғашқылары орны толар, соңғылары орны толмас амин қышқылдары. Лейцин, изолейцин, валин, метионин, гистидин, аргинин, трифтофан, лизин, треонин, фенилаланин адам (жануар) денесінде түзілмейді. Бұл орны толмас амин қышкылдары аста жеткіліксіз болса, жас организм өспей қалады, жүдейді, оның өмірі қысқарады. Осы қышқылдардан туратын белоктар аса бағалы құнарлы, ал құрамында мұндай қышқылдары жоқ белоктар құнар-сыздау деп аталады: Адамның күнделікті тамағында белоктың жалпы мөлшері жеткілікті болуға тиіс, мұнымен бірге сондағы құнарлы белок мөлшері 30%-тен кем болмағаны жөн. Ет, сүт, жұмыртқа, балық уылдырығы құрамындағы белок құнарлы бола-ды. Аспен бірге асқазанға келіп түскен белоктар ас қорыту жо-лында протеаза ферменттерінің әсерімен амин қышқылдары мен пептидтер сатысына дейін ыдырайды. Амин қышқылдары, ащы ішектен қанға сіңіп қақпа венасы арқылы бауырға жетеді. Бау-ыр клеткаларында амин қышқылдарынан, қан белоктары (глобу-лин, альбумин, фибриноген) және өз клеткаларына қажет белоктар түзіледі. Мұнымен катар аздап белок қоры сақталуы мүмкін. Амин қышқылдарының артығы бауырдан қанға өтеді. Әр клетка қаннан езіне керекті амин қышқылдарын таңдап алады да, олардың өзіне ғана тән арнайы белоктар түзеді. Әрбір ағзаның қаннан өзіне қажет амин қышқылын іріктеп алатынын тәжірибе жүзінде дәлелдеуге болады. Белгілі бір ағзаға келіп түскен артериялық қанды сол ағзадан шыққан вена қанымен салыстырса, кай амин қышқылдың венада азайғанын байқауға болады. Бұл жерде еске салатын бір мәселе сол ағзада түзілген белоктар жан-жануардың әр түрінде әртүрлі, олардың арнайы қасиеттері де әр жануарда әркелкі, мұнымен бірге тек осы ағзаға ғана тән арнайы қасиеттер де болады. Белгілі бір жануар ағзасына ғана тән белок басқа жануарда ішектен тыс (парэнтеральдық) жолмен тікелей қанға не тері астына, ет ішіне енгізілсе, сол белокқа дененің сезімталдығы артады, ал келесі жолы сол белок қайталап енгізілсе, оған қарсы бағытталған антидене пайда болғаны байқалады. Демек, белоктардың ағзалық және жануардың түріне тән (түрлік) қасиеттері болады. Клеткаларда белоктар түзілуімен қатар тотығу процесі жүріп жатады.
Организмдегі тотыққандағы қоректік заттардың
калориялық коэффициенті
Майлар – тірі жасушалардың негізгі компонентерінің бірі. Олар қуат тепе-теңдігін сақтау сияқты, дәрумендер мен минералдардың кейбір топтарын сіңіру үшін де ағзаға соншалықты қажет. Майлар тіндерді құрушы, қоректік заттарды тасымалдаушы және қуат қоры болып табылады. Майлар да екі үлкен топқа бөлінеді. Жануарлар майы – жануар өнімдерінен алынатын зат. Олардың құрамында холестериннің пайызы жоғары болады, әрі баяу сіңеді. Өсімдіктер майы – тек өсімдіктерден келетін зат. Оның көптеген түрлері бар: дәнді дақылдар мен тұқымдар, авокадо және зәйтүн майлары. Мұндай майлар жануарлар майына қарағанда оңай сіңеді, бірақ оларды толығымен алмастыра алмайды. Май мен көмірсуының алмасуы, жас ерекшеліктері. Май мен көмірсудың құрамдары белоктан гөрі қарапайым, Бұлар химиялық үш заттан түзіледі: көмірсутегі, оттегі және сутегі. Бұл екеуінің құрылыс ының бірдей болуы организмге бірі жеткіліксіз болғанда оның орынына екіншісін пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет болғанда майдан көмірсу, ал көмірсуден май оңай түзіледі. Орта есеппен алғанда денедегі майдың мөлшері 10-20 %, ал көмірсудың мөлшері 1% шамасында. Майдың көбі май ұлпасындағы организмнің қуат қоры. Аздаған мөлшері жаңа клетканың мембранасының құрылысына және соларды ауыстыруға пайдаланылады. Дененің кейбір клеткалары өз құрамында майды өте көп мөлшерде жинайды да, организмнің жылу және механикалық изоляторы ретінде пайдаланылады, яғни ол қорғану қызметін атқарады. https://emirsaba.org/adam-fiziologiyasi.html [1,2]