Төсекте жатқан кезде емдік гимнастика белге, бөксеге, балтырға массаж жасауды үйлестіре өткізіледі. Шалқадан жатып тізе, мықын буындарын бүгіп-жазып, мықынды көтеру сияқты жаттығулар орындалады. Егер ауру аяқты көтеру қиынға соқса, онда сау аяқты ауру аяқтың астынан тіреп, мүмкіндігінше жоғары көтереді. Алғашқы кезде жаттығулардың ұзақтығы 10—12 минут, кейін біртіндеп 20—25 минутқа созылады. Палаталық режимге көшкен кезде мынадай жаттығулар жасалады: науқас етпеттеп жатып, еңбектеп тұрады. Содан соң түрегеліп тұрып алға-артқа, екі жаққа кезек иіліп, денені остің бойымен айналдыра бұрайды, денені тік ұстап жүреді.Қимыл-қозғалыс жәй ырғақпен, баяу түрде өтеді.

Ауру адам еркін жүре бастағанда аяқ-қол қимылдары толық қосылып, орташа жылдамдықпен атқарылады. Мұнда доп, шығырық, шеңбер, жеңіл гантель сияқты заттарды пайдаланады. Емдік гимнастика гигиеналы, арнайы емдеу, өзінше сабақ, дозалы жүру, еңбек терапиясы және массаж осы сияқты формалармен толықтырылады.
Шонданай невриті— өзінше жеке кездесетін мононеврит болып табылады. Ол мықыннан бастап өкшеге дейін қақсатады. Әсіресе, еңкейгенде, аяқты көтергенде ауру күшейеді. Осының салдарынан адам жүруден қалады. Кейде аяқтың бұлшықеттері тез арада семіп кетеді. Оны уақытында емдемей асқындырып алса, аяқтың басы жансыздануы мүмкін. Бұл адамның жүруін одан әрі қиындатады.
Шонданай невриті — өзінше жеке кездесетін мононеврит болып табылады. Ол мықыннан бастап өкшеге дейін қақсатады. Әсіресе, еңкейгенде, аяқты көтергенде ауру күшейеді. Осының салдарынан адам жүруден қалады. Кейде аяқтың бұлшықеттері тез арада семіп кетеді. Оны уақытында емдемей асқындырып алса, аяқтың басы жансыздануы мүмкін. Бұл адамның жүруін одан әрі қиындатады.
Сондықтан емдеу гимнастикасы ең алдымен аяқ басына баса назар аударылады. Егер өздігінен қозғалмаса, аяқтың басы салақтап қалмас үшін тақтайға, темір тордан жасалған арнайы қалыпқа салып таңып тастайды. Аяқ басы мен жіліншік арасы тік бұрыш құрау керек. Осылай алдын-ала дайындалған аяқты, жан-жағына қи-мылдатып, еденге басып, түрегеліп жүруге болады.