Печенье немесе құнарлылығы аз бисквит, итмұрын қайнатпасы.
Түскі ас:
Картоп сорпасы, қайнатылған ет немесе тефтельдер үрме бұршақ езбесі, компот.
Түстен кейінгі ас:
Итмұрын қайнатпасы немесе шырын.
Кешкі ас:
Сотейник немесе пудинг, қаймақтағы балық, қайнатылған картоп фольғаға қыздырылған,шай.
Түнге қарай:
Айран немесе сүт.
Қорытынды
Жүйке жүйесіндегі белгілі бір ақауға неғұрлым ертерек назар аударса, оны солғұрлым тез және оңай жазуға болады. Ауруды емдегеннен гөрі оның алдын алған жеңілірек.Орындалатын жаттығулар, емдеу әдістері ауру психоневролог дәрігеріне көрінген соң, сол маманның нұсқауымен ғана қолданылады.
Өзін сергек сезініп, сан алуан өзін мезі еткен жағдайлар азайғанда, спорттың барлық түрімен айналысуға болады. Қыстыгүні шаңғы тебу, конькимен сырғанау, шана тебу, жаяу серуендеу, ал жаздыкүні суда жүзу адамның жүйке жүйесін қалыпқа келтіріп, бойындағы аурудан құтылуға үлкен ықпал жасайды.