2.Жүрек-тамыр, тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің қызметін арттыру;
3.Буындардың қимыл-қозғалысын арттырып, контрактурадан (қатып қалу) алдын алу. Зақымданған жердің бұлшықетін жетілдіру;
4. Зат алмасуын арттырып, жара болған, ойылған жерлерді тез жетілдіру;
5.Компенсациялық әрекетті (орнына қолдану) кеңінен пайдалану;
6. Науқастың өзіне сенімділігін арттырып, жүруге ынталандыру және өз бетінше қимыл-қозғалыс жасауға дағдыландыру.
Осы мақсаттың бәрін іске асыру үшін, емдік гимнастиканы ертеңгі гигиеналық гимнастика ретінде, өз бетінше орындалатын сабақ түрінде, мөлшермен жүру, жүзу, механотерапия, еңбекке баулу және массаж түрінде қолдануға болады. Сонымен қатар паралич болған аяқ-қолды күні бойы әр түрлі бағытта жатқызып қояды (астына жастық салып көтеріп, оңға-солға бұрып, төмен түсіріп т. б.). Сонда буынның құрысып қалуынан сақтайды. Кейде арнайы қалыпқа, тақтаға, тор сымға қолды не аяқты салып таңып қояды. Ол өз салмағымен бос бұлшық еттердің одан әрі созылып кетуіне жол бермейді. Осындай қалыпқа салу күніне бірнеше рет қайталанып, 20—25 минуттан — 3—4 сағатқа дейін созылады.

ШЖЖ-нің аурулары
Шеткері жүйке жүйесі ауруларына невриттер жатады.
Неврит — жүйке талшықтарының немесе сабағының қабынуы, ал невралгия — жүйке талшықтары бойымен сырқырап ауыруы. Мұндай науқастар кенет жарақаттанғанда, суық тиіп нерв талшықтары қабынғанда, уланғанда кездеседі.
Жарақаттанған кезде жүйке талшықтары қатты тербеліске түсіп шайқалуы, созылуы, кейде тіпті үзіліп кетуі де ықтимал. Тербеліске түскен кезде жүйке талшықтарының өткізгіштік қасиеті жойылып кетуі мүмкін, сонда қимыл-қозғалыс және сезімталдық адам бойында байқалмай қалады. Созылғанда, жаншылғанда жүйке талшықтары бүлініп, белгілі бір бөлікте бұлшықеттердің солуына, сал болып қалуына ықпал жасайды.
Жүйке талшықтарының жарақаттанған бөлігіне байланысты әр түрлі аталады. Мысалы, жүйке түбінің қабынуы — радикулит, жүйке өрімдерінің қабынуы — плексит, бір жүйке талшығының қабынуы — мононеврит, ал бірнеше жүйке талшықтары қабынса — поленеврит деп аталады.